"Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысына толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 тамыздағы № 1022 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 8 қыркүйектегі № 754 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 08.09.2015 № 754 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 3 наурыздағы № 238 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 13, 93-құжат) мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Реттелетін нарықтардағы бағаны белгілеу ережесінде:
      2-тармақ мынадай редакциядағы 1-2) тармақшамен толықтырылсын:
      «1-2) отын алымы – есептеген кезде өсуін ескеру мүмкін болмаған тасымалдауға арналған тариф қолданылатын кезеңде авиациялық отынға шығындардың өсуін өтеу мақсатында авиакомпания алатын алым;»;
      7-тармақ мынадай мазмұндағы төртінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Отын алымының енгізілуіне байланысты бағалардың алдағы көтерiлуi туралы хабарламаға:
      1) авиатасымал қызметтері бойынша бағалардың жобасы;
      2) авиациялық отын құнының өсуін растайтын шарттардың көшірмелері;
      3) әрбір авиациялық маршрутқа және әуе кемесінің типіне отын қажеттілігінің есебі қоса беріледі. Бұл ретте осы тармақтың үшінші бөлігінің талаптары осы жағдайға қолданылмайды.»;
      8-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Отын алымының енгізілуіне байланысты бағаның негізділігін қарау кезінде уәкілетті орган осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген субъекті ұсынған авиациялық отын құнының өсуін растайтын құжаттарға талдау жасау негізінде бағаларға сараптама жүргізеді.»;
      10-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Баға сараптамасының нәтижелерi бойынша, отын алымының енгізілуіне байланысты бағалардың алдағы көтерiлуi туралы хабарламаны алған күнінен бастап күнтiзбелiк он күннен кешiктiрмей уәкілетті орган субъектiге:
      1) бағаны көтеруге тыйым салу;
      2) жобаланған бағаны осы Ережеге сәйкес негiзделген баға деңгейiне дейiн төмендету туралы дәлелдi қорытынды жiбередi.».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады