Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 26 қыркүйектегі N 983 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 7 маусымдағы № 341 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 07.06.2017 № 341 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Қазақстан Республикасында адам құқығын бұзуға әкеп соғатын адамдарды заңсыз әкетудiң, әкелудiң және сатудың алдын алу және жолын кесу жөнiндегi ұсыныстарды әзiрлеу мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:

      1. Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) құрылсын.

      2. Қоса берiлiп отырған:

      1) Комиссия құрамы;

      2) Комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі



  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 26 қыркүйектегі
N 983 қаулысымен
бекiтiлген

Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Ескерту. Құрам жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі, төраға

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі, төраға

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі, төрағаның орынбасары

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Криминалдық полиция департаментінің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының бастығы, хатшы

      Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті директорының орынбасары, хатшы

      Қазақстан Республикасының "Сырбар" сыртқы барлау қызметі директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары

      Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары

      Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі

      Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі директорының орынбасары (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығының басшысы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Қылмыстық істер бойынша қадағалау алқасының судьясы (келісім бойынша)

      Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның хатшысы (келісім бойынша)

      Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Астана қаласындағы орталығының жобалар бойынша аға қызметкері (келісім бойынша)

      Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Астана қаласындағы орталығының құқықтық мәселелер бойынша ұлттық үйлестірушісі (келісім бойынша)

      Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының (ЕҚЫҰ) Астана қаласындағы орталығының адам өлшемдері бойынша бөлімінің аға ассистенті (келісім бойынша)

      "Қазақстанның дағдарыс орталықтары одағы" заңды тұлғалар бірлестігінің басқарма төрағасы (келісім бойынша)

      "Феминистік лига" қоғамдық бірлестігінің директоры (келісім бойынша)

      "Сана Сезім" әйелдер бастамаларының "Құқықтық орталығы" қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша)

      Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстан Республикасындағы бағдарламаларының ұлттық үйлестірушісі (келісім бойынша)

      Халықаралық көші-қон ұйымының Қазақстан Республикасындағы бағдарламаларының ассистенті (келісім бойынша)

      "Әйелдерді қолдау орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы (келісім бойынша)

      "Әйелдер мен балаларға арналған әлеуметтік-психологиялық оңалту және бейімдеу орталығы" қоғамдық бірлестігінің директоры (келісім бойынша)

      "Көмек - уақытша тұру орталығы" жеке мекемесінің төрағасы (келісім бойынша)

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2003 жылғы 26 қыркүйектегі
N 983 қаулысымен
бекiтiлген

Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы
ереже
1. Жалпы ережелер

      1. Адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.

      Комиссия адам саудасына қарсы іс-қимыл және адам саудасының құрбандарына көмек көрсету мәселелері жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу үшін құрылады.

      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 N 449 қаулысымен.

      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Yкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.

2. Комиссияның негiзгi мiндеттерi

      3. Комиссияның негізгі міндеттері:

      1) адамдарды заңсыз әкету, әкелу және сату және адам саудасының құрбандарына көмек көрсету саласындағы қазіргі ахуалды талдау;

      2) мыналар:

      адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес және адам саудасының құрбандарына көмек көрсету мәселелері;

      адам саудасының жағдайы және осы құбылыстың қауіптілігі туралы, көрсетілген салада қалыптасқан құқық қорғау шаралары мен көмекке жүгіну мүмкіндігі туралы халықты хабардар ету;

      адам саудасының алдын алу және жолын кесу, сондай-ақ адам саудасының құрбандарын қорғау және оларға көмек көрсету саласында қабылданған халықаралық-құқықтық құжаттарға сәйкес Қазақстан Республикасының заңнамасын жетілдіру;

      адам саудасына ықпал ететін себептер мен жағдайларды анықтауға және жоюға және оларға көмек көрсетуге бағытталған жұмыстың тиімділігін арттыру жөнінде ұсыныстар мен ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 N 449 қаулысымен.

3. Комиссияның құқықтары

      4. Комиссия өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру мақсатында заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) мемлекеттік органдар мен ұйымдардан өз қызметін жүзеге асыру үшін қажетті материалдар мен ақпаратты сұратуға;

      2) адамдарды заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес мәселелері және адам саудасының құрбандарына көмек көрсету мәселелерімен айналысатын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың өздері жүргізген жұмысы туралы есептерін тыңдауға және олардың қызметін жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеуге.

      3) тәуелсіз сарапшыларды, мамандарды және ғалымдарды тартуға;

      4) адам саудасына қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекеттік органдармен, қоғамдық бірлестіктермен және ұйымдармен, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауға;

      5) заңсыз әкетуге, әкелуге және сатуға қарсы күрес және адам саудасының құрбандарына көмек көрсету мәселелері бойынша тиісті бағдарламалар мен жоспарларды әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеуге құқылы.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 N 449 қаулысымен.

4. Комиссия жұмысын ұйымдастыру

      5. Комиссияға басшылық етуді оның төрағалары болып табылатын Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі екі жылдық кезеңділікпен ротация негізінде жүзеге асырады.

      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары және Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі ротация негізінде Комиссия төрағаларының орынбасарлары болып табылады.

      Төраға болмаған кезде оның функцияларын орынбасары атқарады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

      6. Комиссияның лауазымдық құрамын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. Комиссия мүшелері отырыстарда алмастыру құқығынсыз қатысады. Комиссия отырыстарына шақырылған тұлғалар қатыса алады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 N 449 қаулысымен.

      7. Комиссия жұмысы ағымдағы және перспективалық жоспарлар негiзiнде жүзеге асырылады.

      8. Комиссия отырыстары қажеттілігіне қарай, бірақ жарты жылда кемінде бір рет өткізіледі және егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса, заңды болып саналады.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2010.08.31 № 847 Қаулысымен, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.31 № 1120Қаулысымен.

      9. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 N 449 қаулысымен.

      10. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 N 449 қаулысымен.

      11. Комиссияның шешiмi ұсынымдық сипатта болады.

      12. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі екі жылдық кезеңділікпен ротация негізінде Комиссияның жұмыс органы болып табылады.

      Комиссияның жұмыс органы комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасымен қоса комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 N 449 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 04.09.2014 N 970 қаулысымен.

      13. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 N 449 қаулысымен.

      14. Комиссияның отырысы өткізілгеннен кейін Комиссияның хатшысы хаттама ресімдейді.

      Ескерту. Ереже 14-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 N 449 қаулысымен.

      15. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру комиссия отырысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 наурыздағы № 247 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы консультациялық-кеңесші органдар мен жұмыс топтарын құру тәртібі, қызметі мен таратылуы туралы нұсқаулыққа (бұдан әрі – Нұсқаулық) қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі. Дауыстар тең болған жағдайда, төраға дауыс берген шешім қабылданды деп есептеледі.

      Комиссия мүшелерінің ерекше пікір білдіруге құқығы бар, оны білдірген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Нұсқаулықтың 24-тармағында көзделген Комиссияның есеп-хатына қоса берілуі тиіс.

      Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтарының негізінде үш жұмыс күні ішінде хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды.

      Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген жағдайда, Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді.

      Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап береді.

      Ескерту. Ереже 15-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 N 449 қаулысымен.

      16. Дауыс беру парақтарымен қоса, Комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Комиссияның жұмыс органы жүзеге асырады.

      Ескерту. Ереже 16-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 04.05.2014 N 449 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады