2012 жылғы 26 тамыздағы № 844 «Пайдаланудан шығарылған ғарыш
объектілері мен техникалық құралдарды кәдеге жарату қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына
баспасөз-релизі
Осы Пайдаланудан шығарылған ғарыш объектілері мен техникалық құралдарды кәдеге жарату қағидалар «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және Пайдаланудан шығарылған ғарыш объектілері мен техникалық құралдарды кәдеге жарату тәртібін белгілейді.
Қағидаларды қабылдаудың мақсаты Пайдаланудан шығарылған ғарыш объектілері мен техникалық құралдарды кәдеге жарату тәртібін нормативтік-құқықтық акті дәрежесінде регламенттеу болып табылады.
Жобаның қабылдауы теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеліп соқпайды.
Толық ақпарат ҚР ҰҒА-ның www.kazcosmos.gov.kz ресми сайтында орналасқан.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш агенттігі