"Қазақстан Республикасы мен Португалия Республикасы арасындағы дипломаттық паспорттардың иелерін визалардан босату туралы келісімді бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 шілдедегі № 1006 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      «Қазақстан Республикасы мен Португалия Республикасы арасындағы дипломаттық паспорттардың иелерін визалардан босату туралы келісімді бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы мен Португалия Республикасы арасындағы
дипломаттық паспорттардың иелерін визалардан босату туралы
келісімді бекіту туралы

      «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы Заңы 15-бабының 1) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
      1. 2010 жылғы 16 шілдеде Алматы қаласында жасалған Қазақстан Республикасы мен Португалия Республикасы арасындағы дипломаттық паспорттардың иелерін визалардан босату туралы келісім бекітілсін.
      2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті                                       Н.Назарбаев

Қазақстан Республикасы мен Португалия Республикасы арасындағы
дипломаттық паспорттардың иелерін визалардан босату туралы
келісім

      Бұдан әрі «Тараптар» деп аталатын Қазақстан Республикасы мен мен Португалия Республикасы,
      екі мемлекет арасында достық қатынастарды және ынтымақтастықты нығайтуға ниет білдіре отырып,
      дипломаттық паспорттары бар өз азаматтарының сапарларын жеңілдетуге тілек білдіре отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап
Мақсаттары

      Осы Келісім Тараптардың дипломаттық паспорттар иелерін визалардан босату үшін құқықтық нормаларды белгілейді.

2-бап
Анықтамалар

      Осы Келісімнің мақсаттары үшін төменде көрсетілген ережелер мыналарды білдіреді:
      а) «жарамды паспорт» - бір Тарап аумағынан жол жүрген кезінде, кем дегенде үш ай мерзімге қолданылатын Тараптардың дипломаттық паспортын білдіреді.
      в) «отбасы мүшесі» - жұбайы/зайыбы, сондай-ақ Тараптардың жарамды паспорттары иелерінің асырауындағы балаларды және адамдарды білдіреді.

3-бап
Қысқа мерзімді болу

      1. Қазақстан Республикасының жарамды паспорттары бар Қазақстан Республикасының азаматтары 1990 жылғы 19 маусымда қабылданған 1985 жылғы 14 маусымдағы Шенген Келісімін қолдану туралы конвенцияға қатысушылар болып табылатын мемлекеттер құрған еркін жүріп-тұру аймағының сыртқы шекарасын кесіп өткен алғашқы күннен бастап Португалия Республикасының аумағына өте алады және онда алты айлық кезең ішінде 90 (тоқсан) күнге дейінгі кезеңде барынша көп визасыз бола алады.
      2. Португалия Республикасының жарамды паспорттары бар Португалия Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасының аумағына өте алады және онда алғашқы келген күннен бастап алты айлық кезең ішінде 90 (тоқсан) күнге дейінгі барынша көп кезеңде визасыз бола алады.

4-бап
Keлу және болу

      1. Қазақстан Республикасының Португалия Республикасындағы дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне, не болмаса Португалия Республикасындағы халықаралық ұйымға тағайындалған жарамды паспорттарының иелері, сондай-ақ жарамды паспорттары бар олардың отбасы мүшелері Португалия Республикасының аумағына келе алады және онда өздері тағайындалған кезеңде визасыз бола алады.
      2. Португалия Республикасының Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне не болмаса Қазақстан Республикасындағы халықаралық ұйымға тағайындалған, жарамды паспорттарының иелері, сондай-ақ жарамды паспорттары бар олардың отбасы мүшелері Қазақстан Республикасының аумағына келе алады және онда өздері тағайындалған кезеңде визасыз бола алады.
      3. Жоғарыдағы тармақтарда аталған мақсаттар үшін, Тараптардың әрқайсысы Тараптардың аумақтарындағы дипломатиялық өкілдікке немесе халықаралық ұйымға тағайындалған, жарамды паспорттар иелерінің, сондай-ақ жарамды паспорттары бар олармен бірге жүретін отбасы мүшелерінің баратыны туралы жазбаша нысанда және дипломатиялық арналар бойынша олар екінші Тараптың аумағына келетін күнге дейін хабарлауға міндетті.

5-бап
Ұлттық заңнамасын сақтау

      1. Визалардан босату - осы Келісімде белгіленген ережелерге сәйкес жарамды паспорттар иелерінің болу мемлекетіне келу, болу және одан кету сәтінде Тараптардың ұлттық заңнамасын сақтау міндеттерінен ешкімді босатпайды.
      2. Осы Келісім әрбір Тараптың құзыретті органдарына олардың ұлттық заңнамасына сәйкес екінші Тарап азаматтарының келуінен және онда болуынан бас тарту құқығын жоққа шығармайды.

6-бап
Паспорттар туралы ақпарат

      1. Осы Келісім оның күшіне енгеннен кейін, Тараптар 30 (отыз) күннен кешіктірместен жарамды паспорттардың үлгілерімен дипломатиялық арналар бойынша алмасады.
      2. Егер Тараптардың бірі жаңа дипломаттық паспорттарды енгізсе немесе оларды өзгертсе, оларды пайдалануды бастайтын күніне дейін, 30 (отыз) күннен кешіктірместен жаңа немесе өзгерген паспорт үлгілерін дипломатиялық арналар бойынша жолдау арқылы екінші Тарапқа хабарлауы тиіс.

7-бап
Дауларды реттеу

      Осы Келісімді түсіндіру немесе қолдану кезінде туындайтын кез келген дауларды Тараптар келіссөздер және дипломатиялық арналар арқылы шешеді.

8-бап
Қолданысын тоқтату

      1. Тараптардың әрқайсысы қоғамдық тәртіпті, қоғамдық денсаулықты немесе ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында осы Келісімнің қолданысын толық немесе ішінара тоқтата алады.
      2. Осы Келісімнің қолданысы тоқтатылатыны туралы 3 (үш) күннен кешіктірілместен оны қолданғанға дейін екінші Тарапқа жазбаша нысанда дипломатиялық арналар бойынша хабарланады.

9-бап
Өзгерістер

      Осы Келісімге Тараптардың өзара келісімі бойынша оның ажырамас бөліктері болып табылатын және жеке хаттамалармен ресімделетін осы Келісімінің 11-бабында көзделген тәртіппен күшіне енетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

10-бап
Қолданыс мерзімі және тоқтатылуы

      1. Осы Келісім белгіленбеген мерзімге жасалады.
      2. Тараптардың кез келгені дипломатиялық арналар бойынша жазбаша хабарлама жіберу арқылы кез келген уақытта осы Келісімнің қолданысын тоқтата алады.
      3. Осы Келісім дипломатиялық арналар бойынша осы баптың 2-тармағында көзделген жазбаша хабарлама алынған күннен кейін 3 (үш) ай өтісімен қолданысын тоқтатады.

11-бап
Күшіне енуі

      Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама дипломатиялық арналар бойынша алынған күннен кейін 30 (отыз) күн өтісімен күшіне енеді.

12-бап
Тіркеу

      Осы Келісім күшіне енгеннен кейін Португалия Тарапы Біріккен Ұлттар Жарғысының 102-бабына сәйкес тіркеу үшін оны Біріккен Ұлттар Ұйымының Хатшылығына жолдайды және тіркеу нөмірі туралы Қазақстан Республикасына хабарлайды.
      Алматы қаласында 2010 жылғы 16 шілдеде әрқайсысы қазақ, португал, ағылшын және орыс тілдерінде екі түпнұсқа данада жасалды және де барлық мәтіндердің күші бірдей.
      Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруде келіспеушіліктер туындаған жағдайда, Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінге жүгінетін болады.

      Қазақстан Республикасы үшін       Португалия Республикасы үшін

      2010 жылғы 16 шілдеде Алматы қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Португалия Республикасының Үкіметі арасындағы Дипломаттық паспорттардың иелерін визалық талаптардан босату туралы келісімнің бұл көшірмесінің дәлдігін куәландырамын.

      Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрлігі
         Халықаралық-құқық
         департаментінің
         Басқарма бастығы                              Б. Пискорский

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады