"Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 тамыздағы № 1073 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 325 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 25.04.2015 № 325 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 12, 86-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Бюджеттiң атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесiнде:
      26-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Аумақтық қазынашылық бөлiмшелерi бюджеттi атқару жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi органдар барлық мемлекеттiк мекемелер бойынша ҚР ББС кодтарына қаржыландырудың жеке жоспарларын ұсынғаннан кейiн 5 жұмыс күнi iшiнде мiндеттемелер мен төлемдер бойынша барлық қаржыландырудың жеке жоспарының жалпы сомасы түсiмдерiнiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының, әрбiр ҚР ББС бағдарламасы бойынша, айлар бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарының сомасына сәйкестігін, төмен тұрған бюджеттердің жиынтық қаржыландыру жоспарларының жоғары тұрған бюджеттің жиынтық қаржыландыру жоспарларына, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жиынтық қаржыландыру жоспарларының төмен тұрған бюджеттерге немесе мемлекеттік органдардың функцияларын берген жағдайда төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджеттерге нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша республикалық бюджеттің жиынтық жоспарларына сәйкестігін тексерудi жүргiзедi және ҚБАЖ-ға енгiзедi (жүктейдi).»;
      36-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Түсiмдердiң және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына, мiндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарына және мiндеттемелер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жеке жоспарларына өзгерiстер енгiзуге арналған анықтамаларды орындауға қабылдау кезiнде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiнiң жауапты орындаушылары анықтамалар кодтарының ҚР ББС кодтарына сәйкестiгiн, төмен тұрған бюджеттердің қаржыландыру жоспарларының республикалық бюджеттен немесе республикалық бюджетке берілетін нысаналы трансферттер мен кредиттер бойынша жоғары тұрған бюджеттің қаржыландыру жоспарларына сәйкестiгiн тексерудi жүзеге асырады.»;
      53-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «53. Республикалық бюджет туралы заңға немесе жергiлiктi бюджет туралы мәслихаттың шешiмiне өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу арқылы республикалық және жергiлiктi бюджеттердi нақтылау кезiнде мемлекеттiк мекемелер қаржыландырудың жеке жоспарларын, бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерi - бюджеттiк бағдарламалар әкiмшiлерiн қаржыландыру жоспарларын, бюджеттi атқару жөнiндегi уәкiлеттi орган - бюджетке түсетiн түсiмдердiң жиынтық жоспарын, түсімдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын, міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын осы Ереженiң 5-тарауында және 4-тарауының 26-тармағының 9-абзацында белгiленген тәртiппен оларға өзгерiстер енгiзу жолымен нақтылайды.»;
      62-тармақта:
      төртінші бөліктің екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «құрылған, таратылған, қайта ұйымдастырылған, орталық мемлекеттік және жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың және олардың оларға ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелердің штат санының функциялары мен лимиттері өзгерген,»;
      мынадай редакциядағы бесінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік органдар функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен тұрған деңгейінен жоғары тұрған деңгейіне, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың жоғары тұрған деңгейінен төмен тұрған деңгейіне беру кезінде нысаналы трансферттер бойынша жоспарлық тағайындаулардың пайдаланылмаған қалдықтарының сомаларын көшіру жүзеге асырылады.»;
      16-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «16-тарау. Төмен тұрған бюджеттерден жоғары тұрған бюджетке бюджеттік алуларды, нысаналы трансферттерді аудару тәртібі мен мерзімдері
      145-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төмен деңгейінен жоғары деңгейіне берген кезде нысаналы трансферттер төмен тұрған бюджеттен жоғары тұрған бюджетке түсімдер мен төмен тұрған бюджет төлемдері бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегінде беріледі.»;
      147-тармақта:
      мынадай мазмұндағы үшінші және төртінші бөліктермен толықтырылсын:
      «Тиісті бюджеттi атқару жөнiндегi жергілікті уәкiлеттi орган мемлекеттiк органдардың функцияларын мемлекеттiк басқарудың төмен тұрған деңгейiнен жоғары тұрған деңгейіне беру кезінде аумақтық қазынашылық бөлiмшесiне ұсынылған төлеуге берiлетiн шоттың негiзiнде нысаналы трансферттер сомасын төмен тұрған бюджеттiң түсiмдерiнiң және төлем бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген сомалар шегiнде жоғары тұрған бюджет түсiмдерi бюджеттiк сыныптамасының тиiстi кодын көрсете отырып, аударады.
      Осы талап орындалмаған кезде аумақтық қазынашылық бөлiмшесi жалақы және басқа да ақша төлемдерiн, оның iшiнде штаттан тыс персоналдың жалақысын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актiлерiнде көзделген ақшалай өтемақыны төлеудi, салық және бюджетке төленетiн басқа да төлемдердi, жәрдемақыларды, алименттердi, мiндеттi зейнетақы жарналарын, әлеуметтiк аударымдарды төлеудi, банк қызметтерiне ақы төлеудi қоспағанда, түсiмдер мен төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарында көзделген нысаналы трансферттердің сомасын толық аударғанға дейiн тиiстi жергiлiктi бюджет бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұрады.»;
      148-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік органдардың функцияларын мемлекеттік басқарудың төменгі деңгейінен жоғары тұрған деңгейге берген кезде нысаналы трансферттерді аударудың толықтығына бақылауды бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті жергілікті атқарушы орган жүзеге асырады, сондай-ақ нысаналы трансферттердің уақтылы аударылуына бақылауды аумақтық қазынашылық бөлімшесі жүзеге асырады.»;
      156-тармақта:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «156. Шығыстардың бюджеттік сыныптасының әрбір коды бойынша аванстық (алдын алда) төлем ағымдағы қаржы жылына арналған шарт сомасының 50 пайызынан артық емес мөлшерде шығыстардың экономикалық сыныптамасының мынадай ерекшеліктері бойынша жол беріледі:
      131 «Тамақ өнімдерін сатып алу»;
      132 «Медикаменттер мен өзге медициналық мақсаттағы құралдарды сатып алу»;
      135 «Ерекше жабдықтар мен материалдарды сатып алу».»;
      үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорынды қаржыландыру кезінде негізгі құралдар мен материалдық емес активтерді сатып алу үшін мемлекеттік мекеме аванстық (алдын ала) төлемді ағымдағы жылы осы мақсаттарға көзделген соманың 30 пайызынан аспайтын шығыстардың экономикалық сыныптамасының 413 «Мемлекеттік мекемелерді материалдық-техникалық жарақтандыру» ерекшелігі бойынша жүзеге асырады.»;
      157-2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «157-2. Дайындаудың технологиялық мерзімі бір жылдан аспайтын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде күрделі энергетикалық жабдықты сатып алуды, мемлекеттік астық ресурстарын басқару жөніндегі агентке қаражат төлеуді, қазақстандық астықты экспортқа тасымалдау жөніндегі қызметтерге төлемдерді, науқастарды шетелде емдеуге арналған төлемдерді, ауылда алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету қызметіне төлемдерді және коммуналдық қызметтерді қоспағанда, құрылыспен, не ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды реконструкциялаумен, ғимараттарды, құрылыстарды, жолдарды және басқа объектілерді күрделі жөндеумен, сондай-ақ ағымдағы шығындар бойынша шарттарда мемлекеттік мекемелердің қабылданған тауарлардың, (жұмыстардың, қызметтердің) әрбір сомасынан бұрын төлеген авансты тепе-тең ұстау туралы шарты болуы қажет.»;
      422-тармақтың бірінші бөлігінің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «сметалық құн 1300000 (бір миллион үш жүз мың) айлық есептік көрсеткіштен және ағымдағы бағадан көп болған жағдайда жобалық (жобалық-сметалық) құжаттамаға мемлекеттік сараптаманың қорытындысын бекіту туралы сәулет, қала құрылысы және құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы органның бұйрығы;».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады