Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің "Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық сейсмика төзімді құрылыс пен сәулет институты (ҚазҒЗСТҚСИ)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнын және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтерi агенттiгiнiң "Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық сейсмика төзiмдi құрылыс пен сәулет институты (КазҒЗСТҚСИ)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Оңтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 30 шілдедегі № 992 Қаулысы.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің "Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық сейсмика төзімді құрылыс пен сәулет институты (ҚазҒЗСТҚСИ)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны және Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық icтерi агенттiгiнiң "Қазақ ғылыми-зерттеу және жобалау-эксперименталдық сейсмика төзiмдi құрылыс пен сәулет институты (КазҒЗСТҚСИ)" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнының Оңтүстік Қазақстан еншілес мемлекеттік кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" акционерлік қоғамына (бұдан әрі – қоғам) қосылу және қайта құрылу жолымен қайта ұйымдастырылсын.

      2. Қоғам қызметінің негізгі нысанасы болып ғимараттар мен құрылысжайлардың сенімділігі, сейсмикалық төзімді құрылыс пен сәулет проблемалары бойынша ғылыми зерттеулер, жобалық жұмыстар, тәжірибелік-эксперименталдық жұмыстар жүргізу, Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы нормативтік-техникалық құжаттарын әзірлеуге қатысу, сондай-ақ техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді қоспағанда, "бір терезе" қағидаты бойынша құрылыс жүргізуді ұйымдастыру үшін порталды жүргізу айқындалсын.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 10.08.2022 № 546 қаулысымен.

      3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) қоғамның жарғысын бекітуді;

      2) Қазақстан Республикасының әділет органдарында қоғамның мемлекеттік тіркелуін;

      3) қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығын Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне беруді;

      4) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.

      4. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.

      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 30 шілдедегі
№ 992 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      2. "Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):

      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:

      "Алматы қаласы" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 123-142-жолмен толықтырылсын:

      "123-142. "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ".

      3. "Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:

      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге және өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:

      "Қазақстан Республикасы құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігіне" деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 264-8-жолмен толықтырылсын:

      "264-8. "Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты" АҚ".

      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.02.2013 № 109 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады