Конкурстан тыс рәсімдерді 2012 - 2014 жылдарға бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 318 Қаулысы

      «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 27-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес конкурстан тыс рәсімдерді республикалық бюджеттен 2012 - 2014 жылдарға бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру ғылыми-техникалық бағдарламалар бойынша жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                             К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 12 наурыздағы
№ 318 қаулысына  
қосымша     

Бағдарламалық-нысаналы қаржыландырылуы конкурстан тыс рәсімдер
арқылы республикалық бюджеттен жүзеге асырылатын
ғылыми-техникалық бағдарламалар

      Ескерту. Бағдарламалар жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.04.06 № 420, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 N 1757 Қаулыларымен.

      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі:
      1) қатты отынды тұтандырудың плазмалық технологиясының ғылыми-техникалық негізін әзірлеу және оны зертханада және өнеркәсіптік жағдайда сандық және эксперименталдық зерттеу;
      2) Қазақстан Республикасының индустриялық дамуын пайдалы қазбалар қорымен толтырудың ғылыми негіздемесі;
      3) жаңа материалдар синтезі, мұнай, мұнай өнімдерін және құрамында көміртекті газдар бар каталитикалық қайта өңдеу, технологияларын әзірлеу;
      4) көмір, органикалық және полимерлік шикізат негізінде металдардың нанобөлшектерін және кеміртекті нанотүтіктерді қатыстыра отырып, жасалатын нанокомпозитгік материалдарды алу мен қолдану технологияларын әзірдеу;
      5) түсті металлургияның қалдықтарынан және жартылай өнімдерінен металл сурьма мен оның қоспаларын алудың тиімділігі жоғары экологиялық таза жаңа технологиясын әзірлеу;
      6) темір бокситтерін қайта өңдеудің Байер-гидрогранат технологиясын әзірлеу;
      7) отқа төзімділігі жоғары кәбіл өнімдері өндірісін құру;
      8) арнайы мақсаттағы аса берік ситталдар алу, олардың құрылысы мен қасиеттерін зерттеу;
      9) металл және ағаш конструкциялар үшін оттан сақтайтын әлемдік
деңгейдегі отандық төсемдер өндірісін құру;
      10) Ipkon жаңа силикатты бекіткіші: интернационализация және
экспорттық жылжыту;
      11) Қарағанды метаны;
      12) Қазақстанның жерасты сулары;
      13) Қазақстан Республикасында микроэлектроника мен роботты техниканың ақпаратты-технологиялық базасын құру;
      14) CUDA-технологияны пайдалана отырып, имитациялық модельдеудің жоғары өндірістік жүйесін құрудың ғылыми-әдістемелік негіздерін әзірлеу;
      15) арнайы мақсаттағы роботтар мен роботты технологиялық жүйелердің тәжірибелік-конструкторлық әзірлемелері;
      16) GPU-процессорларды қолдану арқылы суперкомпьютерлі гибридті кластер құрудың технологиясын әзірлеу;
      17) Қызылорда облысында мұнай өндіру кезінде бүлінген экожүйені биоремедиациялау;
      18) Арал маңының тұзды топырағының құнарлылығын қалпына
келтірудің биотехнологиялық тәсілдерін қолдану;
      19) ауыл шаруашылығы және қоршаған ортаны қорғау үшін микробтық препараттарды тәжірибелік-өнеркәсіптік өндіру технологиясын әзірлеу және ұйымдастыру;
      20) ірі қара малдың бруцеллезі: эпизоотологиялық жағдайдың мониторингі, диагностика мен алдын алу құралдарын әзірлеу;
      21) Қазақстан Республикасының аумағында мекендейтін киіктердің популяциясында жұқпалы аурулар циркуляциясының эпизоотологиялық мониторингі және алдын алу әдістерін әзірлеу;
      22) ДНК-технологияларын қолдану негізінде Қазақстан тұрғындарының жекелеген топтары үшін генетикалық паспорттар жасау;
      23) Қазақстан Республикасында микробиологиялық ресурстарды құру, сақтау, есепке алу және қолдану;
      24) Қазақстан флорасының мәдени, интродукцияланған және жабайы есетін есімдіктері негізінде дәрілік препараттар, биологиялық белсенді қоспалар мен арнайы тағам өнімдерін және басқа материалдар жасаудың биотехнологиясы;
      25) Ovis және Сарrа жануарлар тегінің ex situ сақтауының ғылыми негіздерін әзірлеу;
      26) адам мен жануар ағзасының соматикалық және висцералдық жүйелерін реттеудің физиологиялық тетіктері;
      27) Қазақстан Республикасының су қауіпсіздігін қамтамасыз етудің географиялық негіздері;
      28) Қазақстан Республикасының таулы және жазық аумақтарының табиғатын пайдаланудың қауіпсіздігін қамтамасыз етудің географиялық негіздері;
      29) Қазақстан Республикасында болжау және шығынды азайту мақсатында табиғи және техногендік сипаттағы күшті және қиратушы жер сілкіністері көріністерінің заңдылықтарын зерттеу;
      30) Қазақстан медицинасының, ауыл шаруашылығының және қоршаған ортасының мұқтаждығы үшін отандық геномдық-протеомдық және жасушалық технологиялар әзірлеу;
      31) жаңа әдістемелік негізде Алматы қаласының аумағын сейсмикалық микроаудандастыру картасын әзірлеу;
      32) «Ғылыми қазына» пәнаралық бағдарламасы;
      33) түркілік геосаяси феномен: Қайнар көзі, сабақтастығы.

      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасында атом энергетикасын дамыту;
      2) Қазақстандық Тоқамақ термоядролық материалтану реакторын құру мен пайдалануды ғылыми-техникалық қолдау;
      3) ДЦ-60 ауыр иондар үдеткіші базасында физика, химия, биология және озық технологиялар саласындағы кешенді ғылыми зерттеулерді дамыту;
      4) тау-кен саласының дамуын ғылыми-техникалық қамтамасыз ету;
      5) инфекцияға қарсы жаңа препараттар жасау.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі:
      денсаулық сақтау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер:
      1) үдемелі респираторлы ауруларды диагностикалаудағы және емдеудегі инновациялық технологиялар;
      2) созылмалы жұқпалы емес аурулардан келетін қоғамның алдын алуға болатын шығындары профилактикасының концептуалды тәсілдерін әзірлеу;
      3) ауылдық аумақта тұратын халықтың денсаулығын қорғау және санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығын қамтамасыз ету саласында кешенді бағдарламалар әзірлеу;
      4) халықтың биологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету негізі ретінде карантиндік және зооноздық инфекциялар мониторингінің тиімділігін арттыру;
      5) Қазақстан Республикасының ауыл тұрғындарына қызмет көрсететін медициналық ұйымдарды дамытудың инновациялық технологияларын әзірлеу;
      6) туберкулездің резистентті нысанын сапалы диагностикалаудың және емдеудің жаңа технологияларын әзірлеу және енгізу;
      7) қатерлі ісіктерді емдеудің ғылыми-негізделген мультимодальдық технологияларын әзірлеу;
      8) халық денсаулығына қолайсыз әсерді болдырмау үшін экологиялық тәуекелді азайтудың ғылыми-негізделген технологияларын әзірлеу;
      9) хирургияда мүшені сақтайтын және мүшені қалпына келтіретін емдеу-диагностикалық технологияларды әзірлеу және жетілдіру негізінде әлеуметтік-маңызды ауруларды, жарақаттарды және олардың салдарының деңгейін төмендету;
      10) пайда болуы әр түрлі және әр жерде орналасқан қатерлі ісіктердің жаңа жүйелі терапиясы: жаңа парадигма құру.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.08.22 № 1070 Қаулысымен.

      4. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі:
      еңбекті қорғау саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер:
      1) техникалық жетілдірілген, экономикалық және әлеуметтік тұрғыдан дәлелденген кәсіби тәуекелдің ең төменгі деңгейін қамтамасыз ету бойынша еңбекті қорғауды басқарудың ғылыми-әдістемелік негіздерін зерттеу және әзірлеу;
      2) тиімді және сапалы еңбек үшін қауіпсіз және дұрыс жағдайларды қамтамасыз етуге бағытталған еңбекті қорғауды басқару бойынша өзара байланысты әлеуметтік-экономикалық және ұйымдастыру-техникалық іс-шаралар кешенін жүйелік бағалау.

      5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі:
      агроөнеркәсіп кешені саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер.

      6. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі:
      төтенше жағдайлар саласындағы ғылыми зерттеулер: Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігіне зерттеулер жүргізу және ғылыми-техникалық жобалау жүйесін әзірлеу.

      7. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі:
      ғарыш қызметі саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер.

      8. Қазақстан Республикасы Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы істері агенттігі:
      1) құрылыс саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер;
      2) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер.

      9. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі:
      мемлекеттік қызмет саласында ғылыми зерттеулер жүргізу және ғылыми-қолданбалы әдістемелер әзірлеу.

      10. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі:
      мәдениет саласындағы қолданбалы ғылыми зерттеулер.
      Ескерту. 10-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.10.08 № 1259 Қаулысымен.
      11. Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігі:
      Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы көлдердің су көлемі (деңгейі) мен сапасын арттыру мәселесін кешенді шешу жөніндегі ғылыми зерттеулер жүргізу.
      Қазақстан Республикасының «жасыл» экономикаға көшуі бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу.
      Ескерту. Қосымша 11-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2012.12.14 N 1595, өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2012.12.29 N 1757 Қаулыларымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады