«Қазақстанды индустрияландырудың 2010 – 2014 жылдарға арналған картасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 303 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына пресс-релиз
«Қазақстанды индустрияландырудың 2010 – 2014 жылдарға арналған картасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 303 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 28-тармағына сәйкес әзірленді.
Қаулы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 303 қаулысымен бекітілген Қазақстанды индустрияландырудың 2010-2014 жылдарға арналған картасын өзекті етуді көздейді. Енгізіліп отырған өзгертулер 2012 жылғы 13 маусымда Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі Мемлекеттік комиссиямен қаралып, мақұлданды.
Аталған қаулы республикалық бюджеттен қаржылық шығындарды қарастырмайды және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарды туындатпайды.
Қазақстан Республикасы
Экономикалық даму және сауда
министрлігі