2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға Қосымша хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 қыркүйектегі № 1242 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға Қосымша хаттаманың жобасы мақұлдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымовқа қағидаттық сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы Есірткіні бақылау және құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету саласындағы өзара түсіністік туралы меморандумға Қосымша хаттамаға қол қоюға өкілеттік берілсін.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     С. Ахметов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің     
2012 жылғы 27 қыркүйектегі
№ 1242 қаулысымен  
мақұлданған     

Жоба

2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi
мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi арасындағы Есiрткiнi
бақылау және құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету саласындағы өзара
түсiнiстiк туралы меморандумға
Қосымша хаттама

(2012 жылғы 28 қыркүйекте күшіне енді -
Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені,
2013 ж., N 1, 4-құжат)

I. Жалпы ережелер

      А. Бұдан әрi Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттарының Үкiметi 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Үкiметi мен Америка Құрама Штаттары Үкiметiнiң арасындағы Есiрткiнi бақылау және құқықтық тәртiптi қамтамасыз ету саласындағы өзара түсiнiстiк туралы меморандумның (бұдан әрi – Меморандум) және осы Қосымша хаттаманың шарттарына сәйкес ағымдағы жобаларды қолдау мақсатында Меморандумға өзгерiстер енгiзуге келiседi. Жобалар және олардың мақсаттары төмендегi II және III бөлiмдерде толық сипатталған. 2002 жылғы 12 желтоқсандағы Меморандумның барлық басқа мiндеттемелерi мен шарттары күшiнде қалады және толық көлемде қолданылады.
      В. Америка Құрама Штаттарының Үкiметi төменде сипатталған жобалар шеңберiнде Қазақстан Республикасының Үкiметiне қосымша көмек көрсету үшiн 845000 (сегіз жүз қырық бес мың) АҚШ долларын ұсынады. Америка Құрама Штаттарының Үкiметi Меморандумның және осы Қосымша хаттаманың шарттарына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкiметi үшiн Америка Құрама Штаттары Үкiметiнiң басқа органдары және жағдайға байланысты басқа да институттары арқылы оқытуға ақшалай қаражат бөлу арқылы тиiстi оқытуды және жабдықты ұсынады.
      С. Осы Қосымша хаттамада көзделетiн қаржы Қазақстан Республикасының Үкiметiне:
      1) есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күрестегi күш-жiгерде;
      2) адамдарды сатуға, есiрткi заттарының, прекурсорлардың және басқа да контрабанданың заңсыз айналымына; террористер мен террористiк сипаттағы материалдарды өткiзуге; сондай-ақ заңсыз жолмен алынған табыстарды алып өтуге қарсы күрес мақсатында шекара қауiпсiздiгiн күшейтуде;
      3) адамдарды сатуға қарсы iс-қимылда;
      4) есiрткiге сұранысты азайту мақсатында қабылданып жатқан iс-қимылда;
      5) заңсыз жолмен алынған табысты жылыстатуға қарсы iс-қимылда жәрдем көрсетуге бағытталған бес жобаға қолданылады.
      D. Осы жобаларды қолдауда Тараптардың қабылдайтын iс-қимылдары мен ұсынатын ресурстары төменде көрсетiлген.
      E. Осы жобалар бойынша қаржыландыруды бөлу Америка Құрама Штаттары Конгресiнiң жыл сайынғы мақұлдауы мен қорларға ақша бөлуiне, сондай-ақ оларды Америка Құрама Штаттары Мемлекеттiк Департаментiнiң бекiтуiне байланысты.
      F. Салықтар мен басқа да алымдар туралы ереже 1992 жылғы 20 мамырда қол қойылған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы жәрдем көрсетуді жеңілдету жөніндегі ынтымақтастыққа қатысты келісімде» және ратификацияланған «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы жәрдем көрсетуді жеңілдету жөніндегі ынтымақтастыққа қатысты келісімді ратификациялау туралы» 2012 жылғы 27 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында реттеледі.
      F. тармағын қолдану үшін мынадай қағидалар қолданылады:
      Осы Келісімнің шеңберінде өткізілетін кез келген іс-шара бойынша Қазақстан Республикасының тарапынан ұйымдастырумен айналысатын ведомство Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне және Салық комитетіне іс-шараны іске асыруға жұмылдырылған адамдар туралы мәліметтерді хабарлауға тиіс.
      Осы Келісімнің шеңберінде өткізілетін іс-шаралар шеңберінде кез келген жабдықты және тауарларды сатып алу және импорттау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасының тарапынан ұйымдастырумен айналысатын ведомство Кедендік бақылау комитетіне және Салық комитетіне Қазақстан Республикасының кедендік шекарасын кесіп өту сәтіне дейін хабарлауға тиіс.
      Қазақстанның резиденттері емес қызмет көрсетушілерге төлемдерді Америка Құрама Штаттары Қазақстан Республикасының қандай да бір ведомствосы арқылы емес, тікелей осы адамдарға төлейді.

II. Жобалардың сипаты, мақсаттары және бағалау

      A. Есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi жоба
      1) Осы жоба құқық қорғау органдарының әлеуетiн арттыру және өңiрлiк және халықаралық ынтымақтастықты жетілдіру арқылы есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы іс-қимыл бойынша Қазақстанның күш-жiгерiне жәрдем көрсетуге бағытталған. АҚШ Үкіметі қылмыстық тәртіпте тергеуді табысты жүргізу, ізге түсу және есірткі сатушыларды жауапкершілікке тарту мақсатында Ішкі істер министрлігі Алматы академиясының Есiрткiнің заңсыз айналымына қарсы күрес жөнiндегi ведомствоаралық оқу орталығының және басқа да оқу институттарының базасында есірткінің заңсыз айналымына қарсы күреске тартылған ведомстволардың жедел бөлімшелерінің қызметкерлері, сондай-ақ тергеушілер, прокурорлар мен судьялар үшін мамандандырылған оқу курстарын өткізуде қолдау көрсетуді жалғастырады. Сонымен қатар қаржы қаражаты тергеудің бастапқы кезеңінде есірткі қылмыстарының нәтижесінде алынған табыстарды жылыстату бойынша фактілерді анықтау мәселелері жөніндегі оқу іс-шараларын және консультациялар өткізуге бағытталады. Жобаның қаржы қаражаты есірткінің заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды табысты тергеуді жүргізу мақсатында Қазақстан Республикасының құқық қорғау ведомстволары мен олардың шетелдегі әріптестері арасында кәсіби қатынастарды дамытуды қолдауға да бағытталатын болады. АҚШ Үкіметі Қазақстан Республикасының заңнамасын жетiлдiруге жәрдем көрсету мақсатында есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күрес саласындағы заңнама мен басқа елдердiң озық тәжiрибесi жөніндегі ақпаратты ұсына алады.
      2) Америка Құрама Штаттарының Үкiметi:
      - нұсқаушыларды, сарапшыларды және қажеттi оқу материалдарын ұсынады;
      - жобаның мақсаттары үшiн қажеттi сатып алулар жүргiзедi;
      - жоба талаптарына сай келетін құжаттарды ұсыну бойынша қазақстандық тараптан семинарларға қатысушылардың көлiк шығыстарын өтейдi;
      - қазақстандық қатысушыларға тәулiктiк ақы бередi.
      3) Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      - оқу iс-шараларын өткiзуге арналған орынмен қамтамасыз етедi;
      - есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы күрес мәселелерi және оқу  iс-шараларына қатысы бар басқа да мәселелер бойынша ұлттық заңнама саласында мамандар болып табылатын тең нұсқаушыларды ұсынады;
      - жоба үшiн қажеттi ақпаратты (тегі, аты, әкесінің аты) қоса алғанда, оқу iс-шараларына қатысу үшiн ұсынылған кандидаттардың тiзiмiн iс-шара басталғанға дейiн 15 жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынады;
      - Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшiлiгiне жобаны iске асырудың әрбiр жылдағы алынған есiрткiнiң, психотроптық заттар мен прекурсорлардың саны, есiрткiнiң заңсыз айналымына байланысты ашылған қылмыстардың саны және өндiрiстегi iстер мен есiрткiнiң заңсыз айналымына байланысты қылмыстарды жасағаны үшiн шығарылған үкiмдер саны туралы статистикалық мәліметтердi ресми арналар бойынша келесi жылдың 31 қаңтарынан кешiктiрмей ұсынады.
      4) Жобаның мақсаттарына қол жеткiзудегi табыс мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:
      - жоғары тұрған басшылар, сарапшылар мен оқытушылар оқу iс-шаралары шеңберiнде немесе техникалық жәрдем көрсету арқылы алынған дағдыларды тергеуде және жедел iс-шараларын өткiзуде колданылатынын растайды;
      - қатысушылар қылмыстық тәртіпте тергеу, ізге түсу және жауапкершілікке тарту жөніндегі іс-шараларды өткізу барысында кәсіби білімдерін көрсетеді;
      - тергеудің бастапқы кезеңінде есірткі қылмыстарының нәтижесінде алынған табыстарды жылыстату фактілерін анықтау саласындағы кәсіби дағдыларын көрсетеді.
      B. Шекара қауiпсiздiгiн жақсарту жөнiндегi жоба
      1) АҚШ Үкіметі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі (бұдан әрі – Шекара қызметі) мен АҚШ-тың құқық қорғау органдары арасында кәсіби қатынастарды дамытуға жәрдем көрсетуді жалғастырады. Қаржы қаражаты Қазақстан шекарасының су және құрлық учаскелерінде операцияларды табысты өткізу мақсатында Шекара қызметінің қызметкерлері мен Шекара қызметінің оқу институттарының оқытушылары үшін мамандандырылған оқу іс-шараларын ұйымдастыруға бағытталады. Қаржы қаражаты оқу процесінің тиімділігі үшін қосалқы құралдар ретінде оқу өнімдерін әзірлеу үшін пайдаланылуы мүмкін. Жоба шеңберінде қызметтiк иттердi есiрткi, жарылғыш заттарды және басқа да контрабанданы iздеуге үйрету бойынша кинолог мамандардың бiлiктiлiгін арттыру курстарын өткізу, сондай-ақ кинологиялық қызметтер қызметкерлерінің ғылыми әлеуетiн дамыту арқылы кинология саласында жәрдем көрсету жалғасатын болады.
      2) Америка Құрама Штаттарының Үкiметi:
      - жобаның мақсаттары үшiн қажеттi сатып алулар жүргiзедi;
      - нұсқаушылар мен оқу материалдарын ұсынады;
      - жобаның талаптарына сай келетін құжаттар ұсыну бойынша қазақстандық тараптан оқу семинарларына қатысушылардың көлiктiк шығыстарын өтейдi;
      - қазақстандық қатысушыларға тәулiктiк ақы ұсынады;
      - Америка Құрама Штаттары Үкiметiнiң қаржыландыруы есебiнен өткiзілетiн алдағы тренингтер мен семинарлар туралы ақпаратты iс-шара басталғанға дейiн 30 жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынады.
      3) Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      - есiрткiнiң заңсыз айналымына қарсы iс-қимыл жасау мәселелерi және оқу iс-шараларына қатысы бар басқа да мәселелер жөніндегі ұлттық заңнама саласында мамандар болып табылатын тең нұсқаушыларды ұсынады;
      - оқу iс-шараларын өткiзуге арналған орынмен қамтамасыз етедi;
      - бар болған жағдайда оқу процесiне арналған жабдықты ұсынады;
      - жоба үшін қажеттi ақпаратты (тегі, аты, әкесінің аты) қоса алғанда, оқу iс-шараларына қатысу үшiн ұсынылған кандидаттардың тiзiмiн iс-шара басталғанға дейiн 15 жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынады;
      - Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшiлiгiне жобаны iске асырудың әрбір жылдағы алынған есiрткiнiң, психотроптық заттардың, прекурсорлардың, өткiзу пункттерiнде ұсталған заңсыз мигранттардың, контрабандалық тауарлардың саны туралы статистикалық мәліметтердi ресми арналар арқылы келесi жылдың 31 каңтарынан кешiктiрмей ұсынады.
      4) Жобаның мақсаттарына қол жеткiзудегi табыс мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:
      - кинологиялық қызметтер кәсіби дағдыларын, қылмыстарды тергеуге қосқан үлесін, сондай-ақ ғылыми әлеуетін көрсетеді;
      - мамандандырылған оқу іс-шараларына қатысқан Шекара қызметі мен оның институттарының өкілдері шекараның құрлық және су учаскелерінде құқық қорғау операцияларын табысты жүргізеді.
      C. Адамдарды сатуға қарсы iс-қимыл жөнiндегi жоба
      Жоба адам саудасы құрбандарын табысты анықтау, адам саудасына байланысты істер бойынша тергеу мен қылмыстық қудалау және адам саудалаушыларды жауапкершілікке тарту жөніндегі құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, прокурорлар мен судьялардың, сондай-ақ басқа да мүдделі мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыру бағдарламасын жалғастырады. Есiрткiге қарсы халықаралық күрес және заңдылықты сақтау бөлiмi (INL) Криминалдық полиция комитетінің адам трафигіне қарсы күрес жөніндегі мамандандырылған топтарының жедел қызметкерлерін, Көші-қон полициясы комитетінің қызметкерлерін, учаскелік инспекторларды, кезекші инспекторларды, тергеушілерді, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясының) қызметкерлерін, еңбек инспекторларын және адам саудасы мәселелерімен айналысатын басқа да мемлекеттік қызметшілерді оқытуды қаржыландырады.
      INL Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қарағанды академиясы Заңсыз көші-қонға және адам саудасына қарсы күрес жөніндегі оқу орталығының, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Біліктілікті арттыру институтының, Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты Сот төрелігі институтының базасында семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар өткізуді қаржыландырады. INL оқу іс-шараларын өткізу үшін жергілікті және халықаралық сарапшыларды ұсынады, олардың келуіне байланысты шығыстарды және гонорарларды өтейді, сондай-ақ оқу материалдарын жариялауды қаржыландырады. Жергілікті жерлерде қатысушылардың көпшілік санын тарту үшін кейбір оқу іс-шаралары Қазақстанның түрлі өңірлерінде үкіметтік емес ұйымдардың қатысуымен облыстық немесе өңірлік деңгейде өтетін болады. INL мемлекеттік органдар өкілдерінің адам саудасы тәрізді мұндай қылмыстың анықтаудан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартуға дейінгі барлық кезеңін түсінуін жақсарту үшін оларға арналған кейбір семинарлар және/немесе шетелге танысу турларын қаржыландырады. Қаржы қаражатының бір бөлігі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заңсыз көші-қонға және адам саудасына қарсы күрес жөніндегі оқу орталығын дамытуға бағытталады.
      2) Америка Құрама Штаттарының Үкiметi:
      - халықаралық және жергiлiктi сарапшыларды және оқу материалдарын ұсынады;
      - жоба мақсаттары үшiн қажеттi сатып алулар жүргiзедi;
      - Америка Құрама Штаттары Үкiметiнiң қаржыландыруы есебiнен өткiзетiн алдағы тренингтер мен семинарлар туралы ақпаратты iс-шара басталғанға дейiн 30 жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынады;
      3) Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      - оқу iс-шараларын өткiзуге арналған орынмен қамтамасыз етедi;
      - адам саудасына қарсы iс-қимыл мәселелерiне және оқу iс-шараларына қатысы бар басқа да мәселелер бойынша ұлттық заңнама саласында мамандар болып табылатын тең нұсқаушыларды ұсынады;
      - қажеттi ақпаратты (тегі, аты, жөні) қоса алғанда, оқу iс-шараларына қатысу үшiн ұсынылған кандидаттардың тiзiмiн iс-шара басталғанға дейiн 15 жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынады;
      - Америка Құрама Штаттарының Қазақстан Республикасындағы Елшiлiгiне жобаны iске асырудың әрбiр жылдағы Қазақстан Республикасындағы қамаулардың, iс өндірісіндегi iстердiң және шығарылған сот үкiмдерiнiң саны бойынша статистикалық мәліметтерді ресми арналар арқылы келесi жылдың 31 қаңтарынан кешiктiрмей ұсынады.
      4) Жобаның мақсаттарына қол жеткiзудегi табыс мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:
      - жоғары тұрған басшылар, сарапшылар мен оқытушылар оқу iс-шаралары шеңберiнде немесе техникалық жәрдем көрсету арқылы алынған дағдылардың тергеуде және жедел iс-шараларды өткiзуде қолданылатынын растайды;
      - жоғары тұрған басшылар, сарапшылар мен оқытушылар қатысушылардың адам саудасы құрбандарын анықтау саласындағы кәсіби білімдерін, оқу іс-шаралары шеңберінде және оқу бағдарламалары мен техникалық жәрдем көрсету іс-шараларына сәйкес техникалық жәрдем көрсету арқылы алынған жедел және тергеу рәсімдерін қолданатынын растайды;
      - қатысушылар тергеу, қылмыстық тәртіпте қудалау жүргізу және жауапкершілікке тарту барысында кәсіби білімін көрсетеді.
      D. Есiрткiге сұранысты азайту бойынша шараларды күшейту
жөнiндегi жоба
      1) Осы жоба шеңберiнде оқушылар арасында есірткі тұтынуды және өзге қылмыстық әрекеттер жасауды болдырмауға бағытталған D.A.R.E. бағдарламасына сәйкес мектеп инспекторлары мен өңiрлерде өз әрiптестерiн оқытатын нұсқаушыларды оқыту үшiн Бiлiм және ғылым министрлiгiмен және басқа да тиiстi ведомстволармен жұмыс жалғасады. Жобаның қаржы қаражаты семинарлар, ақпараттық науқандар өткізуге, оқу материалдарын шығаруға, нашақорлықтың алдын алу үшін қоғамдық ақпаратты және ресурстарды арттыруға арналған оқу іс-шараларын өткізуге бағытталған.
      2) Америка Құрама Штаттарының Үкiметi:
      - нұсқаушыларды және қажеттi оқу материалдарын ұсынады;
      - техникалық жәрдем көрсетедi және консультанттарды ұсынады;
      - Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттары Үкiметтерiнiң өзара шешiмi бойынша қажеттi жабдықты ұсынады.
      3) Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      - оқу iс-шараларын өткiзуге арналған орынмен қамтамасыз етедi;
      - қолда бар оқу жабдығын ұсынады;
      - жобаға қатысу үшiн ұсынылған кандидаттардың тiзiмiн (тегі, аты, әкесінің аты) iс-шара басталғанға дейiн 15 жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынады.
      4) Жобаның мақсаттарына қол жеткiзудегi табыс мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:
      - оқушылар арасында есірткі тұтынуды және өзге қылмыстық әрекеттер жасауды болдырмауға бағытталған D.A.R.E. бағдарламасына сәйкес қатысушы полиция офицерлері қызметтік өкілеттіліктерді орындауға қажетті кәсіби дағдыларды көрсетті;
      - қатысушы оқушылар есірткіге қарсы тұрақты дағдылары мен білімдерін көрсетті.
      Е. Заңсыз жолмен алынған табысты жылыстатуға қарсы iс-қимыл
жөнiндегi жоба
      1) Америка Құрама Штаттарының Үкіметі Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасымен, Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігімен (қаржы полициямен) және басқа да тиісті ведомстволармен ынтымақтастықта заңсыз жолмен алынған табыстарды жылыстатуға қарсы күреске арналған қажетті техникаларға үйретеді. Оқыту Қазақстан Республикасының экономикалық және қаржы қылмыстарын тергеумен және қылмыстық қудалаумен айналысатын, сондай-ақ экономикалық қызметтің қаржы мониторингіне жауапты және экономикалық және қаржы ұйымдары қызметін қадағалауды жүзеге асыратын барлық мемлекеттік органдардың өкілдері үшін жариялы болады.
      АҚШ Үкіметінің көмегіне күмәнді қызмет туралы хабарламаларды анықтауға және оны одан әрі өңдеуге және талдауға оқытуды, есеп беруге міндетті ұйымдарды және басқа да тиісті субъектілерді қадағалау жөніндегі озық тәжірибеге үйретуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетіне (ҚМК), Қазақстан Республикасы Ұлттық банкке, жеке сектор өкілдеріне көрсетілетін техникалық жәрдемдесу де кіреді.
      1) Америка Құрама Штаттарының Үкiметi:
      - нұсқаушыларды және қажеттi оқу материалдарын ұсынады;
      - Қазақстан Республикасы және Америка Құрама Штаттары Үкiметтерiнiң өзара шешiмi бойынша қажеттi жабдықты ұсынады;
      - жергілікті серіктестіктермен ынтымақтастықта АҚШ Үкіметі қаржыландыратын іс-шаралар кезінде техникалық жәрдем көрсетеді.
      2) Қазақстан Республикасының Үкiметi:
      - оқу iс-шараларын өткiзуге арналған орынмен қамтамасыз етедi;
      - қолда бар оқу жабдығын ұсынады;
      - жобаға қатысу үшiн ұсынылған кандидаттардың тiзiмiн (тегі, аты, әкесінің аты) iс-шара басталғанға дейiн 15 жұмыс күнiнен кешiктiрмей ұсынады;
      - ақшалай қаражатты жылыстатуға қарсы іс-қимыл саласында және оқу іс-шараларына қатысы бар басқа да салаларда қазақстандық заңнаманы білетін жергілікті нұсқаушылардың қатысуын қамтамасыз етеді.
      3) Жобаның мақсаттарына қол жеткiзудегi табыс мынадай өлшемшарттар бойынша бағаланады:
      - Қазақстан Республикасының ресми статистикасында көрсетілген ақшаны жылыстату жөніндегі елеулі істерді табысты қылмыстық қудалау;
      - оқудан ойдағыдай өткен, күмәнді операцияларды анықтау тәсілдері, сондай-ақ осындай қызметті талдаудың үздік тәсілдері туралы білімдерін көрсеткен қатысушылардың саны;
      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті құқық қорғау органдарына берген ақшалай қаражатты жылыстату жөніндегі жоғары сапалы істердің санын арттыру;
      - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінен алынған ақпарат бойынша құқық қорғау органдары тергеген істердің саны.

III. Бағалаудың жалпы жоспары

      A. Осы Қосымша хаттаманың II бөлiмiнiң A-Е-тармақтарында көрсетiлген жобалардың әрқайсысын бағалау кезiнде Тараптар:
      1) осы Қосымша хаттамаға қол қойған күннен бастап жылына кемiнде бiр рет:
      талқылау сәтiнде қол жеткiзiлген табыстарды;
      жобаларды жетiлдiру немесе оларға өзгерiстер енгiзу жөніндегі ұсыныстарды талқылау үшiн кездесуге;
      2) жобаларға енгiзiлген бұрынғы өзгерiстердiң қаншалықты нәтижелі болғанын талдауға келiстi.
      В. Әрбiр жобаның қорытынды кезеңiнде Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң және Америка Құрама Штаттарының Елшілігі Есiрткiге қарсы халықаралық күрес және заңдылықты сақтау бюросының (INL) өкiлдерi болашақтағы жобалардың тиiмдiлiгiн арттыруға мүмкiндiк беретiн жетiстiктер мен кемшiлiктерге жан-жақты сипаттама бере отырып, әрбiр жобаны толық бағалауды жүргiзедi.

IV. Жалпы ережелерге толықтыру

      А. Есiрткiнiң заңсыз айналымының анықтамасы
      Заңсыз мақсатта егу, өндiру, дайындау, тарату, сату, қаржыландыру немесе тасымалдау мақсатында қабылданған кез келген әрекет есiрткiнiң заңсыз айналымын, сондай-ақ есiрткi немесе психотроптық заттарға, прекурсорларға немесе басқа да бақыланатын заттарға жататын заңсыз жолмен алынған табыстарды жылыстатуды (заңсыз жолмен алынған табыстардың шынайы шығу жерiн, көзiн, бөлiнуiн, қозғалысын немесе тиiстiлiгiн жасыру немесе жасырып қалу мақсатында табысты алып өту, басқа шотқа аудару, қайта ұйымдастыру, басқа валютаға айналдыру немесе заңды жолмен алынған табыстармен араластыру процесі ретiнде айқындалады) қоса алғанда, кез келген құқық бұзушылықты жасау мақсатында қылмысқа астыртын дем беру, өршiту, қатысу және қылмыстық келiсiмге келудi бiлдiредi.
      B. Қаржы аудитi
      Үздiксiз қаржыландыру жағдайында Америка Құрама Штаттары Үкiметiнiң есептiлiгi бойынша ағымдағы бақылау талаптарына сәйкес қаржыландыруға жыл сайын тексеру (аудит) жүргiзiледi.

V. Қорытынды

      Осы Қосымша хаттама оған қол қойылған күннен бастап күшiне енедi және Тараптар осы Қосымша хаттамада көзделген барлық мiндеттемелердi орындағаннан кейiн өз қолданысын тоқтатады.
      2012 жылғы «__» _____ Астана қаласында, әрқайсысының бiрдей заңды күшi бар қазақ, ағылшын және орыс тiлдерiнде екi түпнұсқа данада жасалды.

      Қазақстан Республикасының       Америка Құрама Штаттарының
            Үкiметi үшiн                    Үкiметi үшiн

Қазақстан Республикасы Үкіметі мен
Америка Құрама Штаттарының Үкіметі арасындағы
КЕЛІСІМГЕ Қосымша

Негізгі келісім Келісімге толықтыру  Қосымша

Келісім нөмірі #:
2003-01

Негізгі келісімге қол қойылған күн:
12/12/2002

Қосымша хаттама №:
10

Жоғарыда көрсетілген тараптар жобаны келісімде көрсетілген шарттарға сәйкес іске асыруға келіседі:

Жобаның сипаты

Стандарттық ережелер

A қосымшасы

В қосымшасы

АҚШ Елшілігіне бөлінген және осы келісімде облигацияланған қаржы қаражаты: $ 845,000

Бөлу үшін қолда бар, бірақ Вашингтондағы INL бөлімі ұстап қалған қаржы қаражаты: $ 0

Осы Келісім шеңберінде бөлінген жалпы сома: $ 845,000

Сома, қаражат және қаражатты бөлу: $ 795,000 – 1911121022.0000 - 0643

Қосалқы облигациялаудын жүзеге асырылатын күні: 2013 жылғы 13 қыркүйек

Қаражаттың бар-жоғын растау (Қаржы менеджері): ________ _______
                                                 Қолы    Күні

Қазақстан Республикасының Үкіметі Америка Құрама Штаттарының
             үшін                       Үкіметі үшін
_______________________________   _______________________________
Күні: _________________________   Күні: _________________________

Жобалар бойынша қаржыландыруды бөлу

Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Америка Құрама Штаттарының
Үкіметі арасындағы Келісім шеңберінде бөлінген жобаларды қаржыландыру

АҚШ Елшілігіне бөлінген қаржы қаражаты

Бөлінген қаржы коды: 1911121022.0000           Бөлу коды: 0643 

Жобаның нөмірі

Жобаның атауы

Жалпы сомасы

IN23KZ03

Есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес (бұрын – есірткінің жолын кесу)

$ 159,000

IN14KZ04

Шекара қауіпсіздігі (бұрын – шекара қауіпсіздігі саласындағы қайта ұйымдастыру, реформа және операциялар)

$ 202,000

IN35KZ06

Адам саудасына қарсы іс-қимыл (бұрын – адам саудасы)

$ 256,000

IN25KZ08

Есірткіге сұранысты азайту

$ 106,000

IN32KZ02

Заңсыз жолмен алынған табыстарды жылыстатуға және қаржы қылмыстарына қарсы іс-қимыл

$ 122,000


Жиыны


Барлық жобалар бойынша


$ 845,000

INL кеңсесінде облигациялау үшін ұсталған қаржы қаражаты

Бөлінген қаржы коды:                               Бөлу коды:

Жобаның нөмірі

Жобаның атауы

Жалпы сомасы



$




$




$








$


Жиыны

Барлық жобалар бойынша

$

0

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады