Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 21 шілдедегі № 957 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 4 қыркүйектегі № 745 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 04.09.2015 № 745 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі.
      ҚР мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктердің аражігін ажырату мәселелері бойынша 2014 жылғы 29 қыркүйектегі № 239-V ҚРЗ Заңына сәйкес ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 18-02/52 бұйрығын қараңыз.

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-17) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау қағидалары бекітілсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 21 шілдедегі
№ 957 қаулысымен   
бекітілген     

Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 12-бабының 17-17) тармақшасына сәйкес әзірленді және орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу және анықтау тәртібін айқындайды.
      2. Ағаштың заңсыз кесілуі – Қазақстан Республикасының орман қорында ағаштар мен бұталарды, оның ішінде табиғи, антропогендік және техногендік факторлардың салдарынан зақымданған және жойылған ағаштар мен бұталарды: ағаш кесу билетінсіз; ағаш кесу билеті бойынша мемлекеттік орман қоры учаскелерінде ағаш кесу қағидаларын бұзып, ағаш кесу билетінде белгіленген мерзімдерді сақтамай кесу; есепті кеспеағаш аймағынан асып түсетін мөлшерде кесу.
      3. Орман қорының аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу мен анықтауды орман иеленушілер олар анықталған сәтінен бастап күнтізбелік 3 күн ішінде жүргізіп, кейіннен залал туралы мәліметтерді орманды шолып, тексеру туралы есепке енгізеді, сондай-ақ мемлекеттік орман орналастыру ұйымдары өткен тексеру кезеңінде орман шаруашылығының жүргізілуін кешенді бағалау кезінде жүргізеді.
      4. Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залал мыналарды қамтиды:
      1) өсуін тоқтату дәрежесіне дейін ағаштар мен бұталардың заңсыз кесілуінен келтірілген зиянның мөлшері;
      2) өсуін тоқтату дәрежесіне жетпей ағаштар мен бұталардың заңсыз кесілуінен келтірілген зиянның мөлшері;
      3) дауыл құлатқан, жел сұлатқан, өрт зақымдаған ағаштар мен бұталардың заңсыз кесілуінен келтірілген зиянның мөлшері;
      4) шыбықтар мен өскіндерді, жинақталмаған орман дақылдарын, плантацияларда, сондай-ақ селекциялық-тұқым шаруашылығы және селекциялық-генетикалық мақсаттағы ағаштар мен бұталардың заңсыз кесілуінен келтірілген зиянның мөлшері;
      5) ағаштың заңсыз кесілуінен зақымдалған орман қоры учаскелерінде орманды қалпына келтіруге жұмсалған шығыстар.
      5. Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген зиянның мөлшері «Қазақстан Республикасының орман заңнамасын бұзудан келтірілген залалдың мөлшерін есептеуге арналған базалық ставкаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 31 мамырдағы № 441 қаулысына (бұдан әрі – базалық ставкалар) сәйкес анықталады.

2. Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу

      6. Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алуды орман иеленушілер осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу журналын толтыру жолымен жүзеге асырады.
      7. Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу журналында ағаштар мен бұталардың тұқымдары, олардың саны, сүрек көлемі және ағаштың заңсыз кесілуі келтірген зиянның мөлшері бойынша есептелген залал сомасы көрсетіледі.

3. Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды анықтау

      8. Ағаштар мен бұталардың заңсыз кесілуінен келтірілген зиянның мөлшері ірілік санаттары бойынша белгіленген іскерлік сүрек пен отындық сүректің көлемін базалық ставкаларда көзделген зиянды өтеу мөлшеріне көбейту жолымен анықталады.
      9. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өсуін тоқтату дәрежесіне дейін ағаштар мен бұталар заңсыз кесілген жағдайда базалық ставкаларда көзделген зиянды өтеу мөлшері екі есе көбейтіледі.
      10. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда өсуін тоқтату дәрежесіне жетпей ағаштар мен бұталар заңсыз кесілген жағдайда базалық ставкаларда көзделген зиянды өтеу мөлшері өзгеріссіз қолданылады, осы аумақтардан тыс жерлерде – екі есеге кемітіледі.
      11. Дауыл құлатқан, жел сұлатқан, өрт зақымдаған ағаштар мен бұталар заңсыз кесілген жағдайда базалық ставкаларда көзделген зиянды өтеу мөлшері қолданылады.
      12. Шыбықтар мен өскіндерді, жинақталмаған орман дақылдарын, плантацияларда, сондай-ақ селекциялық-тұқым шаруашылығы және селекциялық-генетикалық мақсаттағы ағаштар мен бұталардың заңсыз кесілуінен келтірілген зиянның мөлшері олардың санын базалық ставкаларда көзделген зиянды өтеу мөлшеріне көбейту жолымен анықталады.
      13. Ағаштың заңсыз кесілуінен зақымдалған орман қоры учаскелерінде орманды қалпына келтіруге жұмсалатын шығыстар ормандарды молықтыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге қажет шығындар бойынша анықталады, бұл ретте ормандарды молықтыру жөніндегі іс-шараларды жүргізуге жұмсалған шығыстар сомасынан кесілген, бірақ тасып әкетілмеген, сатылуға жататын орман материалдарының құны шегеріледі.

Орман қоры аумағында ағаштың  
заңсыз кесілуінен келтірілген залалды
есепке алу және анықтау қағидасына
қосымша             

Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалды есепке алу журналы*

_____________________________________________________________________
                       (орман иеленушілердің атауы)
осы журналда _______ (жазбаша) парақ
нөмірленді және тігілді
___________________________________________
* журнал нөмірленеді, тігіледі, орман иеленуші
басшысының қолымен және мөрімен куәландырылады

р/с №

Орман қоры аумағында ағаштың заңсыз кесілуінен келтірілген залалдың түрі

Ағаштар немесе бұталар тұқымдары

Ағаштар немесе бұталар саны, дана

Сүрек көлемі, текше метр

Бір бірлігі үшін зиянды өтеу мөлшері теңге

Зиянды өтеу мөлшерлері бойынша есептелген залал сомасы

1

2

3

4

5

6

7





















































































Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады