"Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 983 қаулысына өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1121 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 341 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 07.06.2017 № 341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі № 983 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 39, 400-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:

      Имашев - Қазақстан Республикасының Әділет министрі, Берік Мәжитұлы төраға;

      Баймолдина - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің

      Зәуреш Хамитқызы орынбасары, төрағаның орынбасары;

      Бөлеулиев - Қазақстан Республикасы Әділет Бахтияр Төлегенұлы министрлігінің Халықаралық шарттарды

      сараптау департаменті директорының

      орынбасары, хатшы;

      Дәленов - Қазақстан Республикасының Қаржы Руслан Ерболатұлы вице-министрі;

      Демеуов - Қазақстан Республикасы Ішкі істер

      Марат Ғанұлы министрінің бірінші орынбасары;

      Қырықбаев - Қазақстан Республикасының Мәдениет және

      Арман Оразбайұлы ақпарат вице-министрі;

      Нұрымбетов - Қазақстан Республикасының Еңбек және Біржан Бидайбекұлы халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі;

      Әзімова - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

      Эльвира Әбілқасымқызы Халықаралық шарттарды сараптау

      департаментінің директоры;

      Борчашвили - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі

      Исидор Шамилович Стратегиялық жоспарлау және

      ұйымдастыру-талдау жұмысы департаментінің

      директоры;

      Дубовицкая - Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық

      Мария ұйымының (ЕҚЫҰ) Астана қаласындағы

      орталығының жобалар бойынша аға

      қызметкері (келісім бойынша);

      көрсетілген құрамнан Рашид Төлеутайұлы Түсіпбеков, Дулат Рашитұлы Құсдәулетов, Махсат Берекетұлы Берекетов, Мұрат Ескелдіұлы Омаров, Ғазиз Тұрысбекұлы Телебаев, Андар Мәулешұлы Шоқпытов, Жанат Қуанышұлы Сүлейменов, Мейрам Ақатұлы Аюбаев, Ербол Шаймерденұлы Шаймерденов, Жарқынбек Қожанұлы Оспанов, Штеффен Букмайер шығарылсын;

      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:

      3-тармақтың 2) тармақшасының үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:

      "адам мен азаматтың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және қалпына келтіру, құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтау мен жою жөнінде шаралар қабылдау;";

      4-тармақта;

      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "3) адамдарды сатуға қарсы күреспен айналысатын мемлекеттік органдардың басшылары мен лауазымды адамдарының олар жүргізіп жатқан жұмыстар туралы есептерін тыңдау және олардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу;";

      4) тармақшадағы "тартуға құқылы" деген сөздер "тартуға;" деген сөзбен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 5) және 6) тармақшалармен толықтырылсын:

      "5) адамдарды сатуға қарсы күрес жөніндегі проблемаларды шешуде мемлекеттік органдармен және ұйымдармен, қоғамдық бірлестіктермен және өзге де ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауға;

      6) жергілікті жерлерге барып адамдарды сатуға қарсы күрес саласындағы уәкілетті ұйымдардың қызметін уәкілетті органдардың тексеруі бойынша ұсыныстар енгізуге құқылы.";

      8-тармақта "тоқсанына" деген сөз "жарты жылда" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады