«Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 шілдедегі № 957 қаулысына баспасөз релизі
«Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 шілдедегі № 957 қаулысы Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 12-бабының 17-17) тармақшасының негізінде қабылданды.
Қаулы Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау тәртібін белгілейді.
Қаулыға «Құқықтық мониторинг, сараптама және талдау ғылыми-зерттеу институты» ЖШС мен ҚР АШМ жанындағы Кәсіпкерлік мәселелер жөніндегі сараптамалық кеңестің ғылыми сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың оң қорытындысы бар.
Қаулы ормандарды қорғау жөніндегі шараларды көздейді, бұл ретте оны іске асыру жеке кәсіпкерлік субъектілерінің шығындарын азайтуға немесе ұлғайтуға ықпал етпейді.
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі