Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің инфекциялық ауруларға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге қол қою туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 қыркүйектегі № 1224 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің инфекциялық ауруларға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімнің жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Қайрат Нематұлы Келімбетовке қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің инфекциялық ауруларға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастығы туралы келісімге қол қоюға өкілеттік берілсін.
      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.11.19 № 1461 Қаулысымен.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 20 қыркүйектегі
№ 1224 қаулысымен   
мақұлданған     

Жоба

Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің
инфекциялық ауруларға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастығы
туралы
КЕЛІСІМ

      Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа (бұдан әрі – ЕурАзЭҚ) мүше мемлекеттердің үкіметтері
      инфекциялық аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында, халықтың денсаулығын сақтау саласында өзара іс-қимылды одан әрі тереңдетуге жәрдемдесе отырып,
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің инфекциялық аурулардың таралу, олардың алдын алу және оларға қарсы күрес проблемаларын шешуде күш-жігерді біріктірудің орындылығын сезіне отырып,
      төмендегілер туралы келісті:

1-бап

      Тараптар өз мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес:
      инфекциялық аурулар деректерінің эпидемиологиялық мониторингінің стандартталған жүйесін одан әрі әзірлеу және енгізу мақсатында қосымшаға сәйкес ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердегі инфекциялық аурулардың мониторингі бойынша үйлестіруші орталыққа (мекемеге) ұсынылуы тиіс Инфекциялық аурулар туралы мәліметтердің тізбесіне сәйкес эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратпен;
      Тараптар мемлекеттерінің жекелеген халықаралық шарттарына сәйкес инфекцияларды тудыратын қоздырғыштардың штаммдарымен;
      Тараптар мемлекеттері арасындағы жекелеген халықаралық шарттарға сәйкес Тараптар мемлекеттерінің мүдделі ұйымдары мен мекемелерінің мамандарымен және инфекциялық аурулардың алдын алу саласындағы біліммен өзара алмасуды жүзеге асырады.

2-бап

      Тараптар:
      жоғары патогенді вирустан, туберкулезден, АИТВ/ЖИТС-тан, безгектен және басқа да әлеуметтік маңызды инфекциялық аурулардан пайда болған тұмаудың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі бағдарламаларды, жобаларды және іс-шараларды үйлестіреді;
      инфекциялық аурулардың, оның ішінде АИТВ/ЖИТС-тың, туберкулездің алдын алу және емдеу саласындағы нормативтік құқықтық актілерді үйлестіруді жүзеге асырады.

3-бап

      Тараптар:
      Тараптар мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттер азаматтарының АИТВ/ЖИТС-қа ерікті және құпия консультация алуға, тестілеуге және алдын алуға қолжетімдігін қамтамасыз етеді;
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің заңнамасына сәйкес инфекциялық аурулардың алдын алу және оларға қарсы күрес саласындағы мемлекетаралық ынтымақтастықты қолдайды;
      инфекциялық аурулардың, оның ішінде АИТВ/ЖИТС-тың және туберкулездің жаңа дәрілік препараттарын, оларды емдеудің қауіпсіз және тиімді әдістерін әзірлеуді қолдайды.

4-бап

      Тараптар:
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің шекара маңы аумақтарының безгек бойынша эндемиялық аудандарында кешенді эпидемияға қарсы келісілген кешенді іс-шараларды жүзеге асырады;
      безгектің алдын алу және оны емдеу бойынша жаңа қауіпсіз және тиімді дәрілік препараттарды әзірлеуді қолдайды.

5-бап

      Тараптар:
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің аумағында жоғары патогенді вирустан пайда болған тұмаудың таралуының мониторинг жүйелерін жетілдіру бойынша шаралар қабылдайды;
      халықты қажетті көлемде иммундау үшін жаңа буындағы вакциналарды қоса алғанда, тұмауға қарсы вакциналарды зерттеу, әзірлеу және өндіру саласындағы бірлескен күш-жігерін өрістетеді;
      жоғары патогенді вирустан пайда болған тұмауға қарсы іс-қимыл және тұмау пандемиясының пайда болуы тәуекелін азайту мақсатында ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің уәкілетті органдарының үйлестірілген іс-қимылын қамтамасыз етеді.

6-бап

      Тараптар төмендегідей жұмыстарды үйлестіруге жауапты орталық (мекеме) ретінде:
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттерде тұмау вирустарын зерделеу және диагностикалау бойынша «Вектор» вирусология және биотехнология мемлекеттік ғылыми орталығы» Федеральдық бюджеттік ғылыми мекемесін (Ресей Федерациясы, Новосибирск облысы, Кольцово р.п.);
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттерде тұмаумен сырқаттанушылықтың бірыңғай мониторингін жүзеге асыру бойынша - Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «Д.И. Ивановский вирусология ғылыми-зерттеу институты» федеральдық мемлекеттік бюджеттік мекемесі (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы) мен Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің «Тұмауды ғылыми-зерттеу институты» федеральдық мемлекеттік бюджеттік мекемесін (Ресей Федерациясы, Санкт-Петербург қаласы) айқындайды.
      Тараптар тұмаумен сырқаттанушылықтың мониторингі бойынша ұлттық орталықтарды (мекемелерді) айқындайды.

7-бап

      Тараптар ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттерде безгекті эпидемиологиялық қадағалау, алдын алу, диагностикалау және емдеу мәселелері жөніндегі кадрларды даярлау және қайта даярлау бойынша үйлестіруші орталық (мекеме) ретінде ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттердің тиісті бейіндегі институттарымен (орталықтарымен) өзара әрекет ететін Ресей Федерациясы Денсаулық сақтау министрлігінің И.М. Сеченов атындағы Бірінші Мәскеу мемлекеттік медицина университеті (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы) жоғары кәсіптік білім беретін мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесін айқындайды.

8-бап

      Тараптар:
      эпидемиологиялық жағдай шиеленіскен кезде төтенше жағдайларға ден қою бойынша халықаралық ынтымақтастық шеңберінде келісілген іс-қимылдар арқылы ұжымдық ден қоюды жүзеге асырады;
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттерде қолданыстағы эпидемияға қарсы мобильді құрылымдарды жаңғыртуға және жаңасын құруға, сондай-ақ олардың қызметін нормативтік-құқықтық реттеуге ықпал етеді;
      халықаралық маңызы бар эпидемиологиялық жағдайдың динамикасын есепке ала отырып, төтенше жағдайларға қарсы іс-қимыл стратегиясы мен тактикасын әзірлеуге қатысады;
      қазіргі заманғы ұйымдастыру, ақпараттық-талдау, болжау-модельдеу, диагностикалау, профилактикалық, емдік, кадрлық және өндірістік технологияларды енгізу негізінде төтенше жағдайларды қадағалау мен бақылаудың әдіснамасын жетілдіреді.

9-бап

      Тараптар төмендегідей жұмыстарды үйлестіруге жауапты мынадай орталықтарды (мекемелерді) айқындайды:
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттерде эпидемиялық жағдай шиеленіскен кезде ұжымдық ден қою проблемалары бойынша - Тұтынушылар құқықтары мен адамның салауаттылығын қорғау саласындағы қадағалау жөніндегі Федеральдық қызметінің «Микроб» «Ресей ғылыми-зерттеу обаға қарсы институты» Федеральдық денсаулық сақтау қазыналық мекемесін (Ресей Федерациясы, Саратов қаласы);
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттерде инфекциялық аурулар мониторингі бойынша - Тұтынушылар құқықтары мен адамның салауаттылығын қорғау саласындағы қадағалау жөніндегі Федеральдық қызметінің «Гигиена және эпидемиология Федеральдық орталығы» Федеральдық бюджеттік денсаулық сақтау мекемесін (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы);
      ЕурАзЭҚ-қа мүше мемлекеттерде инфекциялық патология саласында консультативтік және практикалық көмекті жүзеге асыру үшін мекемелер мен сарапшы мамандардың тізілімін жүргізу бойынша - Денсаулық сақтау министрлігінің «Эпидемиология және микробиология республикалық ғылыми-практикалық орталығы» мемлекеттік мекемесін (Беларусь Республикасы, Минск қаласы) айқындайды.
      Тараптар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-шы күніне дейін Тұтынушылар құқықтары мен адамның салауаттылығын қорғау саласындағы қадағалау жөніндегі Федеральдық қызметінің «Гигиена және эпидемиология Федеральдық орталығы» Федеральдық бюджеттік денсаулық сақтау мекемесіне (Ресей Федерациясы, Мәскеу қаласы) осы Келісімге қосымшаға сәйкес ақпарат жолдайды.

10-бап

      Осы Келісімнің ережелерін талқылауға және (немесе) қолдануға байланысты Тараптар арасындағы даулар келіссөздер және консультациялар жүргізу жолымен шешіледі.
      Егер Тараптардың бірі екінші Тарапқа жолдаған консультациялар және келіссөздер жүргізу туралы ресми жазбаша өтініші келіп түскен күнінен бастап алты ай ішінде Тараптар консультациялар және келіссөздер арқылы дауды реттемесе, онда дау Тараптары арасында оны шешудің тәсіліне қатысты өзге де уағдаластықтар болмаған кезде, Тараптардың кез келгені бұл дауды қарау үшін Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Сотына бере алады.

11-бап

      Осы Келісім өз мемлекеті қатысушысы болып табылатын басқа да халықаралық шарттардан туындайтын Тараптардың әрқайсысының құқықтары мен міндеттемелерін қозғамайды.

12-бап

      Тараптардың уағдаластығы бойынша осы Келісімге тиісті хаттамалармен ресімделетін өзгерістер енгізілуі мүмкін.

13-бап

      Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарламаны депозитарий алған күнінен бастап күшіне енеді.

14-бап

      Осы Келісім оған ЕурАзЭҚ-қа мүше болған басқа мемлекеттер қосылуы үшін ашық.
      Қосылу туралы құжаттар депозитарийге сақтауға тапсырылады. Қосылатын мемлекет үшін осы Келісім қосылу туралы құжатты депозитарий алған күнінен бастап күшіне енеді.

15-бап

      Әрбір Тарап депозитарийді жазбаша хабарлай отырып, осы Келісімнен шыға алады. Осы Келісімнің қолданысы депозитарий тиісті хабарламаны алған күнінен бастап алты ай өткеннен кейін осындай Тарапқа қатысты тоқтатылады.
      20___ жылғы «____»____________ __________________ қаласында орыс тілінде бір түпнұсқада жасалды. Осы Келісімнің түпнұсқа данасы осы Келісімнің депозитарийі бола отырып, Тараптарға оның расталған көшірмесін жолдайтын Еуразиялық экономикалық қоғамдастықтың Интеграция комитетінде сақталады.

      Беларусь Республикасының
      Үкіметі үшін

      Қазақстан Республикасының
      Үкіметі үшін

      Қырғыз Республикасының
      Үкіметі үшін

      Ресей Федерациясының
      Үкіметі үшін

      Тәжікстан Республикасының
      Үкіметі үшін

Еуразиялық экономикалық     
қоғамдастыққа мүше мемлекеттердің
инфекциялық ауруларға қарсы  
күрес саласындағы ынтымақтастығы
туралы келісімге        
қосымша            

ЕурАзЭҚ-на мүше мемлекеттерде инфекциялық аурулардың
мониторингі бойынша үйлестіру орталығына (мекеме) ұсынылуы тиіс
инфекциялық аурулардың тізбесі және олар туралы мәлімет
(тоқсан сайынғы нысан)

Инфекциялық аурулардың тізбесі

Инфекциялық аурулар туралы мәлімет

20______жыл
(есептік жыл)

20_____жыл
(есепті жылдың алдындағы жыл)

аурулар тіркелді

аурулар тіркелді

барлығы

оның ішінде туғаннан бастап 18 жасқа дейін

барлығы

оның ішінде туғаннан бастап 18 жасқа дейін

абс. саны

100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш

абс. саны

100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш

абс. саны

100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш

абс. саны

100 мың тұрғынға шаққандағы көрсеткіш

1

Тырысқақ

А00.0,









2

Іш сүзегі

А01.0









3

Басқа да сальмонеллез инфекциялары

А02









4

Шигеллез

А03









5

Туберкулез барлығы

А15-А19










оның ішінде











Бактериологиялық және гистологиялық тұрғыдан расталған тыныс алу ағзаларының туберкулезі

А15










көптеген дәрілерге төзімділігі – КДТ* анықталған










6

Оба

А20









7

Туляремия

А21









8

Күйдіргі

А22









9

Сарып ауруы

А23









10

Маңқа

А24.0









11

Жіті немесе шапшаң мелиоидоз, жітілеу және созылмалы мелиоидоз, анықталмаған мелиоидоз

А24.1

А24.2

А24.3

А24.4









12

Алапес (Гансен ауруы)*

А30









13

Дифтерия

А30









14

Көкжөтел

А37









15

Менингококк инфекциясы

А39









16

Лайм ауруы

А69.2









17

Бөртпе сүзек

А75









18

Сырттан кіргізілетін жабайы вируспен тудырылатын, параличтік жіті полиомиелит, Табиғи жабайы вируспен тудырылған параличтік жіті полиомиелит

А80.1,

А80.2









19

Құтырма

А82









20

Буынаяқтылар арқылы берілетін вирустық геморрагиялық қызбалар және вирустық геморрагиялық қызбалар – барлығы

А90, А91, А92, А95, А96, А98, А99










оның ішінде:











Бүйрек синдромды геморрагиялық қызба

А98.5










Қырым геморрагиялық қызбасы (Конго вирусымен тудырылатын)

А98.0










Денге қызбасы (классикалық денге қызбасы),Денге вирусы тудыратын геморрагиялық қызба

А90, А91










Рифт-Валли қызбасы (Рифт алабының)

А92.4










Сары қызба

А95










Ласс қызбасы

А96.2










Марбург вирусымен тудырылған ауру

А98.3










Эбол вирусымен тудырылған ауру

А98.4










Хунин геморрагиялық қызбасы

А96.0










Мачупо геморрагиялық қызбасы

А96.1










Батыс Ніл қызбасы

А92.3









21

Шешек

В03









22

Қызылша

В05









23

Қызамық (неміс қызылшасы)

В06









24

Вирустық гепатит барлығы

В15, В16, В17, В19










оның ішінде:











жіті А гепатиті

В15










жіті В гепатиті

В16










жіті С гепатиті

В 17.1









25

Адамның иммун тапшылығы вирусынан (АИТВ) тудырылған ауру

В20- В24









26

Эпидемиялық паротит

В26









27

Безгек

В50, В51, В52, В53.0









28

Нақтыландырылған тұмау вирусы тудырған тұмау, тұмау, вирус нақтыландырылмаған

J10, J11









29

Адамның имунитет тапшылығы вирусымен (АИТВ) тудырылған симптомсыз инфекция статусы

Z21









30

Көрсетілген тізбеге енгізілмеген ерекше өңірлік проблема тудыратын басқа да инфекциялық аурулар










Мәлімет есепті жылдың қорытындысы бойынша ұсынылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады