"Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 7 қыркүйектегі № 1165 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 42, 489-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының тұрақтылығын қамтамасыз ету жөніндегі бірінші кезектегі іс-қимылдар жоспарында:
      «Мақсатқа қол жеткізу және қойылған міндеттерді іске асыру тетіктері» деген 2-бөлімде:
      «Елдің ипотекалық нарығындағы тұрақтылықты, үлескерлердің құқықтарын қорғауды және құрылыс объектілерін аяқтауды қамтамасыз ету» деген 3-кіші бөлімде:
      2-кезеңінде: 2008 – 2012 жылдар:
      2-тетікте:
      бірінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Үлескерлер қатысатын, құрылысын қажетті ресурстары жоқ және құрылысты аяқтау мүмкіндігі күмән келтіретін компаниялар жүргізіп отырған тұрғын үй құрылысы объектілерінің құрылысын аяқтауды қамтамасыз етуді әкімдіктер кейіннен көрсетілген объектілерде үлескерге бір ғана пәтер немесе дара тұрғын үй бере отырып, құрылысты аяқтау шартымен жергілікті бюджеттердің қаражаты және (немесе) республикалық бюджеттен берілетін нысаналы даму трансферттері есебінен капиталдандырылатын уәкілетті ұйымдарға жүктейтін болады.»;
      төртінші, бесінші, алтыншы және жетінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың, облыстардың жергілікті атқарушы органдары заңнамаға сәйкес уәкілетті ұйымдармен тұрғын үй құрылысы кооперативтерінде (бұдан әрі – ТҚК) олардың пайдасына аяқталмаған тұрғын үй құрылысы объектілерін және орындалмаған міндеттемелер бойынша берешекті өтеу есебіне теріс пиғылды құрылыс салушылардан басқа да активтерді өндіріп алу туралы соттардың шешімдері немесе олардың пайдасына аяқталмаған құрылыс объектілерімен және басқа да активтерді теріс пиғылды құрылыс салушылар өз еркімен берген кезде, проблемасы бар объектілердің үлескерлері болып табылатын азаматтар құрған ТҚК-мен көрсетілген объектілердің құрылысын аяқтауға шарттар жасасуды қамтамасыз ететін болады.
      Көрсетілген шарттар заңнамаға сәйкес қабылданған ТҚК мүшелері жалпы жиналысының:
      1) ТҚК-нің әрбір мүшесі теріс пиғылды құрылыс салушыға бұрын төлеген үлестік жарна сомасын ескере отырып, пәтерлерді немесе дара тұрғын үйлерді ТҚК мүшелері арасында бөлу туралы;
      2) уәкілетті органға ТҚК тиісті мүшесінің үлестік жарнаның қалған бөлігін төлеуі туралы;
      3) тұрғын үй құрылысы объектісінің бос алаңдарын уәкілетті ұйымға беру туралы шешімі болған кезде жасалады.
      Бұл ретте, «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес заңнамада белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж мемлекеттік қызметшілерді қамтамасыз ету үшін уәкілетті ұйымдар заңнамаға сәйкес бұдан бұрын жосықсыз салушылармен көрсетілген объектілерде пәтерлер немесе дара тұрғын үйлер сатып алуға шарт жасасқан мемлекеттік мекемелермен құрылысты бюджет қаражаты есебінен аяқтауға шарттар жасасатын болады.
      Мемлекеттік қызметшілерге пәтерлерді немесе дара тұрғын үйлерді одан әрі бөлу заңнамада белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.»;
      тоғызыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бұл ретте пәтерлерді немесе дара тұрғын үйлерді беру шарттары, сондай-ақ төлемдердің қалған сомасын енгізу мерзімдері уәкілетті ұйым, ТҚК мен ТҚК-нің әрбір мүшесі арасында жасалған үш жақты шарттарда көзделетін болады.».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                 К. Мәсімов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады