Қарашығанақ жобасы бойынша реттеудің кейбір мәселелері және "Қарашығанақ жобасының кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 834 Қаулысы

«Қарашығанақ жобасы бойынша кейбір реттеу мәселелері және
Қарашығанақ жобасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан
Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1525
қаулысына өзгертулер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 834 қаулысына арналған
баспасөз парақшасы

      «Карашығанақ жобасы бойынша кейбір реттеу мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 маусымдағы № 834 каулысымен «Қарашығанақ жобасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 желтоқсандағы № 1525 қаулысына өзгертулер енгізілді.
      Қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметі, Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі және Қарашығанақ жобасының мердігерлік компаниялары арасындағы 2011 жылғы 14 желтоқсандағы Реттеу туралы келісімді іске асыру шеңберінде әзірленген болатын.
      Аталған қаулы Реттеу туралы келісімді іске асыру мақсатында Мұнай және газ министріне, Қаржы министріне және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің төрағасына Қазақстан Республикасы Үкіметі атынан шарттар мен өзге құжаттарға қол қоюға уәкімдік беруді көздейді.

      Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз