Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 № 846 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсету стандартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 қыркүйектегі № 868 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 50, 458-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу» мемлекеттiк қызмет көрсету стандартында:
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу» (бұдан әрi – РЭҚ және ЖЖҚ) мемлекеттiк қызметiн Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң байланыс және ақпараттандыру инспекциялары (бұдан әрi – инспекция) көрсетедi. Инспекциялардың мекенжайлары осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген.
2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: iшiнара автоматтандырылған. Тұтынушының мемлекеттiк қызметтi жазбаша нысанда немесе «Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиiлiктi құрылғыларды тiркеу» бөлiмiндегi (портал мекенжайы: http://surd.mtc.gov.kz) рұқсат беру құжаттарын есепке алу жүйесi арқылы алу мүмкiндiгi бар.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Осы стандарт және мемлекеттiк қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділігіне қойылатын талап жөнiндегi ақпарат: www.mtc.gov.kz интернет ресурсының «Байланыс» бөлiмiнiң «Нормативтiк құқықтық актiлер» кiшi бөлiмiнде бұдан әрi «Қаулыларда», сондай-ақ инспекцияларда орнатылған ақпараттық стендiлерде орналастырылады.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Өтiнiштердiң бланкiлерi және толтыру үлгiлерi инспекциялардың арнайы ақпарат стендiнде және www. mtc.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.»;
16-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«РЭҚ/ЖЖҚ тiркеу бөлiмiнде рұқсат құжаттарын есепке алу жүйесi арқылы құжаттарды қабылдау кезiнде (порталдың мекенжайы: http://surd.mtc.gov.kz) тұтынушы электронды түрде хабарлама алады.»;
20-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«20. Мемлекеттiк қызмет көрсететiн инспекцияның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапа мен қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерiн жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi бекiтедi.»;
22-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Мемлекеттiк қызмет көрсету үдерiсi бойынша апелляция Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетi төрағасының атына жазбаша түрде пошта арқылы немесе Астана қаласы, Министрлiктер үйi, Орынбор көшесi, № 8 үй мекенжайы бойынша қолма-қол берiледi, Комитет төрағасының қабылдау бөлмесiнiң телефоны: 8(7172) 74-03-24, не электрондық түрде - kanc@mtc.gov.kz мекенжайына берiледi.»;
23-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«23. Мемлекеттiк қызметтi Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң байланыс және ақпараттандыру инспекциялары көрсетедi. Дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым инспекция бастығының немесе оның орынбасарларының атына жазбаша түрде немесе осы стандартқа 1-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар бойынша қолма-қол берiледi.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгiнiң мекенжайы: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесi, № 8 үй, интернет-ресурс: www.mtc.gov.kz, тел: 8 (7172) 74-03-64 факс: 8(7172) 74-10-03.
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлiгi Байланыс және ақпараттандыру комитетiнiң сенiм телефоны: 8 (7172) 740685.»;
«Радиоэлектронды құралдар мен жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартының 1-қосымшасы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 27 тамыздағы
№ 1088 қаулысымен
бекітілген
«Радиоэлектронды құралдар мен
жоғары жиілікті құрылғыларды тіркеу»
мемлекеттік қызмет көрсету стандартына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің байланыс және ақпараттандыру инспекцияларының тізбесі
№ |
Инспекциялардың атауы |
инспекциялардың мемлекеттік мекемелерінің телефондары |
инспекциялардың мемлекеттік мекемелерінің мекенжайы |
1 |
2 |
3 |
4 |
1. |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы |
8(7172)217-000, 21-69-33, 21-69-36, 21-60-32 аstana@mtc.gov.kz |
010000, Астана қаласы, Сарайшық көшесі, 9, «Авиценна» ТК, "Ж" блогы |
2. |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы |
8 (7272)77-52-99, 77-52-81, 77-52-99 almaty@mtc.gov. kz |
050000, Алматы қаласы, Жұмалиев көшесі, 108, 410-кабинет |
3. |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Ақтөбе облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы |
8 (7132) 520340, 520721 aktybinsk@mtc. gov.kz. |
030000, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 62 |
4 |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Атырау облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы |
8 (7122) 270042, фб271615 atyray@ mtc.gov.kz |
060000, Атырау қаласы, Пушкин көшесі, 201, 221-кабинет |
5 |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қарағанды облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы |
8 (7212) 437010фб 437024 karaganda@ mtc.gov.kz |
100000, Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 73/А, 302-кеңсе |
6 |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Павлодар облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы |
8 (7182) 323549, 327280 ф, 540338 РКП pavlodar.@mtc. gov.kz |
140000, Павлодар қаласы, Сәтпаев көшесі, 50 |
7 |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қостанай облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы |
8 (7142) 535185 ф, 535074, 503026 kostanay@ mtc. gov.kz |
110000, Қостанай қаласы, Темірбаев көшесі, 14, 58-59-пәтерлер |
8 |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Қызылорда облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы |
8 (72422) 70953ф 78853ф 77548 kyzylorda@mtc. gov. kz |
120000, Қызылорда қаласы, Қазантаев көшесі, 8 үй, 3-пәтер |
9 |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Жамбыл облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы |
8 (7262) 450960ф 434224 zhambyl@ mtc.gov.kz |
080012, Тараз қаласы, Қазыбек би көшесі, 138 |
10 |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Маңғыстау облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы |
8 (7292) 313344, 429911ф mangistau@mtc. gov.kz |
130000, Ақтау қаласы, 9 шағын ауд., 18-үй, 91-92-пәтер |
11 |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы |
8 (7112) 503877 ф, 244974, 513865 zko@mtc.gov.kz |
090000, Орал қаласы, Евразия даң., 100 |
12 |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы |
8 (7252) 540100, 534952, 211391 РКП uko@mtc.gov. kz |
160000, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы, 35 |
13 |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы |
8 (7152) ф,490080, 50-00-29 sko@ mtc.gov.kz |
150000, Петропавл қаласы, М.Жұмабаев көшесі, 109, 7-қабат |
14 |
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Байланыс және ақпараттандыру комитетінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша байланыс және ақпараттандыру инспекциясы |
8 (7232) 269105, 252784ф vko@ mtc.gov. kz |
070000, Өскемен қаласы, Карл Либкнехт көшесі, 19 |
8 (7222) 560499 |
071400,Семей қаласы, Дулатов көшесі, 145/107 |