"Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 маусымдағы № 763 Қаулысы

«Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 763 қаулысына пресс-релиз

      «Қазақстан Республикасында инвестицияларды тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және экспортты ынталандыру жөніндегі 2010 – 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1145 қаулысына толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 763 қаулыны ҚР ИЖТМ Елбасының 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларды орындау жөніндегі Іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2012 жылғы 1 ақпандағы № 22-ө өкімінің 10-тармағына сәйкес әзірледі.
      Қазақстанның инвестициялық саясатын Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының стандарттарына сәйкес үйлестіру арқылы шетелдік инвестицияларды тарту үшін қолайлы жағдайларды жасау Қаулыны қабылдаудың мақсаты болып табылады.
      Атап айтқанда, қаулы инвестициялық заңнамаға терең сараптама жүргізуге, оны жетекші елдердің үздік тәжірибелерімен салыстыруға және Қазақстан Республикасының Үкіметіне инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша ұсыныстар енгізуге мүмкіндік береді.

      Қазақстан Республикасы
      Экономикалық даму және сауда
      министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз