Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 маусымдағы № 854 Қаулысы

      Тәжікстан Республикасында қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық ахуалға байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Тәжікстан Республикасына ресми ізгілік көмек көрсету үшін мемлекеттік материалдық резервтен 80000 (сексен мың) литр көлемінде өсімдік майы, 120 (бір жүз жиырма) тонна көлемінде бидай ұны броньнан шығарылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Тәжікстан Республикасына ізгілік жүгін баратын пунктіне тасымалдау және жеткізу үшін жылжымалы құрамды уақтылы беруді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар, Қаржы, Көлік және коммуникация министрліктері осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі ізгілік көмекті алушыны анықтасын және оны көрсету жөніндегі шараларды үйлестіруді қамтамасыз етсін.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады