"Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 мамырдағы № 713 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ

«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы
туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы

      1-бап.«Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы» 2000 жылғы 7 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2000 ж., № 21, 382-құжат; 2003 ж., № 15, 139-құжат; 2005 ж., № 78,22-құжат; 2007 ж., № 14, 102-құжат; 2011 ж., № 4,37-құжат; № 16,128-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) 2-баптың 1), 2) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
       «1) алдын ала тұрғын үй заемы - шарттық соманы алғанға дейін негізгі борышы өтеу талаптарынсыз, тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында шарттық соманың шегінде салымшыға тұрғын үй құрылысы жинақ банкі беретін нысаналы заем, ол бойынша қалдық осы Заңға, банктің Ішкі кредиттік саясатына және банктік заемның шартының талаптарына сәйкес шарттық соманың есебінен өтеледі;
      2) аралық тұрғын үй заемы - жинақталған ақшаның ең төменгі қажетті мөлшері жинақталған жағдайда, тұрғын үй жағдайын жақсарту мақсатында тұрғын үй құрылысы жинақ банкі салымшыға беретін нысаналы заем, ол бойынша қалдық осы Заңға, банктің Ішкі кредиттік саясатына және банктік заемның шартының талаптарына сәйкес тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шарт бойынша шарттық соманың есебінен өтеледі.»;
      2) 3-баптың 9-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «9- Салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты мерзімінен бұрын бұзуға және салымды, оған тұрғын үй құрылысы жинақ банкі есептеген сыйақыны алуға құқылы. Бұл ретте салымшы тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартта белгіленген талаптарға сәйкес салымды үш жылдан астам жинаған кезде мемлекеттің сыйлықақысын алуға құқылы.»;
      3) 5-бапта:
      2-тармақтың бірінші бөлігінде:
      2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) аударым операциялары - жеке және заңды тұлғалардың төлемдер мен ақша аударымдары жөніндегі тапсырмаларын орындау.»;
      мынадай мазмұндағы 7) тармақшамен толықтырылсын:
      «7) заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашу және жүргізу.»;
      мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі банктік заңнамада көзделген, екінші деңгейдегі банктер үшін лицензияның болуын талап етпейтін қызметтің түрлерімен айналысуға құқылы.»;
      4) 7-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Салымшылар алдында оларға шарттық соманы немесе жинақталған ақша сомасын беру жөніндегі міндеттемелерді орындауды қамтамасыз ету мақсатында тұрғын үй құрылысы жинақ банкі қаржы нарығында заем қаражаттарын тартуға құқылы.
      Жеке қаражаттарын және өзге тартылған қаражаттарды тұрғын үй құрылысы жинақ банктері осы Заңда көзделген қызметтерді жүзеге асыру үшін пайдаланады.
      Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы алдын ала тұрғын үй қарыздарын беру үшін пайдаланылуы мүмкін емес.»;
      5) 8-бапта:
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Жинақтау мерзімі өткенде және салымшы жинақталған ақшаның ең төменгі қажетті сомасын жинақтамаған жағдайда ол салымды, оған есептелген тұрғын үй құрылысы жинақ банкінің сыйақысын, сондай-ақ салымды үш жылдан астам жинақтаған кезде мемлекеттің сыйлықақысын алуға не мемлекеттің сыйлықақысы есептеле отырып, тұрғын үй құрылысы жинақ банкінде жинақтауды жалғастыруға құқылы.
      Мемлекеттің сыйлықақысы тұрғын үй заемын алуға өтініш берілген кезге дейін есептеледі.»;
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Алдын ала және аралық тұрғын үй заемдарын беру мақсатында жеңілдікті сыйақы ставкасы бойынша ұзақ мерзімді бюджеттік кредиттер пайдаланылуы мүмкін.
      Ұзақ мерзімді бюджеттік кредиттер есебінен алдын ала немесе аралық тұрғын үй заемы бойынша сыйақы ставкалары бюджеттік кредит беру туралы келісімге сәйкес белгіленеді.»;
      6) 10-баптың 6-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасына салымдар бойынша мемлекеттің сыйлықақысын есептеу және төлеудің тәртібі мен шарттарын бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындайды.»;
      7) 11-баптың 1-тармағының 2) және 4) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) салымшы тұрғын үй заемын нысаналы түрде пайдаланбағанда не пайдаланбаған және ақшаны үш жылдан кем уақыт жинақтау кезінде заем берілген күннен бастап күнтізбелік он терт құн ішінде заемды қайтарғаңда;»;
      «4) тұрғын үй құрылыс жинақ банкінде салымдарды жинақтау мерзімі үш жылдан кем болған кезде тараптар тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты мерзімінен бұрын бұзғанда;»;
      8) 12-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасының салымшысы тұрғын үй заемын алудан бас тартқан жағдайда, ол осы Заңның 8-бабы 2-тармағының талаптарын орындаған-орындамағанына және тұрғын үй құрылысы жинақ ақшасы туралы шартты мерзімнен бұрын бұзғанына қарамастан, үш жыл ақша жинақтаудан кейін сыйлықақы алуға құқылы.
      Қарыз алушы заем берілген күнінен бастап күнтізбелік он төрт күн ішінде заемды қайтарған жағдайда, үш жыл ақша жинақтағаннан кейін ол сыйлықақы алуға құқылы болады.».
      2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Осы Заңның 1-бабының бесінші, алтыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма тоғызыншы, отызыншы, отыз бірінші, отыз екінші, отыз үшінші абзацтарының күші бұрын жасалған қолданыстағы шарттардан туындайтын қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады