Әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ұзақтығы 40 тәулік жыл сайынғы негізгі демалыс беру құқығын беретін қызмет өткеру жерлерінің тізбесін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 шілдедегі № 942 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 30 сәуірдегі № 260 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 30.04.2016 № 260 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      РҚАО-ның ескертпесі.

      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 11 маусымдағы № 333 бұйрығын қараңыз.


      «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 16 ақпандағы Заңының 46-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ұзақтығы 40 тәулік жыл сайынғы демалыс беру құқығын беретін қызмет өткеру жерлерінің тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің       
2012 жылғы 17 шілдедегі
№ 942 қаулысымен   
бекітілген     

Әскери қызметшілерге еңбек сіңірген жылдарына қарамастан, ұзақтығы 40 тәулік жыл сайынғы демалыс беру құқығын беретін қызмет өткеру жерлерінің тізбесі*

      Ақмола облысында – Аршалы, Есіл, Жақсы, Жарқайың, Қорғалжын, Целиноград аудандарында, Степногорск қаласында, Ерейментау ауданының Сілеті ауылдық округінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің бөлімшелері үшін – Атбасар қаласында;
      Ақтөбе облысында – Байғанин, Мұғалжар аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары мен Шекара қызметінің құрамалары, бөлімдері, бөлімшелері үшін – Әйтеке би, Қарғалы, Мәртөк, Қобда, Хромтау, Шалқар аудандарында;
      Алматы облысында – Алакөл, Балқаш, Еңбекшіқазақ, Ескелді, Жамбыл, Іле, Қарасай, Кербұлақ, Көксу, Панфилов, Райымбек, Сарқанд, Талғар, Ұйғыр аудандарында, Текелі қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің бөлімшелері үшін – Алматы қаласы Медеу ауданының Алатау кентінде, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары мен Шекара қызметінің құрамалары, бөлімдері, бөлімшелері үшін – Ақсу ауданында;
      Атырау облысында – облыстың барлық аумағы;
      Шығыс Қазақстан облысында – Абай, Аягөз, Бесқарағай, Жарма, Зайсан, Қатон-Қарағай, Күршім, Тарбағатай, Үржар аудандарында, Семей, Курчатов қалаларында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің бөлімшелері үшін – Шемонаиха ауданында, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары мен Шекара қызметінің құрамалары, бөлімдері, бөлімшелері үшін – Бородулиха, Глубоковское, Зырян, Шемонаиха аудандарында, Риддер қаласында;
      Жамбыл облысында – Байзақ, Қордай, Мойынқұм, Талас, Шу аудандарында, Сарысу ауданының Жаңатас қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары мен Шекара қызметінің құрамалары, бөлімдері, бөлімшелері үшін – Жамбыл, Жуалы, Мерке, Тұрар Рысқұлов атындағы аудандарында;
      Батыс Қазақстан облысында – Бөкейорда, Жаңақала аудандарында, Теректі ауданының Тайпақ ауылдық округінде, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары мен Шекара қызметінің құрамалары, бөлімдері, бөлімшелері үшін – Бөрілі, Жәнібек, Зеленов, Казталов, Тасқала, Теректі, Шыңғырлау аудандарында;
      Қарағанды облысында – Абай, Ақтоғай, Жаңаарқа, Қарқаралы, Нұра, Ұлытау, Шет аудандарында, Балқаш, Жезқазған, Қаражал, Приозерск қалаларында;
      Қостанай облысында – Арқалық қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің бөлімшелері үшін – Әулиекөл, Жітіқара аудандарында, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары мен Шекара қызметінің құрамалары, бөлімдері, бөлімшелері үшін – Денисов, Қарабалық, Меңдіқара, Таранов, Ұзынкөл, Федоров аудандарында;
      Қызылорда облысында – облыстың барлық аумағы;
      Маңғыстау облысында – облыстың барлық аумағы;
      Павлодар облысында – Аққу, Май аудандарында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары мен Шекара қызметінің құрамалары, бөлімдері, бөлімшелері үшін – Железинка, Ертіс, Қашыр, Успенка, Шарбақты аудандарында;
      Солтүстік Қазақстан облысында – Айыртау ауданында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің бөлімшелері үшін – Есіл ауданында, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары мен Шекара қызметінің құрамалары, бөлімдері, бөлімшелері үшін – Ақжар, Жамбыл, Қызылжар, Мағжан Жұмабаев атындағы, Мамлют, Уәлиханов аудандарында;
      Оңтүстік Қазақстан облысында – Сарыағаш, Созақ аудандарында, Түркістан қаласында, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери қарсы барлау, әскери полиция органдары мен Шекара қызметінің құрамалары, бөлімдері, бөлімшелері үшін – Қазығұрт, Мақтаарал, Отырар, Төле би, Шардара аудандарында.

      * Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдарында қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін жыл сайынғы демалыстың ұзақтығы «Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңында көзделген ерекшеліктер ескеріле отырып есептеледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады