Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университетінде әскери кафедра құру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2012 жылғы 25 мамырдағы № 686 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7 қаңтардағы Заңының 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ҮкіметіҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Абай Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті» білім беру мекемесінде оқу орнының қаражаты және штат саны шегінде әскери кафедра құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігімен бірлесіп, осы қаулыны іске асыру жөнінде заңнамада көзделген шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады