Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбын айқындау және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1117 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 656 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 21.08.2015 № 656 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
     1. Қоса беріліп отырған Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбын айқындау және қайта қарау қағидалары бекітілсін.
     2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                          К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1117 қаулысымен  
бекітілген     

Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбын айқындау және қайта қарау қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбын айқындау және қайта қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 қаңтардағы Заңының 4-бабының 12) тармақшасына және 11-бабының 5-тармағына сәйкес әзірленген және үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбын айқындау және қайта қарау тәртібін белгілейді.
      2.Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиiмдiлiгi сыныбы (бұдан әрі – энергия тиімділігі сыныбы) – үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тұтынудағы үнемдiлiгiнiң пайдалану сатысындағы энергия тиiмдiлiгiн сипаттаушы деңгейi;
      2) энергия үнемдеу – пайдаланылатын энергетикалық ресурстардың көлемін азайтуға бағытталған ұйымдастырушылық, техникалық, технологиялық, экономикалық және өзге де шараларды іске асыру;
      3) энергетикалық аудит (энергия аудиті) – энергия үнемдеудің мүмкіндігі мен әлеуетін бағалау және қорытынды дайындау мақсатында энергетикалық ресурстардың пайдаланылуы туралы деректерді жинау, өңдеу және талдау;
      4) энергетикалық тиімділік (энергия тиімділігі) – энергетикалық ресурстарды пайдаланудан болған пайдалы әсердің осы әсерді алу мақсатында өндірілген энергетикалық ресурстардың шығындарына қатынасын көрсететін сипаттамалар;
      5) энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру сараптамасы – энергетикалық ресурстарды пайдаланумен және үйлерді, құрылыстарды, ғимараттарды салу, сондай-ақ оларды қайта жаңартуды, күрделі жөндеуді жүргізу кезінде тұтынушылардың энергиямен қамтамасыз етуге арналған шығындарын оңтайландыруымен байланысты сәулет-құрылыс және техникалық шешімдердің энергия тиімділігін бағалау мақсатында жүргізілетін сараптама.
      3. Энергия тиімділігі сыныбы күнтізбелік бір жыл ішінде тұтыну мөлшері бес жүз және одан көп тонна шартты отынға барабар үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың жаңасын салу немесе қолданыстағыларын кеңейту (күрделі жөндеу, қайта жаңарту) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын орындау кезінде айқындалады.
      4. Энергия тиімділігі сыныбы жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасына тапсырыс берушінің бастамасымен күнтізбелік бір жыл ішінде энергетикалық ресурстарды тұтыну мөлшері бес жүз тонна шартты отыннан кем үйлердiң, құрылыстардың, ғимараттардың жаңаларын салудың немесе қолданыстағыларын кеңейтудің (күрделі жөндеу, қайта жаңарту) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын орындаған кезде айқындалады.
      5. Қолданыстағы үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы тапсырыс берушінің бастамасымен жүргізілген энергия  аудитінің қорытындысы бойынша айқындалады.

2. Үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың энергия тиімділігі сыныптырын айқындау және қайта қарау тәртібі

      6. Қолданыстағы үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың меншік иелері энергия тиімділігі сыныптарын айқындау үшін энергия аудитiн жүргізетін, қызметтің осы бойынша аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлғаға жүгінеді.
      Энергия аудиті нәтижелері бойынша энергия тиімділігі сыныбы туралы ақпараты бар қорытынды беріледі.
      7. Үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың жаңаларын салудың немесе қолданыстағыларын кеңейтудің (күрделі жөндеу, қайта жаңарту) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеген кезде энергия тиімділігі сыныбын айқындау үшін:
      1) тапсырыс беруші жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын әзірлеуге арналған тапсырмасында қажетті энергия тиімділігі сыныбын көрсетеді;
      2) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама тапсырмада көрсетілген энергия тиімділігі сыныбын ескере отырып, әзірленеді;
      3) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасында көрсетілген энергия тиімділігі сыныбының сәйкестігін анықтау үшін тапсырыс беруші энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру сараптамасын өткізу үшін қызметтің осы түрі бойынша аккредиттеу туралы куәлігі бар заңды тұлғаға жүгінеді;
      4) жобалау алдындағы және (немесе) жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасы сараптамасының нәтижелері бойынша энергия тиімділігі сыныбы туралы ақпараты бар қорытынды беріледі.
      8. Энергия тиімділігі сыныбы әрбір бес жылда бір реттен сиретпей энергия аудитін жүргізу жолымен қайта қаралады.
      9. Энергия тиімділігі сыныбы сәулет, қала құрылысы және құрылыс, энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру салаларындағы мемлекеттік нормативтер, құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес осы Қағидаларға қосымшада көрсетілген көрсеткіштерге сәйкес айқындалады.
      10. Энергия тиімділігі сыныбы үйлердің, құрылыстардың, ғимараттардың техникалық паспортында көрсетіледі.
      11. Энергия тиімділігі сыныбын беруді және оны техникалық паспортта көрсетуді қолданыстағы үйлер, құрылыстар, ғимараттар үшін энергия аудитіне тапсырыс берушісі (энергия аудиті субъектісінің иесі) немесе қолданысқа берілген үйлердің, ғимараттардың, құрылыстардың техникалық паспортын ресімдеуге жауапты тұлға энергия аудиті немесе энергия үнемдеу және энергия тиiмдiлiгiн арттыру сараптамасының қорытындысы негізінде іске асырады.

Үйлердің, құрылыстардың, 
ғимараттардың энергия   
тиімділігі сыныбын айқындау
және қайта қарау қағидаларына
қосымша          

Кесте

Ғимараттардың энергия тиімділігі сыныбы

Р/с №

Сыныпты белгілеу

Энергия тиімділігі сыныбының атауы

Ғимараттың жылытуға және желдетуге энергия тиімділігі көрсеткішінің есептік (нақты) мәнінің нормативті мәнінен ауытқу шамасы, %

1

2

3

4

Жаңа және қайта жаңартылатын ғимараттарды жобалау және пайдалану кезінде

1

А++

А+

А

Өте жоғары

-60 төмен

-50-ден -60 дейін

-40-тан -50 дейін

2

B+

B

Жоғары

-30-дан -40 дейін

-15-тен -30 дейін

3

C+

C

C-

Қалыпты

- 5-тен – 15 дейін

+ 5-тен – 5 дейін

+ 15-тен + 5 дейін

Бар ғимараттарды пайдалану кезінде

4

D

Төмендетілген

+ 15,1-ден + 50 дейін

5

E

Төмен

+50 жоғары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады