Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы" 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 516 және "Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекіту туралы" 2012 жылғы 16 мамырдағы № 625 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 1222 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 сәуірдегі № 516 қаулысына:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларында:
      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «3) тауар өндiрушiлер ағымдағы жылы және (немесе) өткен жылдың төртінші тоқсанында шетелден, оның iшiнде лизинг шарты негiзiнде сатып алған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара мал төлінің (бұдан әрi – шет елден әкелінген асыл тұқымды және селекциялық төл) құнын iшiнара (50 %-ға дейiн) арзандатуға;»;
      4 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «4. Сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық төлдің, құс шаруашылығы өнімдерінің әрбiр түрiне, 1 бас тұқымдық бұқаны күтіп-бағуға, сондай-ақ селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізуге жұмсалатын бюджеттiк субсидиялардың нормативi осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес белгiленедi.
      6. Субсидиялауға мыналар жатпайды:
      1) тауар өндiрушiлер сатып алған асыл тұқымды және селекциялық төл, құс шаруашылығы өнімі, сондай-ақ осы Қағидаларға 1-қосымшада белгiленген өлшемдерге сәйкес келмейтiн тауар өндірушілерде селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу, тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу жөніндегі шығындар;
      2) тауар өндiрушiлер өзара есеп айырысу есебiне, сондай-ақ аффилиирленген тұлғалардан айырбас бойынша сатып алған асыл тұқымды және селекциялық төл, құс шаруашылығы өнімі;
      3) индекстік жүйе бойынша бағаланбаған және таза тұқымдық өсіруге немесе туыстас топтарды шағылыстыруға арналмаған, шетелден (Ресей Федерациясын, Белорусь Республикасын және Украинаны қоспағанда) сатып алған ірі қара малдың асыл тұқымды төлі (қашар және құнажын); ұрпағының сапасы бойынша бағаланбаған және өнімін молайту мақсатында емес сатып алынған бұқалар;
      4) өнеркәсiптiк шағылыстыруға арналған, шет елден әкелінген және отандық асыл тұқымды малдан алынған асыл тұқымды және селекциялық қашарлар;
      5) бұрын тауар өндiрушiлер және лизингтiк ұйымдар (бұдан әрi – лизинг берушiлер) арзандатқан және сатқан асыл тұқымды және селекциялық төл.»;
      8-тармақтың 1) және 9) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) шетелден әкелінген асыл тұқымды және селекциялық төлді, сондай-ақ лизинг шарты негізінде сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық ірі қара малдың төлін қоспағанда, асыл тұқымды өнiмдi (материалды) сатып алу-сату шарты;
      9) сатып алынған ірі қара малдың асыл тұқымды және селекциялық төлін пайдалану бойынша міндеттеме.»;
      12-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын;
      13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «13. Тауар өндiрушiлер 2012 жылғы 1 қарашадан кешіктірілмейтін мерзімде, бөлiмге отандық асыл тұқымды мал зауыттарынан және (немесе) асыл тұқымды шаруашылықтардан не асыл тұқымды ірі қара мал өсіретін тауар өндірушілерден асыл тұқымды төл, шет елден әкелінген асыл тұқымды және селекциялық төл, отандық асыл тұқымды құс фабрикаларынан құс шаруашылығы өнімдерін, сондай-ақ тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу және селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүргізу бойынша шығындардың нақты және (немесе) жоспарланған көлемiне өтiнiмдер ұсынады.»;
      14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бөлiм өтiнiмдердi алған сәттен бастап жетi жұмыс күнi iшiнде тауар өндiрушiлердiң осы Қағидаларда белгiленген өлшемдерге сәйкестiгiн тексередi.
      Ұсынылған өтінімдердің осы Қағидаларда белгіленген өлшемдерге сәйкес келмеуі және (немесе) бюджеттік субсидиялардың бөлінбеген қалдығының болмауы өтінімдерді белгіленген мерзімнен кеш ұсыну субсидиялау бағдарламасына қатыстырудан бас тарту үшін негіздеме болып табылады. Осындай жағдайларда бөлім бас тарту себептерін көрсете отырып, өтінімдерді үш жұмыс күні ішінде тауар өндірушілерге кері қайтарады. Тауар өндірушілер өтінімді қайта енгізуге құқылы, бірақ белгіленген мерзімнен кешіктірмейді.
      Аудан бойынша субсидиялау бағыттары бойынша бюджеттік субсидиялар алушылардың жиынтық тізімін тиісті аудан әкімі бекітеді.»;
      17-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «17. Тауар өндiрушiлер өтiнiм білдірген бюджеттік субсидиялардың талап етілетін көлемі бюджеттiк субсидиялар көлемiнен асып түскен жағдайда, комиссия тауар өндiрушiлердiң етті бағыттағы iрi қара малдың асыл тұқымды және селекциялық төлiн сатып алуға берген өтiнiмдерiн басым тәртiппен қанағаттандырады, қаражат қалдығы берілген өтінімдерге сәйкес пропорционалды түрде бөлінеді.»;
      19-тармақ:
      2-1) және 4-1) тармақшалармен толықтырылсын:
      «2-1) шет елден әкелінген селекциялық төлді сатып алу кезiнде:
      сатып алу-сату шартының көшiрмесiн;
      төлем құжаттарының көшiрмелерiн;
      әкесінің желісі бойынша малдың таза тұқымдылығын және шығу тегін растайтын асыл тұқымдық куәлiгiнiң немесе оған балама құжаттың түпнұсқасын және көшiрмесiн (бұл ретте, құжаттың түпнұсқасы көшiрмесiмен салыстырып тексерiлгеннен кейiн бюджеттiк субсидия алушыға қайтарылады);
      ветеринариялық сертификаттың көшiрмесiн;
      шет елден әкелінген селекциялық төлдi кiрiске алу актiсiн;
      4-1) шет елден әкелінген асыл тұқымды төлдi лизинг шарты негiзiнде сатып алу кезiнде:
      лизинг шартының көшiрмесiн;
      лизинг шарты бойынша негiзгi борышты өтеу үшiн лизинг берушiнiң деректемелерiн көрсете отырып, субсидия төлеуге өтiнiмдi;
      әкесінің желісі бойынша малдың таза тұқымдылығын және шығу тегін растайтын, экспорттаушы елдің құзыретті органдары берген асыл тұқымдық куәлiктiң немесе оған балама құжаттың түпнұсқасын және көшiрмесiн (бұл ретте құжаттың түпнұсқасы көшiрмесiмен салыстырып тексерiлгеннен кейiн бюджеттiк субсидия алушыға қайтарылады);
      ветеринариялық сертификаттың көшiрмесiн;»;
      5) және 6) тармақшалардың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «шағылысу маусымы аяқталғаннан кейін шаруашылық жүргізуші субъектіде селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстардың жүргізілгендігі туралы бірыңғай ақпараттық талдау жүйесінің деректер базасынан үзіндіні;»;
      20-тармақтың бірінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
      «20. Асыл тұқымды өнiм (шет елден әкелінген ірі қара малдың асыл тұқымды және селекциялық төлін қоспағанда) құнының кемiнде 50%-ын төлеген тауар өндiрушiлердi бюджеттiк субсидиялар алушылардың тiзiмiне енгiзуге жол берiледi. Бұл ретте, тауар өндiрушiлер бөлiмге:
      «сатып алынған малдардың асыл тұқымды малдардың мемлекеттiк тiзiлiмде тiркелгенiн растайын құжатты ұсынады (селекциялық малдан басқа).»;
      21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «21. Бөлiм құжаттардың түсуiне қарай бес жұмыс күнi iшiнде ұсынылған құжаттарды тексередi. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында белгiленген талаптарға сәйкес болған және осы Қағидалардың 6-тармағында көзделген өтінімнен бас тартуға негіз болмаған жағдайда бөлім асыл тұқымды және селекциялық төлдiң, құс шаруашылығы өнімдерінің сатып алынғаны туралы, селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстарды жүзеге асыру, сондай-ақ тұқымдық бұқаларды күтіп-бағу туралы жиынтық акт жасайды, бекiтедi және төлем құжаттарының көшiрмелерiн қоса бере отырып, басқармаға ұсынады. Бұл ретте, бөлім басқармаға ұсынылатын растау құжаттарының дұрыстығын және сапасын қамтамасыз етеді.
      Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарына сәйкес келмеген және осы Қағидалардың 6-тармағымен бюджеттік субсидиялар ұсыну мүмкін болмаған жағдайда, бөлім ұсынылған құжаттарды оларды тіркеген күнінен бастап жеті жұмыс күнiнен кешiктiрмей керi қайтару себептерiн көрсете отырып, тауар өндірушілерге қайтарады.
      Ірі қара малдың сатып алынған асыл тұқымды және селекциялық төлiнің арзандатылғаны туралы мәлiметтi бөлiм бюджеттiк субсидиялардың тауар өндiрушiнiң (не лизинг берушінің) банктiк шотына аударылғаны туралы ақпаратты басқармадан алған күннен бастап жеті жұмыс күнi iшiнде бiрыңғай ақпараттық-талдау жүйесiне енгiзуi тиiс.»;
      Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларына 1-қосымшада:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 7-жолмен толықтырылсын:

«

7.

Тауар өндiрушiлер сатып алған шетелден сатып алған селекциялық ірі қара мал төлінің құнын iшiнара арзандату

1. Бірыңғай ақпараттық талдау жүйесінің базасынан алынған үзіндімен расталған селекциялық және асылдандыру жұмысының бiрыңғай ақпараттық базасында тiркеуде болуы.**
2. Малдардың бiрдейлендiру нөмiрiнiң және ауыл шаруашылығы жануарларын бiрдейлендiру жөніндегі бiрыңғай деректер базасында тiркеуде болуы.**
3. Сатып алынатын селекциялық төлдің жасы шарт жасасу кезінде мыналардан аспауы тиіс:
қашарлар – 18 айға дейін;
құнажындар – 26 айға дейін.
4. Мынадай міндеттемелер ұсыну:
1) селекциялық қашарларды (құнажынды) өз төлінен өсіру мақсатында кемінде екі жыл таза тұқымды өсіру жолымен пайдалану туралы;
2) селекциялық ірі қара малды және одан алынған төлді табынды өз төлінен өсіру үшін тек Қазақстан Республикасы аумағында үш жыл ішінде пайдалану туралы;
3) етті ірі қара мал шаруашылығында өз өнімділігі бойынша бағаланған асыл тұқымды тұқымдық бұқаларды пайдалану бойынша;
4) ірі қара малдың тиісті тұқымдары бойынша республикалық палаталар ұсынған заңды және жеке тұлғалардың ғылыми және/немесе консалтингтік сүйемелдеуі туралы;
5) зоотехникалық нормаларға сәйкес күтіп-бағу және ветеринариялық iс-шараларды жүзеге асыру туралы.

»;

      Ескертпенің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «** Асыл тұқымды және селекциялық төлді жоспарланған сатып алу (әкелу) бойынша тиісті тіркеу мерзімі тиісті тауар өндірушінің міндеттемесінде көрсетіледі.»;
      Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларына 2-қосымшада:
      1-бөлімнің «жылқы» деген тарауы мынадай редакцияда жазылсын:

«

Жылқы

1.

Қазақтың жабы жылқысы

Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 килограммнан тірі салмағына 118 теңгеден аспайды

2.

Көшім жылқысы

3.

Мұғалжар жылқысы

4.

Қазақтың адай жылқысы

»;

      2 және 3-бөлімдер мынадай редакцияда жазылсын:

«

2. Тауар өндiрушiлер сатып алған асыл тұқымды ірі қара
мал төлiнiң құнын iшiнара арзандату бойынша бюджеттік
субсидиялар нормативтері

р/с

Малдың типтері мен тұқымдары

1 басқа арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері, теңге


Ірі қара мал

1.

Қара-ала (голштин) сиыр

Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 басқа 107 000 теңгеден аспайды

2.

Қызыл (қырдың қызыл) сиыр

3.

Қоңыр (алатау) сиыр

4.

Қызғылт сары шұбар (симментал) сиыр

5.

Әулиеата сиыры

6.

Айршир сиыры

7.

Қазақтың ақбас сиыры

8.

Әулиекөл сиыры

9.

Санта-гертруда сиыры

10.

Шароле сиыры

11.

Герефорд сиыры

12.

Ангус сиыры

13.

Галловей сиыры

14.

Швиц сиыры

15.

Қалмақ сиыры

3. Тауар өндiрушiлер сатып алған шетелден әкелінген асыл
тұқымды төлдiң құнын iшiнара арзандату бойынша
бюджеттік субсидиялар нормативтері

р/с

Тұқымы

Экспорттаушы елдер

1 басқа арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері, теңге

1.

Етті, сүтті және аралас тұқымдар

Еуропа елдері

Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 басқа 140 000 теңгеден аспайды

2.

Етті, сүтті және аралас тұқымдар

Австралия, Солтүстік және Оңтүстік Америка елдері

Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 басқа 214 000 теңгеден аспайды

3.

Сүтті тұқымдар

Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы және Украина

Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 басқа 107 000 теңгеден аспайды

»;

      мынадай мазмұндағы 3-1-бөліммен толықтырылсын:

      «

3-1. Тауар өндiрушiлер сатып алған шет елден әкелінген ірі
қара малдың селекциялық төлiнің құнын iшiнара арзандату
бойынша бюджеттік субсидиялар нормативтері

р/с

Тұқымы

Экспорттаушы елдер

1 басқа арналған бюджеттік субсидиялар нормативтері, теңге

1.

Етті тұқымдар

Австралия

Сатып алу құнының 50% артық емес, бірақ 1 басқа 170 000 теңгеден аспайды

»;

      6-бөлімнің үшінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «- Асылдандыру шаруашылығы мәртебесін алған асыл тұқымды құс фабрикалары өткізген асыл тұқымды өнім (тәуліктік балапандар, асыл тұқымды жұмыртқа) субсидиялауға жатады.»;
      Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларына 4-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) «Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 16 мамырдағы № 625 қаулысына:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларында:
      2-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) сиыр етiн, шошқа етiн, бройлерлiк құс етi мен күрке тауық етiн (бұдан әрi - құс етi), жұмыртқалағыш кроссты тауық жұмыртқасын (бұдан әрi - тағамдық жұмыртқа) өндiру үшiн пайдаланылатын құрама жемнiң және (немесе) маңыздандырылған азықтың (бұдан әрi - маңыздандырылған азық) құнын iшiнара (45%-ға дейiн) арзандатуға, сондай-ақ сүт, биязы қой жүнi (бұдан әрi - биязы жүн), қой етi, жылқы етi, қымыз және шұбат өндiрiсiне жұмсалатын шығындарды iшiнара өтеуге арналады. Бұл ретте субсидиялар тауар өндiрушiлерге сиыр етінің, шошқа етінiң, сүттің, қой етiнің, жылқы етiнің, биязы жүннiң есептік нөмірлері бар қайта өңдеу кәсiпорындарына (цехтарына) (бұдан әрi - қайта өңдеу кәсiпорындары), сою алаңдарына (пункттерiне) немесе қайта өңдеу кәсiпорындарының қызметiн пайдалану шартымен еркiн нарықта, ал құс етінің, тағамдық жұмыртқаның, қымыздың және шұбаттың – облыстардың жергiлiктi атқарушы органдары бекiткен квоталар шегiнде еркiн нарықта сатылған iс жүзiндегi көлемiне төленедi;»;
      5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «4) жеке аулада сойылған сиыр етi, шошқа етi, қой етi, жылқы етi, сондай-ақ қайта өңдеу кәсiпорындарында бастапқы қайта өңдеуден өтпеген сүт;»;
      9-тармақтың екінші бөлігі алынып тасталсын;
      10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «10. Тауар өндiрушiлер 2012 жылғы 1 қарашадан кешіктірмей, бөлiмге белгiленген нысан бойынша бюджеттiк субсидиялар алуға арналған өтiнiмдер ұсынады.»;
      11-тармақтың үшінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бөлiм аудан бойынша субсидиялау бағыттары бойынша субсидиялар алушылардың жиынтық тізімін жасайды және оны тиісті аудан әкімі бекітеді.»;
      16-тармақтың 2) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «өнiмнің сатылғанын растайтын құжаттардың көшiрмелері (шарт, шот-фактура);»;
      мынадай мазмұндағы 16-1-тармақпен толықтырылсын:
      «16-1. Бюджеттiк субсидиялар алу үшiн тiзiмге енгiзiлген қымыз, шұбат, құс еті және тағамдық жұмыртқаны өндірумен айналысатын тауар өндiрушiлер бөлімге қымыз және шұбат бойынша өнiмнің сатылғанын растайтын құжаттардың көшiрмелерін, ал құс еті және тағамдық жұмыртқа бойынша төлем құжаттарының тізілімін ұсынады.»;
      Облыстық бюджеттердiң мал шаруашылығы өнiмдерiнiң өнiмдiлiгiн және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылғы республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларына 1-қосымшада:
      4-бөлімнің 1-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

«

1.

01.01.12 ж. 400-ден кем емес сиыр мен қашарлардың меншiктi аналық басының (2 жастан ересек) болуы

Сауын сиырлар мен құнажындардың орташа жылдық бас саны (2011 жылдың қорытындысы) 350-ден кем емес

табын бойынша орташа сауым (2011 жылдың қорытындысы) 4500 кг кем емес*****

тиiстi инфрақұрылымы бар қазiргi заманғы сүт кешенiнiң (механикаландырылған сауу, көң шығару және азық тарату, автосуару және азық цехы) болуы

»;

      11-бөлімнің 3-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

«

3.

Қымыз өндіретін цехтың (үй-жай, қымыз жинайтын және (немесе) өндiретiн ыдыс) болуы

»;

      12-бөлімнің 3-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

«

3.

Шұбат өндіретін цехтың (үй-жай, шұбат жинайтын және (немесе) өндiретiн ыдыс) болуы

»;

      21-бөлімнің 2-жолы мынадай редакцияда жазылсын:

«

2.

Мал азығы дақылының және (немесе) шабындық (шабылатын) дақылдың және (немесе) мал азығын сатып алуға келісім-шарттың болуы

»;

      Ескертпе мынадай мазмұндағы алтыншы абзацпен толықтырылсын:
      «***** Талап 2011 жылы пайдалануға енгізілген тиісті инфрақұрылымы бар қазіргі заманғы сүт кешендеріне қолданылмайды.».
      2. Осы қаулы 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгiзiледi және ресми жариялануға тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің      
2012 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 1222 қаулысына  
қосымша       

Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы
қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал
шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған
республикалық бюджеттен берілетін ағымдағы
нысаналы трансферттерді пайдалану қағидаларына
4-қосымша               

«Бекітемін»
_______________ облысы
Ауыл шаруашылығы басқармасының
бастығы _________ (аты-жөні, қолы, мөрі)
2012 жылғы «__» ____________

_______________________ облысы бойынша 2012 жылдың ___ ____ үшін асыл тұқымды өнімді (асыл тұқымды материалды)
_____________________________________________________________________
(асыл тұқымды және селекциялық төл, асыл тұқымды жұмыртқа, балапандар - қажеттісі қалдырылсын) сатып алу және субсидиялар төлеу туралы
біріктірілген жиынтық ведомост *

Атауы

Жылдық квота

Бір бірлік (бас, кг т/с, дана) үшін бюджеттік субсидиялар нормативі, теңге

Асыл тұқымды өнімнің асылдандыру мақсатына нақты сатып алынғаны (бас, кг т/с, дана)

Жылдың басынан бастап бюджеттік субсидиялардың тиесілі сомасы, теңге

Жылдың басынан бастап төленген, теңге

Бюджеттік субидиялардың тиесілі сомасының қалдығы, теңге

Төлеуге жатады, теңге

аудан

асыл тұқымды өнімді немесе асыл тұқымды материалды сатып алушы

(бас, кг, дана)

теңге

жыл басынанбастап

есепті ай ішінде












* сатып алынған асыл тұқымды өнімнің (асыл тұқымды материалдың) әрбір түріне жеке жасалады.

Мал шаруашылығы бөлімінің бастығы (жауапты тұлға) __________________
                                                   (аты-жөні, қолы)
Бухгалтер (жауапты тұлға) _____________________
                              (аты-жөні, қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады