Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Ішкі әскерлері туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері туралы» 1992 жылғы 23 маусымдағы Қазақстан РеспубликасыныңЗаңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 290-құжат; № 24, 592-құжат; 1993 ж., № 8, 179-құжат; 1995 ж., № 1-2, 17-құжат; № 23, 155-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., № 7, 79-құжат; № 12, 184-құжат; № 13-14, 205-құжат; 1998 ж., № 23, 416-құжат; № 24, 436-құжат; 1999 ж., № 8, 233, 247-құжаттар; 2001 ж., № 13-14, 174-құжат; № 20, 257-құжат; № 24, 336-құжат; 2004 ж., № 23, 142-құжат; № 24, 155-құжат; 2007 ж., № 15, 107-құжат; 2008 ж., № 10-11, 39-құжат; 2010 ж., № 7, 32-құжат; № 24, 149-құжат; 2011 ж., № 1, 7-құжат; № 11, 102-құжат; № 16, 129-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат, № 5, 41-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-баптың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі әскерлердің жалауы және рәмізі болады. Ішкі әскерлер өңірлік қолбасшылықтарының, құрамалары мен әскери бөлімдерінің белгіленген үлгідегі жауынгерлік тулары болады.»;
2) 2-бапта:
екінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі әскерлерге жүктелген міндеттерді орындауды:
Ішкі әскерлерді әскери басқару органдары:
Ішкі әскерлер бас қолбасшылығы – Ішкі әскерлер комитеті;
өңірлік қолбасшылықтар (жедел-аумақтық бірлестіктер);
жедел мақсаттағы құрамалар мен әскери бөлімдер;
маңызды мемлекеттік объектілер мен арнайы жүктерді күзету жөніндегі арнайы әскери бөлімдер;
түзеу мекемелерін күзету және айдауылдау жөніндегі құрамалар мен әскери бөлімдер;
арнайы моторландырылған құрамалар мен әскери бөлімдер;
Ішкі әскерлердің әскери полициясы;
Ішкі әскерлердің әскери оқу орындары;
әскери оқу бөлімдері;
Ішкі әскерлердің қызметін қамтамасыз ететін әскери бөлімдер;
авиациялық әскери бөлім;
арнайы мақсаттағы әскери бөлімдер (бөліністер) жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Ішкі әскерлер бас қолбасшысына тікелей бағынысты құрамалар мен әскери бөлімдерді қоспағанда, құрамалар мен әскери бөлімдер Ішкі әскерлердің өңірлік қолбасшылықтарының (жедел-аумақтық бірлестіктерінің) құрамына кіреді.»;
3) 4-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«4-бап. Iшкi әскерлердің қызметiн ұйымдастырудың қағидаттары
мен негiздерi
Iшкi әскерлердiң қызметi заңдылық, iзгiлiк, жеке адам құқығын сақтау және дара басшылық қағидаттарында жүзеге асырылады.
Әскерлерді тікелей басқаруды Ішкі әскерлер бас қолбасшысы жүзеге асырады.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың iшкi iстер департаменттерiнiң бастықтары Ішкі әскерлер бас қолбасшысына тікелей бағынысты құрамалар мен әскери бөлімдерді қоспағанда, тиiстi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аумақтарында орналасқан және қоғамдық тәртiптi қорғау, түзеу мекемелерiн күзету жөніндегі және төтенше жағдайлар кезінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында Ішкi әскерлерге жүктелген басқа да міндеттерді шешу жөніндегі мiндеттердi орындайтын Ішкi әскерлер бөлiмдерi мен құрамаларының командирлерiне қатысты аға жедел бастықтар болып табылады.»;
4) 7-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«- Ішкi әскерлер бас қолбасшысын қызметке тағайындайды, қызметтен босатады;»;
5) 8-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Ішкі әскерлердің ұйымдастырушылық құрылымын, штат санының лимитін және орналастырылуын бекітеді;»;
6) 10-баптың тоғызыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Iшкi әскерлер бас қолбасшысының орынбасарларын, өңірлік қолбасшылықтар (жедел-аумақтық бірлестіктер) қолбасшыларын, Ішкі әскерлердің жоғары әскери оқу орындарының бастықтарын, Ішкі әскерлер құрамаларының командирлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады, Ішкі әскерлердің офицерлерін қызметтен босатады, офицерлік құрамның бастапқы әскери атағын және «полковник» әскери атағын береді.»;
7) 10-1-бапта:
тақырыбы және бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«10-1-бап. Ішкі әскерлер бас қолбасшысы.
Ішкі әскерлер бас қолбасшысы:»;
алтыншы және тоғызыншы абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Ішкі әскерлер офицерлерінің әскери қызметті өткеру мәселелерін шешеді, лауазымға тағайындайды, лауазымнан босатады, кезекті әскери атақтар береді, офицерлік құрамның әскери атағын төмендетеді, подполковникті қоса алғанда оларды запасқа немесе отставкаға шығарады;»;
«Қазақстан Республикасының Ішкі істер министріне Iшкi әскерлер бас қолбасшысының орынбасарларын, Өңірлік қолбасшылықтар (жедел-аумақтық бірлестіктер) қолбасшыларын, құрамалардың командирлері мен әскери оқу орындарының бастықтарын лауазымға тағайындау және лауазымнан босату туралы ұсыныстар жасайды.»;
8) мынадай мазмұндағы 10-2-баппен толықтырылсын:
«10-2-бап. Ішкі әскерлердің Өңірлік қолбасшылық (жедел-аумақтық
бірлестік) қолбасшысы
Ішкі әскерлердің Өңірлік қолбасшылық (жедел-аумақтық бірлестік) қолбасшысы:
өңірлік бірлестіктегі бағынысты әскери бөлімдерінің тұрақты жауынгерлік және жұмылдыру әзірлігін сақтайды;
қызметтік-жауынгерлік іс-әрекетке, әскерді жедел және жауынгерлік даярлауға, озық тәжірибені енгізуге, материалдық базаны дамытуға және жеке құрам үшін қажетті әлеуметтік-тұрмыстық жағдай жасауға басшылық етеді;
бұйрықтар мен өкімдер шығарады;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңірлік бірлестік әскери қызметшілерінің әскери қызмет өткеру мәселелерін шешеді, лауазымға тағайындайды, лауазымнан босатады, кезекті әскери атақтар береді, жоғары сержанттық құрамды қоспағанда, капитанды қоса алғанда келісімшарт бойынша әскери қызметшілерді запасқа немесе отставкаға шығарады және офицерлік құрамның әскери атақтарын төмендету бойынша ұсыныстар енгізеді.»;
9) 11-бапта:
екінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«- өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасы Ішкi iстер министрінің ведомстволық бағынышты аумақта Ішкi әскерлердiң өңірлік қолбасшылықтарын, құрамаларды, бөлiмдерi мен бөлiністердi құру және орналастыру жөніндегі ұсыныстарын қарауға қатысады;»;
төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«- Ішкi әскерлердің өңірлік қолбасшылықтарының (жедел-аумақтық бірлестіктерінің), құрамалары мен бөлiмдерiнiң қолбасшылығына Ішкi әскерлерге қызметке шақыруды ұйымдастыруда көмек көрсетедi;»
10) 13-баптың үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«бөлiмдердiң командирлерiмен бiрлесiп, Ішкi әскерлердiң жедел мақсаттағы әскери бөлiмдерi және арнайы моторландырылған бөлiмдерi үшiн қызметтiк мiндеттер көлемiн олардың санына қарай айқындайды;»;
11) 14-баптың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери кеңестің құрамын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер бас қолбасшысының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі бекітеді.»
12) 15-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«15-бап. Ішкі әскерлер бас қолбасшылығы – Ішкі әскерлер комитеті
Ішкі әскерлер бас қолбасшылығы – Ішкі әскерлер комитеті бейбіт және соғыс уақытында Ішкі әскерлерді негізгі әскери басқару органы болып табылады және әскердiң тұрақты жауынгерлiк әрi жұмылдыру әзiрлiгін ұстауға, Ішкі әскерлердің құрылыс және даму жоспарларын әзiрлеуге және iске асыруға, олардың ұйымдастырушылық-штаттық құрылымын жетiлдiруге, Ішкi әскерлердiң қызметтiк-жауынгерлiк iс-әрекетін ұйымдастыруға арналған.
Бейбiт уақытта Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Бас штабымен бiрлесіп, бірлескен iс-қимылдардың нұсқаларын жоспарлайды.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті