Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан, тыңдаушыларынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1122 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 5 тамыздағы № 532 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2022 № 532 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакция - ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 748 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

     

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдары туралы" Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 13 ақпандағы Заңының 73-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан, тыңдаушыларынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу қағидалары бекiтiлсiн.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакция - ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 748 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi және 2012 жылғы 25 ақпаннан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2012 жылғы 31 тамыздағы
№ 1122 қаулысымен
бекiтiлген

Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан, тыңдаушыларынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу қағидалары

      Ескерту. Тақырыбы жаңа редакция - ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 748 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      1. Осы Арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан, тыңдаушыларынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу қағидалары арнаулы мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне (арнаулы (әскери) оқу орындарының курсанттарынан, тыңдаушыларынан басқа) тұрғын үйдi ұстауға және коммуналдық қызмет көрсетулерге төлем жасауға ақшалай өтемақы төлеу үшін ақшалай өтемақы (бұдан әрi – ақшалай өтемақы) төлеу тәртiбiн анықтайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакция - ҚР Үкіметінің 16.11.2018 № 748 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.

      2. Қызметкерлерге ақшалай өтемақы төлеу қызметке алынған күннен бастап төленіп, қызметтен босатылуына байланысты арнаулы мемлекеттік органның жеке құрам тізімінен алынған күнінен бастап тоқтатылады.

      3. Ақшалай өтемақының мөлшерi тиiстi қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес анықталады.

      4. Ақшалай өтемақы төлеу туыстық қатынастары мен бiрге тұруына қарамастан (яғни күйеуiне, әйелiне, балаларына, егер олар арнаулы мемлекеттік органның қызметкері болып табылса) жүргiзiледi.

      Ақшалай өтемақы арнаулы мемлекеттік органның қызметкеріне ағымдағы ай үшiн ақшалай үлес төлеумен бiр мезгiлде төленедi.

      5. Мемлекеттік органдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының мекемелеріне немесе халықаралық ұйымдарға iссапарға жiберiлген қызметкерлерге ақшалай өтемақыны олар iссапарға жiберiлгенге дейін штатында болған органдар төлейді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады