"Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту" мемлекеттік қызмет стандартын бекіту және "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 8 қазандағы № 1265 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 ақпандағы № 111 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 19.02.2014 № 111 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына және «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет стандарты бекітілсін.
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 18.09.2013 № 983 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 8 қазандағы
№ 1265 қаулысымен  
бекітілген     

«Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер

      1. «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру және ұзарту» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген ішкі істер органдары көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелері (бұдан әрі – аумақтық бөлімше) көрсетеді.
      2. Көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
      3. Мемлекеттiк қызмет:
      «Босқындар туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Заңының 6-бабының;
      «Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру, ұзарту, одан айыру және оны тоқтату ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 9 наурыздағы № 183 қаулысының;
      Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің «Босқын мәртебесін беру туралы қолдаухатты тіркеу және қарау ережесін бекіту туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496-ө және «Босқын куәлігі, жол жүру құжаты, пана іздеген адамның куәлігі үлгілерін бекіту туралы» 2010 жылғы 29 қарашадағы № 498-б бұйрықтарының негізінде көрсетіледі.
      4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің (бұдан әрі – Министрлік) www.mvd.kz ресми интернет-ресурсындағы «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімнен, облыстардың және Астана, Алматы қалаларының ішкі істер департаменттерінің (бұдан әрі – Департамент), аумақтық бөлімшелердің стендтерінен, сондай-ақ осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша алуға болады.
      5. Мыналар:
      1) босқын мәртебесін және босқын куәлiгін беру;
      2) босқын мәртебесін ұзарту;
      3) мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап көрсетiлетiн мемлекеттiк қызмет нәтижелерi болып табылады.
      6. Мемлекеттiк қызмет пана іздеген адамдарға және олардың отбасы мүшелеріне, сондай-ақ босқындарға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетiледі.
      7. Мемлекеттiк қызмет көрсету мерзiмдерi:
      1) мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған күннен бастап аумақтық бөлімшеде босқын мәртебесін беру туралы қолдаухат тіркелген күннен бастап үш ай ішінде көрсетіледі;
      2) қажетті құжаттарды тапсыру кезінде кезек күтудің ең көп уақыты бір клиентке 15 минуттан 30 минутқа дейін қызмет көрсету есебінен кезектегі адамдардың санына байланысты болады;
      3) қажетті құжаттарды алу кезінде кезек күтудің ең көп уақыты бір клиентке 15 минуттан 30 минутқа дейін қызмет көрсету есебінен кезектегі адамның санына байланысты болады.
      8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
      9. Аумақтық бөлімшелердің жұмыс кестесі: еңбек заңнамасында белгіленген демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 9.00-ден бастап сағат 18.30 дейін, түскі үзіліс сағат 13.00-ден бастап сағат 14.30 дейін.
      Аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік қызмет кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз көрсетіледі.
      10. Мемлекеттік қызмет аумақтық бөлімшелердің үй-жайларында мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша көрсетіледі. Осы мемлекеттік қызметті көрсететін аумақтық бөлімшелердің үй-жайлары ғимараттың бірінші қабатында орналасады, ішкі істер органдарының басқа құрылымдық бөлімшелерінен бөлек, физикалық мүмкіндіктері шектеулі адамдардың қолжетімділігіне арналған пандустары бар кіретін есігі, күту залы, құжаттарды толтыруға арналған орындар болады, қажетті құжаттардың тізбесі мен оларды толтыру үлгілері бар стенділермен жарақталады.
      Аумақтық бөлімшелердің үй-жайлары санитариялық-эпидемиологиялық нормаларға, ғимараттың қауіпсіздік, оның ішінде өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келеді, үй-жай режимі – еркін.

2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі

      11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды:
      1) осы стандарттың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша босқын мәртебесін беру (ұзарту) туралы қолдаухатты;
      2) пана іздеген тұлғаның жеке басын куәландыратын немесе растайтын құжаттарды;
      3) қолдаухаттың негізділігін растайтын құжаттар мен материалдарды (болған жағдайда) ұсынады.
      Қазақстан Республикасының аумағына Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін алған адамнан немесе пана іздеген адамнан кейін келген адамның жұбайы (зайыбы) және кәмелетке толмаған балалары отбасына қосылу мақсатында қолдаухат берген кезде уәкілетті органға олардың отбасылық қатынастарын растайтын дәлелдемелерді және (немесе) құжаттарды табыс етуге тиіс.
      12. Қолдаухаттың бланкілері осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайларға сәйкес аумақтық бөлімшелерде тікелей қолдаухат берген орын бойынша, сондай-ақ Министрліктің www.mvd.kz ресми интернет-ресурсында тегін беріледі.
      13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар заңды мекенжайы, телефоны осы стандарттың 1-қосымшасында, сондай-ақ Министрліктің www.mvd.kz ресми интернет-ресурсында көрсетілген аумақтық бөлімшеге тікелей жауапты адамға тапсырылады. Жауапты адамдардың кабинеттерінің нөмірлері туралы мәліметтер аумақтық бөлімшелерде мемлекеттік қызмет көрсету жөнінде ақпараттар берілген стенділерде орналасқан.
      Егер мемлекеттік қызметті алушы Қазақстан Республикасының аумағына әлі келмеген болса, ол жазбаша қолдаухатпен өзі немесе осыған уәкілетті өкіл арқылы босқын мәртебесін беру туралы Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне жүгіне алады. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі босқын мәртебесін беру туралы қолдаухатты дипломатиялық арналар арқылы уәкілетті органға қарауға береді. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өткен кезде адам көші-қонды бақылау пунктіне, ал ондай пункт болмаған жағдайда заңды мекенжайлары мен телефондары осы стандарттың 6-қосымшасында көрсетілген шекара қызметінің бөлімшесіне жазбаша қолдаухат береді.
      14. Барлық қажетті құжаттар қабылданғаннан кейін осы стандарттың 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша құжаттардың тіркелген күні мен мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметті алуы, құжаттарды қабылдаған адамның тегі мен аты-жөні көрсетілген талон беріледі.
      Пана іздеген адамның қолдаухаты тіркелгеннен кейін куәлік беріліп, ішкі істер органында тіркеу жүзеге асырылады.
      15. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу үшін мемлекеттік қызметті алушының жеке өзінің келуі талап етіледі.
      Шешім қабылдау үшін қосымша тексеру қажет болған жағдайларда түпкілікті шешім шығару кем дегенде бір жыл мерзімге кейін қалдырылады, бұл туралы тиісті шешім қабылданған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде аумақтық бөлімше мемлекеттік қызметті алушыға пошта арқылы жазбаша түрде хабарлайды.
      Аумақтық бөлімше шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде босқын мәртебесі берілген адамға босқын куәлігін береді, оны ол жеке өзі алуы тиіс.
      16. Мыналар:
      1) адамның нәсiлдiк, ұлттық, дiни сенiм, азаматтық белгiсi, белгiлi бiр әлеуметтiк топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкiн деген негiзделген қауiп болмаса;
      2) егер адам өзi туралы және Қазақстан Республикасының аумағына келу мән-жайлары туралы хабарлаудан бас тартса не болмаса көрiнеу жалған мәлiметтердi хабарласа, сондай-ақ жалған құжаттарды ұсынса;
      3) адамда өзi оның қорғауын пайдалана алатын үшiншi мемлекеттiң азаматтығы бар болса;
      4) егер адам қауiпсiз тiкелей үшiншi елдiң аумағынан келсе;
      5) егер аталған адамға қатысты өзi азаматы болып табылатын елде не болмаса келген елiнде әрекет ететiн террористiк, экстремистiк, сондай-ақ тыйым салынған дiни ұйымдардың қызметiне қатысады не болмаса қатысты деп ұйғаруға маңызды негiздер болса;
      6) егер аталған адамға қатысты бейбiтшiлiкке қарсы қылмыс, әскери қылмыс немесе адамзатқа қарсы қылмыс жасағаны, халықаралық актiлерде осы әрекеттерге берiлген анықтамада осындай қылмыстарды жасады деп ұйғаруға маңызды негiздер болса;
      7) егер осы адамға қатысты ол Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейiн оның шегiнен тыс жерлерде саяси емес сипаттағы ауыр қылмыс жасады деп ұйғаруға маңызды негiздер болса;
      8) егер аталған адамға қатысты ол Қазақстан Республикасы мүшесi болып табылатын Бiрiккен Ұлттар Ұйымының және халықаралық ұйымдардың мақсаты мен принциптерiне қарама-қайшы келетiн әрекеттердiң жасалуына кiнәлi деген маңызды негiздер болса;
      9) егер аталған адам Бiрiккен Ұлттар Ұйымының босқындар iстерi жөнiндегi Жоғарғы комиссарының басқармасынан басқа, Бiрiккен Ұлттар Ұйымы органдарының немесе мекемелерiнiң қорғауын не болмаса көмегiн пайдаланып отырса, бұл мән-жайлар пана iздеген адамға босқын мәртебесiн беруден бас тарту негiздерi болып табылады.

3. Жұмыс қағидаттары

      17. Аумақтық бөлімшенің қызметі адам мен азаматтың конституциялық құқықтарын, қызметтік міндетін орындау кезінде заңдылықты, Мемлекеттік қызметшілердің ар-намыс кодексін сақтауға негізделеді және сыпайылық, толық ақпарат беру, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарында жүзеге асырылады.

4. Жұмыс нәтижелері

      18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттiк қызмет көрсету нәтижелерi осы стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенедi.
      19. Мемлекеттік қызметтердің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің нысаналы мәндері бойынша бағаланатын аумақтық бөлімшелердің жұмысы жыл сайын Министрліктің бұйрығымен бекітіледі.

5. Шағымдану тәртібі

      20. Уәкілетті лауазымды адамның әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіретін және шағым дайындауға көмек көрсететін мемлекеттік органдардың атауы, олардың заңды мекенжайлары, телефон нөмірлері, электрондық пошта мекенжайлары осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      21. Көрсетілген қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда Министрліктің Көші-қон полициясы комитеті (бұдан әрі – Комитет) басшылығының атына шағым беріледі. Шағымдану тәртібі туралы толық ақпаратты Министрліктің www.mvd.kz, департаменттердің ресми интернет-ресурсында «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімде, аумақтық бөлімшелердің стенділерінде, сондай-ақ осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша алуға болады.
      22. Әдепсіз қызмет көрсетілген жағдайларда шағым аумақтық бөлімшенің ақпараттық стендінде кабинет нөмірі көрсетілген аумақтық бөлімше басшысының атына беріледі. Аумақтық бөлімше басшыларының, электрондық пошта мекенжайы, жұмыс кестесі осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы босқын мәртебесін беруден және ұзартудан бас тарту туралы уәкілетті органның шешіміне заңнамалық тәртіппен жоғары тұрған уәкілетті органға және (немесе) сотқа шағымдана алады.
      24. Жеке тұлғаның шағымында оның тегі, аты, әкесінің аты, пошта мекенжайы көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушы қол қоюы тиіс. Шағымды берген кезде кімнің әрекетіне шағым берілген лауазымды тұлға немесе органның атауы, шағымдану себептері мен талаптары көрсетіледі.
      25. Қабылданған шағым Комитет кеңсесіндегі ақпаратты есепке алу журналында тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың қолдаухаттарын қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында көзделген мерзімдерде қаралады.
      Жазбаша шағыммен жүгінген мемлекеттік қызметті алушыға жауап алу күні мен уақыты, шағымды қарау барысы туралы білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетіліп, осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша талон беріледі.
      26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайынан, Комитеттің қабылдау бөлмесінің телефоны 8(7172)715131 және Министрліктің www.mvd.kz ресми интернет-ресурсынан «Ішкі істер органдарының қызметі туралы» бөлімнен, аумақтық бөлімшелердің ақпараттық стендтерінен, сондай-ақ осы стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша алуға болады.

«Қазақстан Республикасында    
босқын мәртебесін беру және ұзарту»
мемлекеттік қызмет стандартына  
1-қосымша             

Ішкі істер органдары көші-қон полициясы аумақтық бөлімшелерінің тізбесі

Р/с №

Аумақтық бөлімшелердің атауы

Мекенжайы

e-mail

Департаменттер кеңселері телефондарының нөмірлері

Аумақтық бөлімшелер телефондарының нөмірлері

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

6

7

1

Астана қаласы Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы

Астана қаласы, Сейфуллин көшесі, 29

www.ast.dvd.mvd.kz

71-61-98,
71-61-99

71-60-81,
71-60-82

9.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30

2

Алматы қаласы Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы

Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 109а.

www.almaty.police.kz

254-41-55,
254-42-24

254-40-14,
254-40-34,
254-40-33

9.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30

3

Ақмола облысы Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы

Көкшетау қаласы, М. Горький көшесі, 52

www.akm.dvd.online.kz

29-11-24,
29-11-25

25-66-62,
25-57-01

9.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30

4

Алматы облысы Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы

Талдықорған қаласы, Жансүгіров көшесі, 91/95

www.jetisu-police.kz

60-02-11,
60-01-54

60-00-79,
60-00-57

9.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30

5

Ақтөбе облысы Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы

Ақтөбе қаласы, 312 Атқыштар дивизиясы даңғылы, 5а

www.aktobe police.kz

51-27-55
93-03-03

22-10-52
22-14-75

9.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30

6

Атырау облысы Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы

Атырау қаласы, Азаттық көшесі, 85

www.dvd-atyrau.kz

98-21-17,
98-20-57

98-20-23,
98-20-77

9.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30

7

Шығыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы

Өскемен қаласы, Ворошилов көшесі, 1

www.02vko.kz

23-43-17,
23-42-11

23-42-17,
23-42-56

9.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30

8

Жамбыл облысы Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы

Тараз қаласы, Желтоқсан көш., 80

www.tarazpolice.kz

43-39-44

43-37-31,
43-34-82

9.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30

9

Батыс Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы

Орал қаласы, Пугачев көшесі, 45

www.dvd.zko.kz, www.Sokolur@mail.ru

98-40-30

98-45-17,
98-40-17

9.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30

10

Қарағанды облысы Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы

Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 118

www.krgdvd.kz

42-90-19,
42-91-69

44-20-07,
44-70-27

9.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30

11

Қостанай облысы Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы

Қостанай қаласы, Баймағамбетов көшесі, 197

www.kostanaypolice.kz

52-60-19,
52-63-13

52-60-15,
52-60-36

9.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30

12

Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы

Қызылорда қаласы, Төлебаев көшесі, 39а

www.dvd kzo.kz

27-44-10

6-11-32,
7-09-58

9.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30

13

Маңғыстау облысы Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы

Ақтау қаласы, 35 шағ.ауд., ОБКО ғим., 1-қабат, каб. 4

www.mdvd.online.kz
www.ubd mang@mail.kz

43-0876

50-43-72,
50-56-96

9.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30

14

Павлодар облысы Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы

Павлодар қаласы, Торайғыров көшесі, 70/1

www.dvdpavlodar.kz

32-04-52,
39-11-15

32-04-08,
39-11-50

9.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30

15

Солтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы

Петропавл қаласы, Жұмабаев көшесі, 118

www.police.sko.kz

39-40-20,
39-41-63

49-43-53,
49-44-33

9.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30

16

Оңтүстік Қазақстан облысы Ішкі істер департаментінің Көші-қон полициясы басқармасы

Шымкент қаласы, Желтоқсан көшесі, 13

www.dvd-uko.kz

97-66-26,
97-65-85

97-67-41,
97-67-67

9.00-18.30, үзіліс 13.00-14.30

«Қазақстан Республикасында    
босқын мәртебесін беру және ұзарту»
мемлекеттік қызмет стандартына  
2-қосымша             

                            кімге ___________________________________
                                      (лауазымы, тегі, аты-жөні
                            _________________________ азаматы (-шасы)
                                (қай мемлекеттен)
                            _________________________________________
                            тұрақты тұрғылықты орны _________________
                            _________________________________________
                                   (мекенжайы) уақытша тұратын
                            отбасы құрамы ___________ адамнан тұратын
                            кімнен __________________________________
                                       (тегі, аты, әкесінің аты)

Босқын мәртебесін беру (ұзарту) туралы қолдаухат

      Маған және менің отбасымның мүшелеріне Қазақстан
Республикасында босқын мәртебесін беруіңізді (ұзартуыңызды) сұраймын.
      Өзімнің тұрғылықты жерімнен мынадай себептер бойынша кетуге
мәжбүрмін:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
босқын мәртебесін беруге арналған мән-жайларды сақтау туралы
ақпаратты ұзарту үшін
Туған күні, айы, жылы және жері _____________________________________
Азаматтығы (бұрын тұрақты тұрған елі) _______________________________
_____________________________________________________________________
Ұлты (этникалық тиесілігі) __________________________________________
Білетін тілдерім ____________________________________________________
Қазақстан Республикасына келген күні ________________________________
Заңды (заңсыз) келдім _______________________________________________
Жеке басты куәландыратын құжаттары немесе пана іздеген тұлғаның жеке
басын растайтын құжаттар ____________________________________________
_____________________________________________________________________
      (атауы, сериясы, нөмірі, қашан берілген және кім берген)

Менімен бірге отбасымның мүшелері келді:

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған күні

Туыстық дәрежесі

















Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы қолдаухатпен
бұрын өтініш білдірді ме? (пана іздеген адамдар үшін)
Өтініш білдірсе, орган көрсетілсін __________________________________
_____________________________________________________________________
Босқын мәртебесі қашан және қанша мерзімге берілді? (босқын
мәртебесін ұзартуға қолдаухат берген босқындар үшін) ________________
_____________________________________________________________________

____________________________      ___________________________________
   (өтініш берілген күні)          (пана іздеген адамның не болмаса
                                            босқынның қолы)

Қолдаухатты қабылдаған аумақтық бөлімшенің қызметкері
___________________   _________________________   ___________________
      (қолы)                   (Т.А.Ә)                   (күні)

Қолдаухатты тіркеу туралы ақпарат:
___________________________________________________
    (тіркелген күні, нөмірі, жұмыскердің қолы)

«Қазақстан Республикасында    
босқын мәртебесін беру және ұзарту»
мемлекеттік қызмет стандартына 
3-қосымша             

№ ________
Мемлекеттік қызмет көрсетуге құжаттарды қабылдау туралы
ТАЛОН

_____________________________________________________________________
        (Өтініш берушінің Т.А.Ә. немесе заңды тұлғаның атауы)
Қабылданған құжаттар тізбесі:
1. __________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
4. __________________________________________________________________
5. __________________________________________________________________
6. __________________________________________________________________
7. __________________________________________________________________
8. __________________________________________________________________
9. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Қабылдаған:
_________________________________________/
(аумақтық бөлімше қызметкерінің лауазымы)

______________/__________________________
    (қолы)              (Т.А.Ә.)

________ ж. «___» _______________________
Берілген күні және уақыты: ___ сағ. ___ мин. ___ жылғы «___» ________

«Қазақстан Республикасында    
босқын мәртебесін беру және ұзарту»
мемлекеттік қызмет стандартына 
4-қосымша             

Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні

Сапа және тиімділік көрсеткіштері

Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің келесі жылғы нысаналы мәні

Көрсеткіштің есепті жылдағы ағымдық мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжаттарды тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметтер көрсету жағдайларының % (үлесі)




2. Сапа

2.1. Қызмет көрсету процесінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)




3. Қолжетімділігі

3.1. Қызмет көрсету сапасына және тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)




3.2. Ақпаратқа электрондық форматта қол жеткізуге болатын қызметтердің % (үлесі)




4. Шағымдану процесі

4.1. Қалыптасқан шағымдану тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)




5. Сыпайылық

5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)




«Қазақстан Республикасында    
босқын мәртебесін беру және ұзарту»
мемлекеттік қызмет стандартына  
5-қосымша             

ТАЛОН

______________________
(субъектінің атауы)

Өтінішті қабылдаған ____________________________
                         (маманның Т.А.Ә.)

20__ жылғы «___» _____________ сағ. ___ мин. ___

(өлшемі 75мм х 55мм)

«Қазақстан Республикасында    
босқын мәртебесін беру және ұзарту»
мемлекеттік қызмет стандартына 
6-қосымша             

Қазақстан Республикасындағы дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің тізбесі

Р/с №

Дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелердің атауы

Мекенжайы

e-mail

Дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер кеңселерінің телефон нөмірлері

Дипломатиялық өкілдіктер мен консулдық мекемелер телефондарының нөмірлері

Жұмыс кестесі

1

2

3

4

5

6

7

1

Австрия Республикасы

Астана қаласы, Космонавтар көшесі, 62, «Ренко» бизнес орталығы, 9-қабат

astana-ob@bmeia.gv.at

97-78-69
97-78-78
97-78-79

97-78-50

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

2

Әзірбайжан Республикасы

Астана қаласы, Дипломатиялық қалашық, В-6

astana@azembassy.kz

24-15-81
24-10-97

24-15-32

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

3

Армения Республикасы

Астана қаласы, Комсомольский шағын ауданы, 73

armeniaemb.kz@gmail.com

40-20-15
40-20-17

40-19-70

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

4

Ауғанстан Ислам Республикасы

Астана қ., Қараөткел шағын ауданы, 2, үй 3

www.afghanembassy.kzaf_embassyalmaty@yahoo.com

57-14-42
57-14-43
57-14-44

56-37-74

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

5

Беларусь Республикасы

Астана қ., Кенесары көшесі, 35

Kazakhstan@belembassy.org

32-18-70
32-48-29

32-06-65
32-00-34

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

6

Бельгия Корольдігі

Астана қаласы, Космонавтов көшесі, 62

embassy.astana@diplobel.fed.be

97-44-85
97-44-86

97-78-49

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

7

Болгар Республикасы

Астана қаласы, Сарыарқа көшесі, 15, «Іскер» бизнес-орталығы

astanabulemb@mail.bg

90-15-15

90-18-19

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

8

Бразилия Федеративтік Республикасы

Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 6/1

brazembastana@mre.gov.brhttp://www.brasembastana.kz

24-46-82
24-46-84

24-47-43

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

9

Ватикан

Астана қаласы, Зеленая аллея көшесі, 20

nuntius_kazakhstan@lycos.com

24-16-03
24-12-69

24-16-04

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

10

Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі

Астана қаласы, Шұбар шағын ауданы, Космонавтов көшесі, 62, «Ренко» бизнес-орталығы

british-embassy@.nursat.kzwww.ukinkz.fco.gov.uk

55-62-00
55-62-19

55-62-12

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

11

Венгрия Республикасы

Астана көшесі, Шұбар шағын ауданы, Космонавтов көшесі, 62, «Ренко» бизнес-орталығы

mission.ast@kum.humission.ala@kum.hu

55-03-23

55-03-24

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

12

Германия Федеративтік Республикасы

Астана қаласы, Космонавтов көшесі, 62

info@astana.diplo.de

79-12-00
79-12-80

79-02-13

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

13

Грек Республикасы

Астана қаласы, Қараөткел шағын ауданы-2, 109

gremb.ast@mfa.gr

56-37-14
56-37-55

56-38-26

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

14

Грузия

Астана қаласы, Дипломатиялық қалашық, С-4

astana.emb@mfa.gov.ge

24-32-58

24-34-26

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

15

Египет Араб Республикасы

Астана қаласы, Сарайшық, 30

embassy.astana@mfa.gov.eg

28-60-67
24-18-30

28-60-50

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

16

Израиль Мемлекеті

Астана қаласы, Әуезов көшесі, 8

ambass-seс@almaty.mfa.gov.il

68-87-38
68-87-39

68-87-35

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

17

Үндістан Республикасы

Астана қ, Қабанбай батыр көшесі, 6/1, «Каскад» бизнес-орталығы, 5-қабат

hoc.astana@mea.gov.in

92-57-15

92-57-00
92-57-03

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

18

Иран Ислам Республикасы

Астана қаласы, Дипломатиялық қалашық, Б-7

iranembassy@itte.kz

79-23-20
79-23-20

79-23-23
79-23-21
79-23-22

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

19

Испания Корольдігі

Астана қаласы, Кенесары көшесі, 47-үй, 25-пәтер

emb.almaty@mae.es

20-15-35
20-15-36
20-15-37

20-03-17
20-02-24

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

20

Италия Республикасы

Астана қаласы, Шұбар шағын ауданы, Космонавтов көшесі, 62

ambasciata.astana@esteri.it;visti.astana@esteri.it

24-33-90
24-38-68

24-36-68

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

21

Канада

Алматы қаласы, Қарасай батыр көшесі, 34

almat@international.gc.ca

250-11-51
250-11-52
250-11-53

258-24-93

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

22

Қытай Халық Республикасы

Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 37


79-06-31
79-35-64
70-02-23

79-35-65
70-02-00

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

23

Корея Республикасы

Алматы қаласы, «Горный Гигант», Жаркент көшесі, 2/77

koreaemb-kz@mofat.go.kr

253-26-60,
253-29-89
253-26-91

263-62-28/29
250-70-59

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

24

Куба Республикасы

Астана қаласы, Қабанбай батыр, 27, офис 2

cubasi@mail.online.kz

24-24-67

24-26-38

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

25

Қырғыз Республикасы

Астана қаласы, Дипломатиялық қалашық, В-5
Алматы қаласы, Луганский көшесі, 30а

gen.consul.kz@mail.ru

24-20-24
24-20-40
91-66-10

24-24-14

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

26

Латвия Республикасы

Астана қаласы, Қабанбай батыр 6/1, 122 офис


92-53-18
92-53-16
91-73-69

92-53-17
92-53-19
67-25-08
50-65-49

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

27

Ливан Республикасы

«Риксос Президент отель-Астана» № 5013 бөлме


24-50-50


9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

28

Малайзия

Алматы қаласы, Рубинштейн к-сі, 9А

mwalmaty@nursat.kz

387-28-25

333-44-83/4/5/6

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

29

Монғолия

Алматы қаласы, Мұсабаев көшесі, 1


269-35-70
269-35-36
258-17-27

255-12-78
229-37-90

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

30

Нидерланд Корольдігі

Астана қаласы, Космонавтов көшесі, 62, 8 қабат, 801-к

nl_embassy.astana@yahoo.com

55-54-50

55-54-74

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

31

Норвегия Корольдігі

Астана қаласы, Самал 12, «Астана Тауэр», 13-1

peire@statoil.com

58-00-86

58-00-87

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

32

Біріккен Араб Әмірліктері

Астана қаласы, «Заречный» кенті, Октябрь 70 жыл көшесі, 71

emaratembassy_kz@yahoo.com

24-36-75

28-60-47
24-36-76

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

33

Оман Сұлтандығы

Астана қаласы, «Шұбар» шағын ауданы, Новостроительный к-сі 3


24-18-61/62

24-18-63

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

34

Пәкістан Ислам Республикасы

Алматы қаласы, Төлебаев көшесі, 25

parepalmaty@hotmail.com

273-35-48
273-15-02
273-13-00

273-38-31
273-26-78

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

35

Палестина Мемлекеті

Астана қаласы, Қабанбай батыр көшесі, 37, 4 блок, 4-кіреберіс

e-mail: plokaz@nursat.kz

28-75-57/62

28-75-55

