Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. «Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет кепiлгерлiгiмен берiлетiн қарыздарды, мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiн тiркеу және есепке алу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 20 шiлдедегi № 739 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 44, 398-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттiк және мемлекет кепiлдiк берген қарыздарды, мемлекет кепiлгерлiгiмен берiлетiн қарыздарды, мемлекеттiк кепiлдiктер мен мемлекет кепiлгерлiктерiн тiркеу және есепке алу ережесiнде:
«2. Үкіметтік қарыздарды тіркеу мен есепке алу» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы 11-1-тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Мемлекеттік қарыздар туралы халықаралық шарттардың түпнұсқаларын сақтау тәртібі «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен регламенттеледі.»;
«3. Ұлттық Банктің қарыздарын тіркеу мен есепке алу» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
«16-1. Ұлттық Банк тартқан қарыз шарттарының түпнұсқаларын сақтау тәртібі Ұлттық Банктің ішкі нормативтік актілерімен регламенттеледі.»;
«4. Жергілікті атқарушы органдардың қарыздарын тіркеу мен есепке алу» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы 22-1 және 22-2-тармақтармен толықтырылсын:
«22-1. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз шарттарының түпнұсқалары қарыз шарттарының сақталуына жауапты құрылымдық бөлімшеде, арнайы бөлінген сейфте сақталады.
22-2. Жергілікті атқарушы органдардың қарыз шарттарының қолданылу мерзімі өткеннен кейін қарыз шарттары белгіленген тәртіппен мұрағатқа беріледі.»;
«6. Мемлекеттік кепілдіктерді тіркеу және есепке алу» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы 32-1 және 32-2-тармақтармен толықтырылсын:
«32-1. Мемлекеттiк кепiлдiктердің бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшелері басшыларының бұрыштамалары бар түпнұсқалары бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның олардың сақталуына жауапты құрылымдық бөлімшесінде арнайы бөлінген сейфте сақталады.
32-2. Мемлекеттiк кепiлдiктердің түпнұсқалары мемлекеттік емес қарыз алған түпкілікті қарыз алушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі алдындағы барлық міндеттемелерін толық орындағанға дейін сақталуға жатады.»;
«8. Мемлекет кепілгерліктерін тіркеу және есепке алу» деген бөлім:
мынадай мазмұндағы 41-1 және 41-2-тармақтармен толықтырылсын:
«41-1. Мемлекет кепiлгерлiктерiнің бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшелері басшыларының бұрыштамалары бар түпнұсқалары бюджеттің атқарылуы жөніндегі орталық уәкілетті органның олардың сақталуына жауапты құрылымдық бөлімшесінде арнайы бөлінген сейфте сақталады.
41-2. Мемлекет кепiлгерлiктерiнің түпнұсқалары мемлекеттік емес қарыз алған түпкілікті қарыз алушылар Қазақстан Республикасының Үкіметі алдындағы барлық міндеттемелерін толық орындағанға дейін сақталуға жатады.».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов