"Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттiк құрылыс инспекторларын аттестаттау ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 мамырдағы № 437 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасының Үкіметінің 2012 жылғы 29 маусымдағы № 883 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 шілдедегі № 542 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 542 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттiк құрылыс инспекторларын аттестаттау ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 22 мамырдағы № 437 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 18, 178-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидаларын бекіту туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Қоса беріліп отырған Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары бекітілсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Сәулет-құрылыс бақылауын жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау ережесінде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары»;
      1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы Сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік құрылыс инспекторларын аттестаттау қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шiлдедегi Заңына сәйкес әзiрлендi және сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттiк құрылыс инспекторларын (бұдан әрi – инспекторлар) аттестаттау өткiзу тәртiбiн белгiлейдi.
      2. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) мемлекеттік құрылыс инспекторлары, бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары, бас мемлекеттік құрылыс инспекторларының орынбасарлары және облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік құрылыс инспекторлары аттестаттауға жатады.»;
      3 және 4-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «3. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
      1) Қазақстан Республикасының бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары – объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын уәкілетті органның басшысы;
      2) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік құрылыс инспекторының орынбасарлары – объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының орынбасарлары;
      3) мемлекеттік құрылыс инспекторлары – лауазымдық міндеттеріне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін уәкілетті органның штаттағы қызметкерлері;
      4) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары – объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің басшылары;
      5) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторларының орынбасарлары – объектілер құрылысының барысына және сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері басшыларының орынбасарлары;
      6) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың мемлекеттік құрылыс инспекторлары – лауазымдық міндеттеріне құрылыстарды жедел инспекциялау кіретін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінің штаттағы қызметкерлері.
      4. Аттестаттау инспекторлардың кәсіптік даярлық деңгейі мен құзыреттілігін, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді білуін анықтау, олар жүзеге асыратын жұмыстардың сапасын жақсарту, құрылыс саласында болып жатқан өзгерістерді ескеріп, жаңа талаптарды зерттеу мақсатында жүргізіледі.»;
      7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «7. Аттестаттау өткiзу үшін уәкiлеттi орган басшысының бұйрығымен аттестаттау комиссиясы құрылады.
      Аттестаттау комиссиясы комиссия төрағасынан, мүшелерi мен хатшысынан тұрады.
      Комиссия мүшелерiнiң саны бес адамнан кем болмауға тиiс.
      Комиссияның хатшысы комиссия мүшесi болып табылмайды және оның дауыс беру құқығы жоқ.
      8. Уәкiлеттi органның басшысы белгiлеген уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесi аттестаттау комиссиясының жұмыс органы (бұдан әрi – жұмыс органы) болып табылады.»;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Аттестаттау комиссиясының құрамына уәкiлеттi орган басшысының орынбасарлары және уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшелерiнiң басшылары енгiзiледi.»;
      12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «12. Аттестаттау комиссиясының отырысы комиссия құрамының кемінде үштен екісін құрайтын кворум болған кезде заңды болады.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «14. Жұмыс органы осы Қағидалардың 5-тармағына сәйкес аттестатталуға тиiс инспекторларды айқындайды және аттестатталуға тиiс инспекторлардың тiзiмiн уәкiлеттi орган басшысына бекiтуге ұсынады.»;    
      16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «16. Уәкілетті ұйымның кадр қызметі және уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері аттестаттау өткізуге дейін екi апта қалғанда аттестатталуға тиiс инспекторлар үшiн мынадай құжаттарды дайындайды және жұмыс органына жiбередi:
      1) қызметтiк мiнездеме;
      2) кадрларды есепке алу жөнiндегi жеке парақ;
      3) өмiрбаян;
      4) бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi;
      5) ғылыми дәрежесiнiң, атағының болуы, бiлiктiлiгiн арттырғаны және т.б. туралы куәлiктердiң, сертификаттар мен куәлiктердiң (бар болса) көшiрмелерi.»;
      17-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Қызметтiк мiнездеме аттестатталатын адамның кәсiптік, жеке қасиеттерi мен қызметтiк iс-әрекетi нәтижелерiнiң бағасын қамтуға тиiс және оған:
      1) мемлекеттік құрылыс инспекторлары үшін уәкілетті органның тиісті құрылымдық бөлімшесінің басшысы;
      2) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторлары үшін уәкілетті орган басшысының орынбасары;
      3) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бас мемлекеттік құрылыс инспекторларының орынбасарлары үшін уәкілетті органның тиісті аумақтық бөлімшелерінің басшылары қол қояды.»;
      18-тармақ алынып тасталсын;
      4-тарау алынып тасталсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады