«Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу
қағидаларын және ғарыш объектілері тіркелімінің нысанын бекіту
туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27
тамыздағы № 1090 қаулысына
Баспасөз парағы
Осы Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидалары «Ғарыш қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 6 қаңтардағы Заңының 8-бабының 17) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының жеке немесе заңды тұлғаларына тиесілі ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды, сондай-ақ ғарыш кеңістігіне Қазақстан Республикасының аумағынан ұшырылатын шетелдік жеке немесе заңды тұлғаларға тиесілі ғылыми, әлеуметтік-экономикалық және қосарлы мақсаттағы ғарыш объектілерін мемлекеттік тіркеу тәртібін жүзеге асыруды айқындайды.
Ғарыш объектілерін және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеуді ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Осы жобаны қабылдау теріс әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдарларға әкеп соқпайды.
Толық ақпарат ҚР ҰҒА-ның www.kazcosmos.gov.kz ресми сайтында орналасқан.
Қазақстан Республикасы
Ұлттық ғарыш агенттігі