Адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қауіп-қатер және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы қаулысына
Баспасөз Релизі
Қазақстан Республикасының Үкіметімен 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1112 «Адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қауіп-қатер және табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар тәртібі туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде телерадио хабарларын тарату желілерін пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қаулысы қабылданды.
Аталған қаулының мақсаты телерадио хабарларын тарату операторларының желілері арқылы халықты хабардар етуді жүзеге асыру кезінде өзара іс-қимыл жасайтын тараптар қатынастарын реттейтін қағидаларды заңды түрде бекіту болып табылады.
Осы қаулы табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде адамдардың өміріне, денсаулығына төнген қауіп-қатер туралы халықты хабардар ету, сондай-ақ қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік және құқықтық тәртіпті қорғау мүдделерінде жеделдіктің артыруына мүмкіндік туғызады.