Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспары туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 30 желтоқсандағы № 1680 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 15, 251-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң жобалау жұмыстарының 2012 жылға арналған жоспарында:
реттік нөмірі 16-жол алынып тасталсын;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 27-1-жолмен толықтырылсын:
«
27-1 |
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы туралы (жаңа редакция) |
ҰҚК (келісім бойын ша) |
Наурыз |
Тамыз |
Қазан |
Т.М. Стамбеков |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов