Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Конкурстан тыс рәсімдерді 2012 – 2014 жылдарға бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 318 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулыға қосымша:
мынадай мазмұндағы 10-тармақпен толықтырылсын:
«10. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі:
мәдениет саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер.».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов