«Индустриялық-инновациялық қызмет субьектілеріне берілетін қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну шарттары мен тетіктерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 маусымдағы № 744 қаулысына
БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ
«Индустриялық-инновациялық қызмет субьектілеріне берілетін қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсыну шарттары мен тетіктерін айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 маусымдағы № 744 қаулысы «Индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 15-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді.
Қарыздар бойынша кепілдік міндеттемелерді және кепілдемелерді ұсынуды индустриялық-инновациялық жобаларды іске асыру үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне берілетін екінші деңгейдегі банктердің қарыздары бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын қаржы агенті жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасы
Индустрия және жаңа
технологиялар министрлігі