Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
«Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының
мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген
лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан
Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371
Жарлығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2000 жылғы 13 сәуірдегі № 371 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2000 ж., № 18, 186-құжат; 2004 ж., № 21, 263-құжат; 2005 ж., № 32, 426-құжат; 2009 ж., № 24-25, 207-құжат;) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген лауазымды тұлғаларының тізбесінде:
кестенің 1-бағанында:
«Әскери саладағы мәліметтер» деген 1-бөлімде:
тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғаныс министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Білім және ғылым министрі, Атом энергиясы агенттігінің төрағасы»;
он екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Көлік және коммуникация министрі, Экономикалық даму және сауда министрі, Білім және ғылым министрі, Ауыл шаруашылығы министрі, Төтенше жағдайлар министрі, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, Республикалық ұланның қолбасшысы, Мұнай және газ министрі»;
он төртінші, он бесінші, он алтыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Индустрия және жаңа технологиялар министрі, Көлік және коммуникация министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры;
Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Көлік және коммуникация министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры; Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Көлік және коммуникация министрі, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, Президенттің Күзет қызметінің бастығы, «Сырбар» сыртқы барлау қызметінің директоры, Республикалық ұланның қолбасшысы»;
«2. Экономика, ғылым және техника саласындағы мәліметтер» деген бөлімде:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Экономика, білім, ғылым және техника саласындағы мәліметтер»;
отыз бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғаныс министрі, Ішкі істер министрі, Атом энергиясы агенттігінің төрағасы»;
мынадай мазмұндағы отыз алтыншы абзацпен толықтырылсын:
« |
Білім және ғылым министрі |
36) Бюджет қаражаты есебінен өткізілетін ұлттық бірыңғай ұлттық тестілеуді, кешенді тестілеу мен тестілеудің басқа да түрлерін өткізу кезінде пайдаланылатын тестілердің мазмұнын және олардың дұрыс жауаптарының кодтарын ашатын мәліметтер. |
|
«4. Барлау, қарсы барлау, жедел іздестіру және өзге де қызметтер саласындағы мәліметтер» деген бөлімде:
он алтыншы және он жетінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрін қоса алғанда, Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген басшылары;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрін қоса алғанда, Мемлекеттік органдардың мәліметтерді Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларына жатқызу жөніндегі өкілеттіктер берілген басшылары».
2. Мүдделі мемлекеттік органдар бір ай мерзімде өздерінің құпияландыруға жататын мәліметтерінің ведомстволық тізбелерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н. Назарбаев