2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 шілдедегі № 954 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Нематұлы Келімбетовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан 2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасының
Үкіметінің       
2012 жылғы 20 шілдедегі 
№ 954 қаулысымен   
мақұлданған      

Жоба

2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға өзгерістер енгізу туралы хаттама

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі және Ресей Федерациясының Үкіметі төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      2008 жылғы 12 желтоқсандағы Айрықша жағдайларда Бірыңғай кедендік тарифтің ставкаларынан ерекшеленетін кедендік әкелу баждарының ставкаларын қолдану шарттары мен тәртібі туралы хаттамаға мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1. 2-бапта «Кеден одағының комиссиясына» деген сөздер «Еуразиялық экономикалық комиссияға» деген сөздермен ауыстырылсын, «Комиссияның» деген сөз «Комиссия Кеңесінің» деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. 4-бапта:
      1 және 2-тармақтарда «Комиссия» деген сөз «Комиссия Кеңесі» деген сөздермен ауыстырылсын;
      3-тармақта «Комиссияның» деген сөз «Комиссия Кеңесінің» деген сөздермен ауыстырылсын;
      4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Егер Комиссия Кеңесінің тиісті шешімімен өзгеше белгіленбесе, Тараптардың біреуінің неғұрлым жоғары немесе неғұрлым төмен ставканы қолдану мерзімі алты айдан аспауға тиіс.».

2-бап

      Осы Хаттама ратификациялауға жатады.
      Осы Хаттама қол қойылған күнінен бастап 30 күн өткен соң уақытша қолданылады және оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап күшіне енеді.
      _______жылғы_________ _________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқа данада жасалды.
      Осы Хаттаманың түпнұсқа данасы оның депозитарийі болып табылатын Еуразиялық экономикалық комиссияда сақталады.
      Депозитарий әрбір Тарапқа осы Хаттаманың куәландырылған көшірмесін жолдайды.

         Беларусь             Қазақстан               Ресей
      Республикасының      Республикасының        Федерациясының
       Үкіметі үшін         Үкіметі үшін           Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады