Орман ресурстары сауықтыру, рекреакциялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салуға пайдалануға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 953 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 26 қаңтардағы № 18-02/39 бұйрығын қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-15) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салуға пайдалануға рұқсат беру қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов.

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 20 шілдедегі
№ 953 қаулысымен   
бекітілген       

Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салуға пайдалануға рұқсат беру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салуға пайдалануға рұқсат беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексіне сәйкес әзірленді және орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және осы учаскелерді осындай объектілер салуға пайдалануға рұқсат беру тәртібін айқындайды.
      2. Осы Қағидалардың әрекеті заңды тұлға құқығы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды қоспағанда, мемлекеттік орман қорының аумағына қолданылады.
      3. Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығының мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қоры жерлерінде құрылыс объектілерін салуға мемлекеттік орман қоры учаскелері (бұдан әрі – құрылыс объектілерін салуға учаскелер) мемлекеттік орман иеленуші мен орман пайдаланушы арасында жасалатын мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты қолданылатын мерзімге беріледі.

2. Мемлекеттік орман қоры жерлерінде орман пайдаланушыларға құрылыс объектілерін салуға учаскелер беру және оларды пайдалануға рұқсат беру тәртібі

      4. Мемлекеттік орман қоры жерлерінде құрылыс объектілерін салуға учаске беруді және оларды пайдалануға рұқсат беруді орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) жүзеге асырады.
      5. Құрылыс объектілерін салуға учаске және оларды пайдалануға рұқсат алу үшін орман пайдаланушы ведомствоға тиісті жергілікті атқарушы органның сәулет және қала құрылысы саласындағы функцияны жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесімен келісілген құрылыс объектісінің эскизін (эскиздік жобаны) мына құжаттармен қоса береді:
      1) құрылыс объектісінің эскизін (эскиздік жобаны) келісу және учаскені құрылыс объектісін салу үшін пайдалануға рұқсат беру туралы еркін нысандағы түрде жазбаша өтініш;
      2) мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ұзақ мерзімді орман пайдалану шартының нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе салыстыру үшін түпнұсқасымен бірге оның көшірмесі;
      3) эскизіге (эскиздік жобаға) мемлекеттік экологиялық және  санитариялық-эпидемиологиялық сараптамалардың оң қорытындылары;
      4) мемлекеттік орман иеленушінің жазбаша келісімі.
      6. Осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттар қоса берілген өтінішті ведомство ол тіркелген күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды. Эскизге (эскиздік жобаға) ескертулер болмаған жағдайда ведомство келісіп, мөрмен куәландырады.
      Ескертулер болған жағдайда құжаттар көрсетілген ескертулерді жою үшін бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімге орман пайдаланушыға қайтарылады, осыдан кейін құжаттар ведомствоға қайта беріледі.
      Орман пайдаланушы осы Қағидалардың 5-тармағында көзделген құжаттардың толық пакетін бермеген жағдайда ведомство өтініш тіркелген күнінен бастап екі жұмыс күні ішінде құжаттарды бас тарту себептерін жазбаша көрсетіп, өтініш берушіге қайтарады.
      7. Ведомство келісілген эскизбен (эскиздік жобамен) бір мезгілде орман пайдаланушыға учаскеге құрылыс салуға жазбаша рұқсат береді, ол белгіленген объектіні жобалауға орман пайдаланушының тапсырмасын жасауға негіз болып табылады.
      8. Жүмыстары басталғанға дейін орман пайдаланушы құрылысты бастайтыны туралы мемлекеттік орман иленушіні және ведомствоның аумақтық органдарын хабардар етеді.
      9. Орман ресурстары сауықтыру, рекреациялық, тарихи-мәдени, туристік және спорттық мақсаттар; аңшылық шаруашылығы мұқтаждары; жанама орман пайдалану үшін ұзақ мерзімді орман пайдалануға берілген мемлекеттік орман қорының жерлерінде объектілер салу Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 102-2-бабына және «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады