Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі көрсететін мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1132 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 86 қаулысымен

Баспасөз парағы
«ТМРА-ның мемлекеттік қызметтер стандарттары бекітілді»

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен ҚР Табиғи монополияларды реттеу агенттігі көрсететін екі мемлекеттік қызмет стандарты бекітілді.
      Магистральдық газ құбыржолдарын, мұнай құбыржолдарын, мұнай өнімдері құбыржолдарын пайдалану жөніндегі қызметке лицензиялар беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру жөніндегі мемлекеттік қызметі өңірлерде ТМРА-ның аумақтық департаменттері көрсетеді.
      Энергиямен жабдықтау мақсатында электр энергиясын сатып алу жөніндегі қызметке лицензиялар беруді, қайта ресімдеуді, лицензияның телнұсқаларын беруді Агенттіктің орталық аппараты жүзеге асырады.
      Осы мемлекеттік қызметтерді Е-лицензиялау веб-порталы арқылы қызмет алушыда электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда алуға болады.
      Мемлекеттік қызметті көрсетудің нақты мерзімдері анықталды. Мысалы, электронды порталға немесе уәкілетті органға қажетті құжаттарды тапсырған кезден бастап лицензияны немесе оған қосымшаны 15 жұмыс күні ішінде, ал лицензияны 10 күнде қайта ресімдеуге, лицензияның телнұсқаларын 2 жұмыс күні ішінде алуға болады.
      Толық ақпарат ТМРА-ның www.arem.kz ресми сайтында орналасқан.

      Қазақстан Республикасы Табиғи
      монополияларды реттеу агенттігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз