Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1383 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі туралы ережеде:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі – агроөнеркәсіптік кешен саласында (балық аулауды қоспағанда) басшылық жасауды, сондай-ақ заңнамада көзделген шектерде өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет саласында (бұдан әрі – реттелетін сала) мемлекеттік органдарды салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.»;
16-тармақта:
орталық аппаратта:
мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын:
«2-1) мынадай салаларда жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады:
тұқым шаруашылығы;
асыл тұқымды мал шаруашылығы;
өсімдіктер карантині;
астық нарығы;
өсімдіктерді қорғау;
ветеринария;
мақта саласын дамыту;
агроөнеркәсіптік кешенді дамыту;»;
3) тармақша алынып тасталсын;
18), 21) және 24) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«18) экспорттаушы елдердің құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге (материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тану тәртібі туралы ережені әзірлейді және бекітеді;»;
«21) жеке және заңды тұлғалардың бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды пайдалану тәртібін әзірлейді;»;
«24) асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды субсидиялау тәртібін әзірлейді;»;
мынадай мазмұндағы 24-1) тармақшамен толықтырылсын:
«24-1) оларға қатысты өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндік объектілер тізбесін анықтайды;»;
25) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 29-1) тармақшамен толықтырылсын:
«29-1) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін әдістерді, әдістемелерді және ұсынымдарды бекітеді;»;
33) тармақша алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 49-1) және 49-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«49-1) астықтың сатып алынатын бағасын белгілеу жөніндегі ұсыныстар енгізеді;
49-2) ішкі нарықты реттеу мақсатында мемлекеттік астық ресурстарын пайдалану туралы шешімдер қабылдайды;»;
56), 60) және 63) тармақшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 63-1) тармақшамен толықтырылсын:
«63-1) өсімдіктерді қорғау саласында халықаралық ұйымдармен және мемлекеттік органдармен ынтымақтастықты жүзеге асырады және халықаралық бағдарламаларды іске асыруға қатысады;»;
67) тармақша алынып тасталсын;
72) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«72) фитосанитариялық іс-шараларды жүзеге асыру тәртібін, тәсілдерін регламенттейтін, зерттеулер нәтижесінде әзірленген әдістерді, әдістемелерді, ұсынымдарды бекітеді, өсімдіктерді қорғау саласында қолданбалы ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды, сондай-ақ өсімдіктерді қорғау жөніндегі мамандарды қайта даярлау және олардың біліктілігін көтеру бойынша оқыту бағдарламаларын (оқу бағдарламаларын) келіседі;»;
74) және 77) тармақшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 79-1) тармақшамен толықтырылсын:
«79-1) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен ветеринария саласындағы халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасын білдіреді, сондай-ақ олармен ынтымақтастықты ұйымдастырады;»;
88) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«88) орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілердің және биологиялық материалдың сынамаларын іріктеу қағидаларын бекітеді;»;
109) және 118) тармақшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 130-1) және 130-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«130-1) жергілікті атқарушы органдардан ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тұқым шаруашылығы саласындағы қажетті ақпаратты сұратады;
130-3) республика бойынша тұқым теңгерімін жасайды;»;
138) және 139) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«138) тұқым шаруашылығы саласында аттестатталған әрбір субъекті үшін бірегей тұқымдар бойынша субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша айқындайды;
139) әрбір әкімшілік-аумақтық бірлік үшін элиталық тұқымдар бойынша субсидиялауға жататын тұқымдардың әрбір түрі бойынша жыл сайынғы квоталарды жергілікті атқарушы органдармен келісім бойынша айқындайды;»;
140) және 144) тармақшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 146-1), 146-2), 146-3), 146-4), 146-5), 146-6), 146-7), 146-8), 146-9) және 146-10) тармақшалармен толықтырылсын:
«146-1) стандарттау жөніндегі техникалық комитеттерді, сәйкестігін растау жөніндегі органдарды және сәйкестігін міндетті растауға жататын өнім жөніндегі зертханаларды құру бойынша ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады;
146-2) техникалық регламенттердің жобаларын әзірлеу, Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстар дайындау үшін сараптамалық кеңестер құрады;
146-3) стандарттар мен өзге де құжаттарды әзірлеу және оларды халықаралық нормалармен және талаптармен үндестіру жөніндегі жоспарларды дайындау мен іске асыруды жүзеге асырады;
146-4) техникалық регламенттердің және олармен өзара байланысты стандарттардың ғылыми-техникалық деңгейін талдауды жүзеге асырады;
146-5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен техникалық регламенттерді немесе техникалық регламенттерге өзгерістерді және (немесе) толықтыруларды әзірлеу, стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды өзекті ету және оларды біріздендіру туралы ұсыныстар дайындауды және уәкілетті органға енгізуді жүзеге асырады;
146-6) техникалық регламенттерді және ұлттық стандарттарды әзірлеу бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жүзеге асырады;
146-7) құзыретіне кіретін мәселелер бойынша техникалық регламенттердің, стандарттардың және өзге де құжаттардың қорларын жүргізуді жүзеге асырады;
146-8) үкіметтік емес стандарттарды әзірлеуге қатысуды жүзеге асырады;
146-9) үкіметтік емес стандарттар базасында ұлттық стандарттарды әзірлеуге бастамашылық етуді жүзеге асырады;
146-10) стандарттарды, нормативтерді, нұсқаулықтары, әдістемелер мен ұсынымдары әзірлеу арқылы агроөнеркәсіптік кешенді нормативтік-әдістемелік қамтамасыз етуді жүзеге асырады;»;
154), 155), 156) және 158) тармақшалар алынып тасталсын;
162) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«162) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту мониторингін жүргізеді;»;
163) және 165) тармақшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 166-1) және 166-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«166-1) суармалы жерлердің мелиоративтік жай-күйінің мониторингін және оны бағалауды мамандандырылған мемлекеттік мекемелердің жүргізуін ұйымдастырады;
166-2) ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау қағидаларын әзірлейді;»;
167) тармақша алынып тасталсын;
189) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«189) мақта саласындағы мемлекеттік инспектор туралы ережені әзірлейді және бекітеді;»;
205) тармақша алынып тасталсын;
208) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«208) тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін айқындау бойынша оларға ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізу тәртібін бекітеді;»;
мынадай мазмұндағы 214-1), 219-1), 227-1), 228-1) және 228-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«214-1) биоотын өндіру зауытын салуға техникалық-экономикалық негіздеменің салалық сараптамасын жүргізеді;»;
«219-1) биоотын өндіру паспортын әзірлеу және бекіту тәртібін белгілейді;»;
«227-1) Министрлік реттейтін салада акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының және даму жоспарларының орындалуын бақылауды және талдауды жүзеге асырады;»;
«228-1) облыстардың жергілікті атқарушы органдарымен бірге ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге жеткізу үшін қажет мұнай өнімдерінің көлемін айқындайды;
228-2) мұнай өнімдерін ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге жеткізу көлемдері туралы ұсыныстарды мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға енгізеді;»;
238) тармақша алынып тасталсын;
17-тармақта:
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мынадай салаларда мемлекеттік саясатты іске асырады:
агроөнеркәсіптік кешен;
асыл тұқымды мал шаруашылығы;
тұқым шаруашылығы;
өсімдік шаруашылығы;
мақта саласы;
бал ара шаруашылығы;
ветеринариялық-санитариялық бақылауға және қадағалауға жататын тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі;
биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу;»;
6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«6) ғылыми ұйымдармен бірлесе отырып, асыл тұқымдық орталықтардағы асыл тұқымды тұқымдық малдың тұқымдық, сапалық және сандық құрамын айқындайды;»;
мынадай мазмұндағы 8-1) тармақшамен толықтырылсын:
«8-1) экспортшы елдер құзыретті органдары импортталған асыл тұқымды өнімге материалға) берген асыл тұқымдық куәлікті немесе оған балама құжатты тануды жүзеге асырады;»;
12) және 14) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«12) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілердегі, бюджеттен субсидия алған жеке және заңды тұлғалардағы селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың жай-күйіне, оны есепке алуға және оның есептілігіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
«14) бюджет қаражаты есебінен сатып алынған асыл тұқымды малды жеке және заңды тұлғалардың пайдалануы тәртібіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;»;
18), 19), 42), 43), 48) және 69) тармақшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 73-1) тармақшамен толықтырылсын:
«73-1) пестицидтер (улы химикаттар) тізімін әзірлейді, бекітеді және жүргізеді;»;
90), 91), 93), 96), 99), 100), 101), 102), 103), 104), 105), 106) 107), 108), 109), 110), 111), 112), 113), 118), 119), 120), 121), 122), 123), 124), 125), 127), 128), 130), 131), 132), 139), 140), 141), 142), 143) және 144) тармақшалар алынып тасталсын;
145) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«145) мақта өңдеу ұйымдарының мақта қолхаттарын беру, олардың айналымы, жою және өтеу қағидаларын сақтауына бақылауды жүзеге асырады;»;
146), 147), 148), 152), 157), 159) және 160) тармақшалар алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 160-1), 160-2) тармақшалармен толықтырылсын:
«160-1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік аумақта/аумақтан тыс және ішкі тұтыну үшін тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы құжатты береді;
160-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тауарларды қайта өңдеу шарттары туралы қорытынды береді;»;
161) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«161) ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру жөніндегі ұсынымдар мен әдістемелік нұсқауларды бекітеді;»;
164) және 173) тармақшалар алынып тасталсын;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
1-бөлімнің реттік нөмірі 1 «Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген жолы алынып тасталсын;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесінде:
81 және 295-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«81. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің Семей қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.»;
«295. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Семей қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі.».
2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2016 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
4. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
5. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
6. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
7. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1383 қаулысына
1-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2016 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1383 қаулысына
2-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2016 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1383 қаулысына
3-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2016 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1383 қаулысына
4-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.01.2016 № 43 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1383 қаулысына
5-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1383 қаулысына
6-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1383 қаулысына
7-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1383 қаулысына
8-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1383 қаулысына
9-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1383 қаулысына
10-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1383 қаулысына
11-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1383 қаулысына
12-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 20 желтоқсандағы
№ 1383 қаулысына
13-қосымша
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 31.10.2015 № 870 (алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзіледі) қаулысымен.