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

36

Польша Республикасы

Алматы қаласы, «Горный Гигант»
Жаркент көшесі, 9
Затаевич көшесі, 72

ambpol@mail.kzpolkonsulat@mail.kzbrhala@nursat.kz

258-16-17
258-15-51
264-79-11
253-44-27

258-15-50
253-35-87
253-37-68
253-41-79
258-15-52

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

37

Ресей Федерациясы

Астана қаласы, Бараев көшесі, 4


22-17-14
22-15-92
22-38-49
274-52-64

22-16-18
22-18-32
22-24-83
32-65-21

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

38

Румыния

Алматы қаласы, Пушкин көшесі, 97

amb@rom.ricc.кz

261-57-72
261-24-31

272-11-30

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

39

Сауд Арабиясы Корольдігі

Алматы қаласы, Горный көшесі, 137

kzemb@mofa.gov.sa

250-28-71
71-53-03

250-28-11

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

40

Словак Республикасы

Астана қаласы, Қараөткел-2 шағын ауданы, 5-үй

zuastana@post.skoboe.almaata@economy.gov.sk

24-11-91

24-20-48

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

41

Америка Құрама Штаттары

Астана қаласы, Ақ-бұлақ шағын ауданы, 4, 23-22 көшесі, 3 ғимарат

info@usembassy.kz

70-21-00
70-21-00

34-08-90
70-22-80

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

42

Егемен Мальта ордені

Астана қаласы, Ташенов көшесі, 3

smom_emb_astana@mail.ru

37-63-00

37-68-00

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

43

Тәжікстан Республикасы

Астана қаласы, Шұбар шағын ауданы, Марсовый көшесі, 15


24-09-29


9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

44

Түркия Республикасы

Алматы қаласы, Төле би көшесі, 29

almatyturkbe@gmail.comastanairtibat@gmail.com

278-41-65
278-41-76

278-41-68

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

45

Түрікменстан

Астана қаласы, Отырар көшесі, 64

tm_emb@at.kz

21-08-82

21-08-23

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

46

Өзбекстан Республикасы

Алматы қаласы, Бәрібаев көшесі, 36


291-02-35
291-83-16
291-06-44

291-78-86
291-10-55

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

47

Украина

Астана қаласы, Әуезов көшесі, 57

gencon_ua@nursat.kz

32-60-42
32-68-11

32-43-25

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

48

Финляндия Республикасы

Алматы қаласы, Бөгенбай батыр, 188, 12 офис


250-99-42

292-27-15

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

49

Француз Республикасы

Алматы қаласы, Фурманов көшесі 173

ambafrance@mail.kz

258-25-04
258-21-81

258-25-09

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

50

Чех Республикасы

Астана қаласы, Сарыарқа көшесі, 6

almaata@embassy.mzv.cz

99-01-43

99-01-42

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

51

Чили Республикасы

Астана қаласы, «Самал» шағын ауданы 4, 2-пәтер

conchiast@nursat.kz



9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

52

Швейцария Конфедерациясы

Алматы қаласы, Желтоқсан көшесі, 146

vertretung@alm.rep.admin.ch

250-35-59

250-35-69
250-13-88

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

53

Швеция Корольдігі

Алматы қаласы, Достық даңғылы, 43


250-92-90

250-91-92

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

54

Оңтүстік Африка Республикасы

Астана қаласы, Қабанбай-батыр даңғылы 6/1
Алматы қаласы, Иванилова көшесі, 48-А


259-82-60
259-82-59

97-78-43
97-78-42

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

55

Жапония

Астана қаласы, Шұбар шағын ауданы, Космонавтов к-сі, 62


97-78-43

97-78-42

9.00-18. 00 үзіліс 13.00-14.00

Қазақстан Республикасының шекарасындағы өткізу пункттерінің тізбесі

Р/с №

Өткізу пункттерінің атауы

Мекенжайы

Жұмыс кестесі

Көпжақты қатынас үшін ашық Ресей Федерациясымен шекарадағы теміржол өткізу пункттері:

1

Ганюшкино

Атырау

00.00-24.00

2

Жайық

Батыс Қазақстан

00.00-24.00

3

Сайхин

Батыс Қазақстан

00.00-24.00

4

Жәнібек

Батыс Қазақстан

00.00-24.00

5

Киргильда

Ақтөбе

00.00-24.00

6

Жайсан

Ақтөбе

00.00-24.00

7

Шыңғырлау

Батыс Қазақстан

00.00-24.00

8

Ақсу

Қостанай

00.00-24.00

9

Қайрақ

Қостанай

00.00-24.00

10

Пресногорьковка

Қостанай

00.00-24.00

11

Мамлютка

Солтүстік Қазақстан

00.00-24.00

12

Булаево

Солтүстік Қазақстан

00.00-24.00

13

Шарбақты

Павлодар

00.00-24.00

14

Ауыл

Шығыс Қазақстан

00.00-24.00

15

Шемонаиха

Шығыс Қазақстан

00.00-24.00

16

Жезкент

Шығыс Қазақстан

00.00-24.00

Көпжақты қатынас үшін ашық Өзбекстан Республикасымен шекарадағы теміржол өткізу пункттері:

1

Сарыағаш

Оңтүстік Қазақстан

00.00-24.00

2

Мақтаарал

Оңтүстік Қазақстан

00.00-24.00

3

Бейнеу

Маңғыстау

00.00-24.00

Көпжақты қатынас үшін ашық Қырғыз Республикасымен шекарадағы теміржол өткізу пункттері:

1

Мерке

Жамбыл

00.00-24.00

Көпжақты қатынас үшін ашық Қытай Халық Республикасымен шекарадағы теміржол өткізу пункттері:

1

Достық

Алматы облысы

00.00-24.00

Көпжақты қатынас үшін ашық Қытай Халық Республикасымен шекарадағы автокөліктік өткізу пункттері:

1

Қорғас

Алматы облысы

08.30-20.30

2

Достық

Алматы облысы

08.30-20.30

3

Қалжат

Алматы облысы

08.30-20.30

4

Бақты

Шығыс Қазақстан

08.30-20.30

5

Майқапшағай

Шығыс Қазақстан

08.30-20.30

Көпжақты қатынас үшін ашық Ресей Федерациясымен шекарадағы автокөліктік өткізу пункттері:

6

Құрманғазы

Атырау

00.00-24.00

7

Тасқала

Батыс Қазақстан

00.00-24.00

8

Сырым

Батыс Қазақстан

00.00-24.00

9

Ақсай

Батыс Қазақстан

00.00-24.00

10

Әлімбет

Ақтөбе

00.00-24.00

11

Жайсан

Ақтөбе

00.00-24.00

12

Қайрақ

Қостанай

00.00-24.00

13

Ақбалшық

Қостанай

00.00-24.00

14

Жаңа Жол

Солтүстік Қазақстан

00.00-24.00

15

Қарақоға

Солтүстік Қазақстан

00.00-24.00

16

Қызыл Жар

Солтүстік Қазақстан

00.00-24.00

17

Үрлітөбе

Павлодар

00.00-24.00

18

Қосақ

Павлодар

00.00-24.00

19

Шарбақты

Павлодар

00.00-24.00

20

Ауыл

Шығыс Қазақстан

00.00-24.00

21

Үбе

Шығыс Қазақстан

00.00-24.00

22

Жезкент

Шығыс Қазақстан

00.00-24.00

Екіжақты қатынас үшін ашық:

23

Жәнібек

Батыс Қазақстан

00.00-24.00

24

Орда

Батыс Қазақстан

00.00-24.00

25

Шаған

Батыс Қазақстан

00.00-24.00

26

Қарашатау

Ақтөбе

00.00-24.00

27

Қондыбай

Қостанай

00.00-24.00

28

Желқуар

Қостанай

00.00-24.00

29

Аят

Қостанай

00.00-24.00

30

Обаған

Қостанай

00.00-24.00

31

Бидайық

Солтүстік Қазақстан

00.00-24.00

32

Амангелді

Павлодар

00.00-24.00

33

Найза

Павлодар

00.00-24.00

34

Байтанат

Шығыс Қазақстан

00.00-24.00

35

Қоянбай

Шығыс Қазақстан

00.00-24.00

Көпжақты қатынас үшін ашық Өзбекстан Республикасымен шекарадағы автокөліктік өткізу пункттері:

36

Тажен

Маңғыстау

00.00-24.00

37

Жібек-Жолы

Оңтүстік Қазақстан

00.00-24.00

38

Б. Қонысбаев

Оңтүстік Қазақстан

00.00-24.00

39

Қапланбек

Оңтүстік Қазақстан

08.30-20.30

40

Қазығұрт

Оңтүстік Қазақстан

08.30-20.30

Екіжақты қатынас үшін ашық:

41

Атамекен

Оңтүстік Қазақстан

08.30-20.30

Көпжақты қатынас үшін ашық Түрікменстанмен шекарадағы автокөліктік өткізу пункттері:

42

Темірбаба

Маңғыстау

08.30-20.30

Көпжақты қатынас үшін ашық Қырғызстан Республикасымен шекарадағы автокөліктік өткізу пункттері:

43

Сартөбе

Жамбыл

00.00-24.00

44

Ауқатты

Жамбыл

00.00-24.00

45

Қарасу

Жамбыл

00.00-24.00

46

Қордай

Жамбыл

00.00-24.00

47

Айша-бибі

Жамбыл

00.00-24.00

48

Бесағаш

Жамбыл

00.00-24.00

Авиациялық өткізу пункттері:

1

Шымкент

2

Тараз

3

Семей

4

Өскемен

5

Павлодар

6

Петропавл

7

Қостанай

8

Ақтау

9

Атырау

10

Ақтөбе

11

Орал

12

Астана

13

Қарағанды

14

Жезқазған

15

Алматы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады