Көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 тамыздағы № 1048 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 шілдедегі № 549 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 17.07.2015 № 549 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 10) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптар белгіленсін.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2012 жылғы 15 тамыздағы
№ 1048 қаулысына  
қосымша       

Көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптар

      1. Көліктің энергия тиімділігі бойынша талаптар (бұдан әрі – талаптар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 10) тармақшасына сәйкес әзірленіп, көліктің энергия тиімділігінің нормативтік көрсеткіштерін айқындайды.
      2. Осы талаптарда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) энергетикалық тиімділік (энергия тиімділігі) – энергетикалық ресурстарды пайдаланудан болған пайдалы әсердің осы әсерді алу мақсатында өндірілген энергетикалық ресурстардың шығындарына қатынасын көрсететін сипаттамалар;
      2) көлік энергия тиімділігінің көрсеткіші – қозғалтқыш тұтынған энергиясының жиынтық көлеміне пайдалы қолданылған энергия қатынасымен айқындалған энергияны түрлендіруге қатысты тиімділік сипаттамасы;
      3) отынның үлестік шығысы – көліктің бір сағаттағы қуат бірлігіне отын бірлігінің шығысы;
      4) отынның жылу шығару қабілеті (жанудың үлестік жылуы) – салмағы 1 кг отын толық жанған кезде бөлінетін жылу мөлшерін көрсететін шама.
      3. Осы талаптар осы талаптар қолданысқа енгізілгеннен кейін әкелінген (импортталған) және шығарылған темір жол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе және қалалық электр көліктеріне, оның ішінде метрополитенге таралады.
      4. Көлікке осы талаптарға қосымшада көрсетілген мәндерге сәйкес энергия тиімділігі көрсеткіштері бойынша талаптар қойылады.
      5. Көліктің энергия тиімділігінің көрсеткіші былайша айқындалады:
      ЭТ %-бен = 100 / (кг/кВт*сағ-тағы отынның үлестік шығысы * кВт*сағ/кг-дағы отынның жылу шығару қабілеті (жанудың үлестік жылуы).

Көліктің энергия тиімділігі
бойынша талаптарға    
қосымша          

Көліктің энергия тиімділігінің көрсеткіштері

Р/с №

Көлік түрінің атауы

ЭТ, %-бен

1

2

3

1

Автомобиль:
табиғи газдағы қозғалтқыш
дизельдік қозғалтқыш
бензиндік қозғалтқыш
гибридтік автомобиль (бензин/электр)
электр қозғалтқыш

 
66
60
60
75,7
52,5

2

Авиациялық қозғалтқыштар

40

3

Темір жол
тепловоз
электровоз

 
41
82

4

Теңіз көлігі

60

5

Ішкі су

60

6

Қалалық электр көлігі, оның ішінде
метрополитен

75

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады