Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) «Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алудың, сақтаудың, бағалаудың және одан әрі пайдаланудың кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2002 ж., № 25, 260-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Жекелеген негіздер бойынша мемлекет меншігіне айналдырылған (айналдырылуы тиіс) мүлікті есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрі пайдалану ережесінде:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Осы Ереженің әрекеті сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған иесіз қауіпті қалдықтарға қолданылмайды.»;
3-тармақ алынып тасталсын;
2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.10.2015 № 808 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 01.10.2015 № 808 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 31 мамырдағы
№ 715 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2007 жылғы 8 қазандағы
№ 919 қаулысымен
бекітілген
Сот шешімімен республикалық меншікке түсті деп танылған
иесіз қауіпті қалдықтарды басқару ережесі
Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 01.10.2015 № 808 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.