Салық төлеушілердің Қазақстан Республикасы аумағынан бұрын әкеткен және Кеден одағына мүше осындай басқа мемлекет аумағында өңдеген алыс-беріс шикізатынан өңделген өнімдерін Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымдарына нөлдік ставка бойынша қосылған құн салығы салынатын газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімнің шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 18 қыркүйектегі № 1214 Қаулысы

      «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінің (Салық кодексі) 245-бабының 1-2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған салық төлеушілердің Қазақстан Республикасы аумағынан бұрын әкеткен және Кеден одағына мүше осындай басқа мемлекет аумағында өңдеген алыс-беріс шикізатынан өңделген өнімдерін Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында өткізуі бойынша айналымдарына нөлдік ставка бойынша қосымша құн салығы салынатын, газ саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімнің шеңберінде қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесі бекітілсін.
      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                              К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 18 қыркүйектегі
№ 1214 қаулысымен 
бекітілген    

Салық төлеушілердің Қазақстан Республикасы аумағынан бұрын
әкеткен және Кеден одағына мүше осындай басқа мемлекет
аумағында өңдеген алыс-беріс шикізатынан өңделген
өнімдерін Кеден одағына мүше басқа мемлекеттің аумағында
өткізуі бойынша айналымдарына нөлдік ставка бойынша
қосылған құн салығы салынатын, газ саласындағы
ынтымақтастық туралы үкіметаралық келісімнің шеңберінде
қызметін жүзеге асыратын салық төлеушілердің тізбесі

р/с

Салық төлеуші

1

«ҚазРосГаз» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады