Босқын мәртебесiн беру туралы өтiнiшхатты тiркеу мен қараудың қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 496 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2010 жылы 15 желтоқсанда № 6681 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2022 жылғы 7 сәуірдегі № 118 бұйрығымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 07.04.2022 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      Ескерту. Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 13.12.2017 № 838 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Босқындар туралы" Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 4 желтоқсандағы Заңы 6-бабының 7) тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қараудың қағидалары бекітілсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 13.12.2017 № 838 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің № 87-п "Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу және қарау ережесін бекіту туралы" 2010 жылғы 17 наурыздағы бұйрығының күші жойылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6174 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер Бюллетенінде 2010 жылғы № 8, 380-бап жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін және оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары А.В. Кулиничке және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон полициясы комитетіне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр С. Баймағанбетов

  Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2010 жылғы 29 қарашадағы
№ 496 бұйрығымен
бекітілген

Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қараудың қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ішкі істер министрінің 30.03.2020 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Босқын мәртебесін алу туралы өтінішхатты тіркеу және қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Босқындар туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленді және босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу мен қараудың тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) өтінішхат - пана іздеген адамның жеке өзі немесе осыған уәкілетті өкілі арқылы өзінің келген жері бойынша босқын мәртебесін беру туралы уәкілетті органға жазған жазбаша өтініші;

      2) пана іздеген адам (бұдан әрі - адам) - уәкілетті орган босқын мәртебесін беру туралы өздерінің өтінішхаты бойынша түпкілікті шешім қабылдағанға дейін Қазақстан Республикасында пана сұрауға ниет білдірген шетелдік немесе азаматтығы жоқ адам;

      3) пана іздеген адамның куәлігі (бұдан әрі - куәлік) - босқын мәртебесін беру туралы өтінішхаттың тіркелуін растайтын, уәкілетті орган беретін құжат;

      4) пана іздеген адамның отбасы мүшелері - жұбайы (зайыбы), олардың кәмелетке толмаған балалары және оның асырауындағы басқа адамдар;

      5) босқын - нәсілдік, ұлттық, діни сенімі, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалаудың құрбаны болу қаупінің негізділігіне қарай өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген және өз елінің қорғауын пайдалана алмайтын немесе осындай қауіп салдарынан мұндай қорғауды пайдаланғысы келмейтін шетелдік немесе осындай қауіп салдарынан еліне қайтып орала алмайтын немесе қайтып оралғысы келмейтін, өзі тұрақты тұратын немесе өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүрген азаматтығы жоқ адам;

      6) уәкілетті орган - босқындар мәселелері бойынша қатынастарды реттеу саласында басқаруды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.

2-тарау. Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеу тәртібі

      3. Босқын мәртебесін алу үшін жеке тұлға Қазақстан Республикасына келісімен күнтізбелік бес күннің ішінде немесе өзі Қазақстан Республикасының аумағында болып, нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалауға ұшырау жағдайларының туындауы туралы білген сәттен бастап өзі немесе осыған уәкілетті өкіл уәкілетті органның аумақтық бөлінісі - Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының және облыстардың Полиция департаменттерінің Көші-қон қызметі басқармасына (бұдан әрі - КҚҚБ) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша босқын мәртебесін беру туралы жазбаша өтінішхат (бұдан әрі – өтінішхат) береді. Өтінішхатқа пана іздеуші адамның жеке басын куәландыратын немесе растайтын құжаттар, өтінішхаттың негізділігін растайтын (болған жағдайда) құжаттар мен материалдар қоса беріледі.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      4. Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Уәкілетті орган өтінішхат келіп түскен күні осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оны қабылдауды, Пана іздеуші адамдарды тіркеу журналына тіркеуді жүзеге асырады. КҚҚБ бастығы бөліністің жауапты орындаушысын айқындайды.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. КҚҚБ қызметкері өтінішхатты қабылдау кезінде "Босқындар туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген оның құқықтарымен және мінлеттерімен таныстырады.

      7. Пана іздеген адамға Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты тіркеген күні "Пана іздеген адамның куәлігі үлгісін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2014 жылғы 9 маусымдағы № 328 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9592 болып тіркелген) нысан бойынша Қазақстан Республикасында пана іздеген адамның куәлігі беріледі және оның өтінішхаты бойынша шешім қабылдағанға дейінгі мерзімге оны есепке қою жүргізіледі.

      Он сегіз жасқа толған шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдарға куәлік үш ай мерзімге беріледі, КҚҚБ басшысы қол қояды және мөрмен куәландырылады.

      Он сегіз жасқа толмаған отбасы мүшелері туралы мәліметтер пана іздеген адамның, ата-анасының бірінің немесе заңды өкілдерінің куәлігіне енгізіледі.

      Он сегіз жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының аумағына ата-анасыз немесе заңды өкілдерінсіз келген пана іздеген адамға пана іздеген адамның куәлігі беріледі.

      Пана іздеген адамның куәлігі босқын деп тану туралы өтініш білдірген шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының аумағында болуының заңдылығын растайды.

      Өтінішхатты қарау мерзімі ұзартылған жағдайда жарамдылық мерзімі өтіп кеткен пана іздеген адамның куәлігінің орнына үш ай мерзімге жаңа куәлік беріледі.

      8. Өтінішхат мемлекеттік немесе орыс тілдерінде толтырылады және адам және аудармашы (аудармашы қатысқан жағдайда) қол қояды. Егер адам өтінішхатты мемлекеттік немесе орыс тілінде өз бетінше толтыра алмаса не сауатсыз болса, онда өтінішхатты өтініш иесінің сөзінен аудармашы толтырады. Осындай жағдайда өтінішхат беруші адамнан аударма сапасымен қанағаттандырылғаны туралы жазбаша өтініш алу қажет.

      Адам, онымен бірге келген отбасы мүшелері өтініш білдірген күні аудармашыны ұсыну мүмкін болмаған не оларда жеке басты куәландыратын құжаттар болмаған жағдайда босқын деп тану туралы өтінішхатты қабылдау күні мен уақыты адаммен, оның ішінде телефон арқылы келісіледі.

      9. Адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде көші-қон бақылауы пунктіне, ал осындай пункт болмаған жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi Шекара қызметiнiң бөлімшесіне жазбаша өтінішхат береді.

      Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункті болмаған кезде адам Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын мәжбүрлі түрде заңсыз кесіп өткен жағдайда бір тәулік ішінде КҚҚБ-ге жүгінуге тиіс.

      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің (бұдан әрі - Қазақстан Республикасы ҰҚК) Шекара қызметінен КҚҚБ-ге келіп түскен өтінішхатты КҚҚБ өтінішхат келіп түскен күннен кейінгі бір жұмыс күні ішінде Пана іздеген адамдарды тіркеу журналында тіркейді және ол сол күні КҚҚБ-ның уәкілетті қызметкерінің қарауына беріледі.

      10. Егер адам Қазақстан Республикасының аумағына әлі келмеген болса, ол жазбаша өтінішхатпен өзі немесе осыған уәкілетті өкіл арқылы Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне жүгінеді.

      Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты дипломатиялық арналар арқылы КҚҚБ-ге қарауға береді.

      11. Егер адам жеке басын куәландыратын құжаттарының болмауы туралы мәлімдесе, ол туралы мәлімет оның сөзінен жазылады және онымен бір жұмыс күні ішінде әңгімелесу жүргізіледі.

      12. Өтінішхат отбасының он сегіз жасқа толған әрбір мүшесінен қабылданады.

      Отбасының он сегіз жасқа толмаған және пана іздеген адаммен бірге келген мүшелері туралы мәліметтер туу туралы құжаттарының негізінде ата-анасының біреуінің, ата-анасы болмаған кезде заңды өкілінің не отбасының он сегіз жасқа толған және отбасының он сегіз жасқа толмаған мүшелерін тәрбиелеуге және оларды асырауға өз еркімен міндеттеме алған бір мүшесінің өтінішхатына жазылады. Көрсетілген міндеттеме еркін нысанда жазбаша түрде жазылады және жеке істің материалдарына қоса тігіледі. Бір отбасы мүшелерінің өтінішхаттары бойынша материалдар бір жеке іске ресімделеді.

      Өтінішхаты тіркелген адамның Қазақстан Республикасына жеке келген отбасы мүшелері оларда босқындар деп тану үшін негіздер болмаған жағдайда, отбасымен қосылу мақсатында өтінішхат берген кезде отбасылық қатынастарын растайтын құжаттамалық дәлелдемелерді, сондай-ақ Қазақстан Республикасындағы адамның өз отбасы мүшелерін қабылдауға келісетіні туралы еркін түрдегі өтінішін ұсынады.

      13. Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3-тарау. Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты қарау тәртібі

      14. Өтінішхатты қарау рәсімін өтінішхатты қабылдағаннан кейін жауапты орындаушы жүргізіледі және:

      өтініш иесі жүгінген күні "Көші-қон полициясы" ақпараттық жүйесінің "Босқындарды есепке алу" модулінде пана іздеген адамға электрондық іс жүргізіледі;

      өтінішхатты қабылдағаннан кейін күнтізбелік үш күн ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пана іздеген адамды есепке алу карточкасы (бұдан әрі - есепке алу карточкасы) ресімделе отырып, пана іздеген адаммен сауалнама жүргізіледі;

      сауалнама жүргізілгеннен кейін пана іздеген адамды күнтізбелік бес күн ішінде Қазақстан Республикасының ішкі істер органдарының барлық есептері, сондай-ақ Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті Құқық қорғау және арнаулы органдарының ақпарат алмасу жүйесінің (ҚҚАО ААЖ) есептері бойынша тексеріледі;

      ІІО және ҚҚАО ААЖ есептері бойынша адамды тексеруді жүзеге асырғаннан кейін күнтізбелік он бес күн ішінде өтініш иесіне осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес міндетті медициналық куәландырудан өтуге жолдама беріледі, сондай-ақ Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша сауалнама парағы ресімделе отырып, жеке әңгімелесу жүргізіледі;

      адаммен сұхбат жүргізу аяқталғаннан кейін біркүндік мерзімде ұлттық қауіпсіздік органына есепке алу карточкасының көшірмесі қоса беріле отырып, сұрау салу жолданады, ұлттық қауіпсіздік органдары жауапты күнтізбелік отыз күн ішінде жолдайды;

      ұлттық қауіпсіздік органдарының жауабын алғаннан кейін жауапты орындаушы күнтізбелік он күн ішінде іс материалдарын, фактілерді, алынған мәліметтердің дұрыстығын тексереді, қажет болған жағдайда Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына сұрау салу жолдайды;

      күнтізбелік он күн ішінде өтінішхатты зерделеуді және ақпаратты жинауды аяқтағаннан кейін жауапты орындаушы Босқын мәртебесін беру, ұзарту, тоқтату және айыру рәсімін жүзеге асыру жөніндегі комиссияның (бұдан әрі - Комиссия) отырысында қарау үшін материалдар дайындайды.

      Өтінішхатты қарау мерзімін ұзарту үшін негіз болған жағдайда КҚҚБ бастығы Комиссияның ұсынымы бойынша тиісті шешім қабылдайды, ол туралы пана іздеген адамға екі жұмыс күні ішінде пошта арқылы – хабарламасы бар тапсырыс хатпен хабарланады.

      Комиссияның өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша КҚҚБ бастығы күнтізбелік бір күн ішінде өтінішхат бойынша шешім қабылдайды.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      14-тармағының он бірінші абзацының қолданысы 01.01.2023 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР Ішкі істер министрінің 24.09.2021 № 576 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат бойынша оң шешім қабылданған жағдайда адам күнтізбелік бес күн ішінде дактилоскопиялануы тиіс.

      Қабылданған шешім туралы адамға бес жұмыс күні ішінде босқын куәлігін беру немесе дәлелді бас тарту арқылы хабарланады.

      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      15. Есепке алу карточкасы пана іздеген адамның жеке ісінде сақталады. Кейіннен КҚҚБ-ның уәкілетті қызметкері есепке алу карточкасында (қағаз тасымалдағышта) осы шетелдікке, азаматтығы жоқ адамға қатысты қабылданған барлық шешімдер туралы белгі қояды және бұл туралы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Көші-қон қызметі комитетіне (бұдан әрі - КҚҚК) хабарлайды.

      16. КҚҚБ-ның шетелдікпен, азаматтығы жоқ адаммен әңгімелесуді жүзеге асыратын қызметкеріне түпнұсқалы құжаттар мен материалдар қарау үшін ұсынылады.

      Бұл ретте шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның паспортының немесе жеке басын куәландыратын басқа да құжаттарының көшірмелері алынады.

      Өтінішхаттың негізділігін растайтын ұсынылған немесе алынып қойылған басқа да құжаттар мен материалдар шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның өтінішхатына тұпнұсқада (болған жағдайда) қоса тігіледі.

      17. Әңгімелесу өткізуге дайындалу кезінде КҚҚБ қызметкері:

      шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның өтінішхатын, сондай-ақ ол ұсынған өтінішхат беру негізділігін растайтын құжаттар мен материалдарды зерделейді;

      өтінішхат берген адамның азаматтық тиесілілігі мемлекеті не бұрынғы тұрған жері туралы ақпаратты жинауды және зерделеуді жүзеге асырады.

      Ақпарат саяси, әлеуметтік-экономикалық жағдай, паспорттық-визалық режим, адамның негізгі құқықтарын сақтау, мәдениеті және діні, тарихы және географиялық орналасуы, қудалау қаупі бар адамдар санаты туралы мәліметтерді қамтиды;

      босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты беру негізділігін растауды қажет ететін мән-жайларды (нәсілдік, ұлттық, діни сенімі, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалаудың құрбаны болу қаупінің негізділігіне орай өзі азаматы болып табылатын елден тыс жерде жүруі және өз елінің қорғауын пайдалана алмауы немесе осындай қауіп салдарынан мұндай қорғауды пайдаланғысы келмеуі) анықтайды.

      18. Әңгімелесу оқшауланған үй-жайда, бөтен адамдар кіргізілмей өткізіледі. Егер өтініш иесі мемлекеттік немесе орыс тілін білмесе, ал әңгімелесуді өткізетін қызметкер өтініш иесінің тілін білмесе, аудармашы шақыру туралы мәселе шешіледі.

      Кәмелетке толмағандармен әңгімелесу олардың қамқоршысының немесе қорғаншысының қатысуымен өткізіледі.

      Қудалау құрбаны болу қаупі қорқытумен не сексуалдық зорлық-зомбылықпен, азаптаулармен, гендерлік фактормен, сенімді қарым-қатынасты қажет ететін басқа да уәждермен байланысты адамдармен әңгімелесуді өтініш беруші адаммен мүмкіндігінше бір жынысты адам өткізеді.

      19. Әңгімелесу басталар алдында КҚҚБ қызметкері өзін таныстырады, өтініш иесіне оның құқықтары мен міндеттерін, оның ішінде мәлімделген мекенжай бойынша тұру міндетін, оны босқын деп тану рәсімін түсіндіреді, сондай-ақ аудармашыға сенім білдіретіндігін нақтылайды.

      Өтініш иесіне әңгімелесу нәтижесінде алынған мәліметтер оның келісімінсіз жариялануға жатпайтыны және өтініш иесінің азаматтық тиесілілігі немесе бұрын тұрған жері мемлекетінің билігіне не бөтен адамдарға берілмейтіні хабарланады.

      КҚҚБ қызметкері өтініш берушіге қойылатын сұрақтарға шынайы ақпарат беру қажеттілігі туралы, ол жалған мәліметтерді хабарлаған не қолдан жасалған құжаттарды ұсынған жағдайда туындауы мүмкін салдар туралы ескертеді.

      20. Әңгімелесу өткізу кезінде КҚҚБ қызметкері осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес әңгімелесу өткізу кезінде шетелдікке, азаматтығы жоқ адамға қойылатын сұрақтар тізбесінен сұрақтар қояды. Сұрақтар адамға кез келген кезектілікте қойылады. Негізгі тізбедегі сұрақтар міндетті түрде қойылады. Жауаптың сипатына қарай қосымша сұрақтар қойылуы мүмкін.

      Жауаптар өтініш иесінің атынан сол берілген нысанда, оның ішінде "білмеймін", "есімде жоқ" және сол сияқты жауаптар сөзбе-сөз тіркеледі.

      Әңгімелесу барысында өтініш иесінің жауаптары оның азаматтық тиесілілік немесе бұрынғы тұрған жерінің мемлекеті туралы ақпаратпен салыстырылады.

      21. Әңгімелесуді өткізетін КҚҚБ қызметкері өтінішхат берген адамға өтінішхатты беру негізділігін, сондай-ақ өз жауаптарының шынайылығын растайтын қосымша дәлелдемелерді олар болған жағдайда ұсынуды ұсынады.

      22. Әңгімелесу барысында өтініш иесі өзі және өзінің өткені, жақын туыстары туралы мәліметтерді, босқын деп тану туралы өтінішхатпен өтініш білдіру үшін негіз болған фактілер мен себептерді баяндайды.

      Қудалау құрбаны болуы қаупінің растауы оның азаматтық тиесілігінің немесе бұрынғы тұрған жерінің мемлекетінде жауапкершілікке тарту туралы биліктің ресми органдарының, оның ішінде соттың, полицияның, прокуратураның, мемлекеттік қауіпсіздіктің құжаттары, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдарының ақпараты болып табылады.

      Әңгімелесу кезінде азаматтық тиесілілігінің немесе бұрынғы тұрған жерінің мемлекетіне оны жіберуге кедергі келтіретін мән-жайлардың бар-жоғы туралы өтініш иесінің пікірі анықталады.

      23. Отбасын біріктіру мақсатындағы өтінішхатты қарау кезінде өтініш иесі отбасылық қарым-қатынастарының бар екенін растайтын құжаттамалық дәлелдемелер ұсынады.

      Өтініш иесімен және отбасын біріктіру мақсатында оған өтініш иесі келген шетелдікпен әңгімелесу ұсынылған дәлеледемелердің тұпнұсқалығын анықтау не оларды алу үшін бөлек жүргізіледі.

      24. Әңгімелесу аяқталғаннан кейін әңгімелесуді өткізген КҚҚБ қызметкері өтініш берген адамнан қосымша ақпараттың бар-жоғын нақтылайды, оның көрсетпелеріндегі сәйкессіздіктер немесе дәлсіздіктер бойынша түсініктеме беруін ұсынады, сондай-ақ қосымша әңгімелесу өткізу мүмкіндігі туралы ескертеді.

      25. Оқиғалар мен негізгі фактілерді, күндерді, адам есімдерін, баяндалған оқиғалар болған жерлердің атауы көрсетілген сауалнама парағы әңгімелесу өткізу уақытында немесе ол аяқталғаннан кейін дереу ресімделеді.

      26. Сауалнама парағын ресімдегеннен кейін КҚҚБ қызметкері өтініш берушіні оның мазмұнымен жеке өзі не аудармашы арқылы таныстырады. Жазбада анықталған дәлсіздіктер түзетілуге тиіс. Ресімделген сауалнама парағына аудармашы (егер әңгімелесу аудармашының қатысуымен өтсе), қорғаншылық және қамқоршылық органының өкілі, қамқоршысы немесе қорғаншысы (олар қатысқан жағдайда), КҚҚБ қызметкері және өтініш иесі қол қояды, өтініш иесі сауалнама парағының әр парағына қол қояды.

      27. Әңгімелесу өткізілгеннен және сауалнама парағы толтырылғаннан кейін өтініш иесіне міндетті медициналық куәландыруға жолдама беріледі.

      Шетелдікке медициналық куәландырудан өту тәртібі, одан өтуден бас тартудың, сондай-ақ босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатты қараудың одан рәсімдерін жүргізу үшін КҚҚБ-ге келмеу тәртібі түсіндіріледі.

      Өтініш иесі міндетті медициналық куәландырудан өткеннен кейін медициналық куәландырудан өткенін растайтын анықтаманы КҚҚБ-ге жеке өзі ұсынады.

      Егер міндетті медициналық куәландырудан өту мерзімі өтіп кетсе, сондай-ақ егер адам әңгімелесуден (босқын мәртебесін беру туралы қосымша немесе одан әрі рәсімінен) өту үшін КҚҚБ-ге келмеген жағдайда КҚҚБ келмеу себептерін түсіндіру үшін КҚҚБ-ге шақыра отырып, беру туралы хабарламамен бірге адам көрсеткен тұрғылықты мекенжайы бойынша тапсырыс хат (бұдан әрі - жазбаша хабарлама) жолдайды.

      Егер адам оған жазбаша хабарлаған күннен бастап бір айдың ішінде КҚҚБ-ге келмесе, сол тәртіпте жазбаша хабарлама қайта жолданады. Адам қайта жазбаша хабарландырылған күннен бастап бір ай ішінде КҚҚБ-ге келмеген жағдайда өтінішхатты қарау тоқтатылып, бұл туралы адам көрсеткен тұрғылықты мекенжайы бойынша хабарлама жолданады.

      Өтінішхатты қарауды тоқтатқан жағдайда бұл туралы осындай шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде КҚҚК-ге хабарланады.

      28. Әңгімелесу аяқталғаннан кейін КҚҚБ:

      баяндалған фактілерді тексеруді жүзеге асырады, оның ішінде адамның Қазақстан Республикасына келу мақсаттары мен себептерін нақтылайды;

      қажет болған жағдайда ұсынылған құжаттардың түпнұсқалығы мен алынған мәліметтердің шынайылығын тексеруді ұйымдастырады;

      қажет болған жағдайда адаммен ұсынылған ақпараттың шынайылығын тексеру, материалдардағы сәйкессіздіктер мен қайшылықтарды жою үшін қосымша әңгімелесу өткізеді;

      адам ұсынған мәліметтер мен фактілерді растау және адам туралы қосымша ақпарат алу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына, ұйымдарына (мекемелеріне) сұрау салулар жолдайды;

      адам ұсынған мәліметтерді растау қажет болған жағдайда куәгерлерді (бар болса) шақырады;

      адам ұсынған құжаттар мен материалдарға, мемлекеттік органдардың, ұйымдардың (мекемелердің) ақпаратына талдау жүргізеді, шетелдікпен сауалнама жүргізу және әңгімелесу нәтижелерін бағалайды.

      29. Егер адам өтінішхатты қарау кезеңінде Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуға ниеттенгені туралы мәлімдесе, оған өтінішхатты қарауды тоқтату туралы өтініш беру құқығы түсіндіріледі.

      Адам өтінішхатты қарауды тоқтату туралы өтініш берген жағдайда КҚҚБ дереу тиісті шешім қабылдайды. Өтінішхатты қарауды тоқтату туралы шешім қабылданғаннан кейін КҚҚБ шетелдіктен, азаматтығы жоқ адамнан пана іздеген адамның куәлігін алып қояды және адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерге шығуын бақылауды жүзеге асырады.

      Өтінішхатты қарауды тоқтатқаннан кейін бір ай мерзімде КҚҚБ адамның кеткені туралы КҚҚК-ге хабарлайды.

      30. Босқын деп тану туралы өтініш білдірген адамда босқын деп тану рәсімін өткізу кезеңінде балалары туған не отбасы мүшелерінің біреуі қайтыс болған жағдайда адам өтінішхатқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін бұл туралы КҚҚБ-ге дереу хабарлайды.

      31. Босқын деп танылған адамда бала туылған жағдайда адам өзі есебінде тұрған КҚҚБ-ге баланы босқын деп тану туралы өтініш береді. Өтінішке баланың тууы туралы куәлігі қоса беріледі.

      КҚҚБ осындай өтініш бойынша шешімді бірінші кезекте қабылдайды.

4-тарау. Босқын мәртебесін беру және ұзарту тәртібі

      32. Босқын мәртебесін беру туралы шешімді уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі Комиссияның ұсынымы бойынша қабылдайды.

      33. Комиссияның өтінішхатты қарау нәтижелері бойынша КҚҚБ басшысы босқын мәртебесін беру не одан бас тарту туралы шешім қабылдайды.

      34. КҚҚБ-ның шешімі жалпы, дәлелдеме және қорытынды бөліктен тұрады.

      Жалпы бөлікте:

      адам туралы мәліметтер: тегі, аты (аттары), әкесінің аты (жеке басты куәландыратын құжатқа сәйкес), азаматтығы (бар болса), туған күні мен жері, діни сенімі, отбасы жағдайы, білімі, отбасы құрамы;

      тұрғылықты жерлерін көрсете отырып, өтініш иесінің жақын туыстары туралы;

      өтініш иесінің еңбек, саяси немесе қоғамдық қызметі, оның азаматтық тиесілілігі немесе бұрынғы тұрғылықты жерінің мемлекетінен шығуының мән-жайлары, жол жүру бағыты және Қазақстан Республикасына келуі туралы;

      Қазақстан Республикасына келгенге дейін адамның өміріне қатысты өзге де мәліметтер көрсетіледі.

      Дәлелдеме бөлігінде адам өтінішхатының негізділігіне баға беріледі.

      Егер КҚҚБ қызметкері адамды босқын деп тану үшін негіздер жоқ екенін анықтаса дәлелдеме бөлігінде босқын деп танудан бас тартудың негіздемесі баяндалады.

      Егер шетелдік бірнеше мемлекеттің азаматы болып табылса, ол азаматы болып табылатын мемлекеттердің біріне қорғау үшін өтініш білдіру мүмкіндігі туралы мәселе зерделенеді. Тек шетелдік өз азаматтығы мемлекеттерінің бірінің қорғауына жүгіне алмаған жағдайда, негіздер болса оған босқын мәртебесі беріледі.

      Қорытынды бөлігінде босқын мәртебесін беру не одан бас тарту туралы қорытынды көрсетіледі. Босқын мәртебесін беруден бас тартылған жағдайда Заңның тиісті бабына сілтеме көрсетіледі.

      34-1. Адамға босқын мәртебесін беруден бас тартуға мынадай мән-жайлар негіз болып табылады:

      1) адамның нәсілдік, ұлттық, діни сенім, азаматтық белгісі, белгілі бір әлеуметтік топқа жататындығы немесе саяси нанымы бойынша қудалау құрбаны болуы мүмкін деген негізделген қауіптердің болмауы;

      2) егер адам өзі туралы және Қазақстан Республикасының аумағына келу мән-жайлары туралы хабарлаудан бас тартса не көрінеу жалған мәліметтерді хабарласа, сондай-ақ жалған құжаттарды ұсынса;

      3) адамда өзі оның қорғауын пайдалана алатын үшінші мемлекеттің азаматтығының болуы;

      4) егер адам қауіпсіз үшінші елдің аумағынан тікелей келсе;

      5) егер осы адамға қатысты өзі азаматы болып табылатын елде не келген елінде әрекет ететін террористік, экстремистік, сондай-ақ тыйым салынған діни ұйымдардың қызметіне қатысады не қатысты деп болжауға салмақты негіздер болса;

      6) егер аталған адам жөнінде бейбітшілікке қарсы қылмысқа, әскери қылмысқа немесе адамзатқа қарсы қылмысқа қатысты шаралар қолдану мақсатында жасалған халықаралық актілерде осы әрекеттерге берілген анықтамадағы осындай қылмыстарды жасады деп болжауға салмақты негіздер болса;

      7) егер осы адамға қатысты ол Қазақстан Республикасының аумағына келгенге дейін оның шегінен тысқары жерлерде саяси емес сипаттағы ауыр қылмыс жасады деп болжауға салмақты негіздер болса;

      8) егер осы адамға қатысты ол Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын Біріккен Ұлттар Ұйымының және халықаралық ұйымдардың мақсаты мен қағидаттарына қайшы келетін әрекеттердің жасалуына кінәлі деп болжауға салмақты негіздер болса;

      9) егер осы адам Біріккен Ұлттар Ұйымының босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссарының басқармасынан басқа, Біріккен Ұлттар Ұйымы органдарының немесе мекемелерінің қорғауын не көмегін пайдаланып отырса;

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      10) тармақшасының қолданысы 01.01.2023 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР Ішкі істер министрінің 24.09.2021 № 576 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      10) осы адам Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дактилоскопиялық тіркеуден өтуден бас тартса немесе өтпесе, босқын мәртебесін беруден бас тартылады.

      Ескерту. Қағида 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      35. Адам саудасынан, сексуалдық және гендерлік зорлық-зомбылықтан, азаптауды басынан өткерген адамдардан, сондай-ақ ілесіп жүретін адамдарсыз келген кәмелетке толмаған адамдардың өтінішхаттарын қарау басым тәртіпте қысқа мерзімдерде жүргізіледі.

      36. Босқын мәртебесі берілген адамға уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде есепке қою туралы белгісімен босқын куәлігін береді, оның құқықтары мен міндеттерін түсіндіреді.

      37. Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерде жүрген адамды босқын деп тану туралы шешімді, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі екі жұмыс күнінің ішінде уәкілетті органға жібереді және көрсетілген шешім одан әрі осы адамдардың Қазақстан Республикасының аумағына келу құжаттарын ресімдеу мақсатында Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі арқылы өтінішхат берілген жердегі Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне жіберіледі.

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      38-тармағының қолданысы 01.01.2023 дейін тоқтатыла тұрады - ҚР Ішкі істер министрінің 24.09.2021 № 576 (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      38. КҚҚБ босқын куәлігін бергенге дейін босқын деп танылған шетелдікті, азаматтығы жоқ адамды дактилоскопиялайды.

      39. Босқын куәлігі босқын мәртебесін растайды және босқын деп танылған шетелдіктің, азаматтығы жоқ адамның жеке басын куәландырады.

      Босқын куәлігі Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында жарамды болады.

      Босқын деп танылған адам отбасының он сегіз жасқа толмаған мүшелері туралы мәліметтер ата-анасының біреуінің, ата-анасы болмаған кезде заңды өкілінің не отбасының он сегіз жасқа толған және отбасының он сегіз жасқа толмаған мүшелерінің мінез-құлқына, тәрбиесіне және оларды асырауға өз еркімен жауапкершілік алған бір мүшесінің босқын куәлігіне жазылады. Нәтижесінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі көрсетілген адамдардың он сегіз жасқа толуына қарай, еркін нысанда жазылған өздерінің жазбаша өтініші негізінде оларға босқын куәлігін береді.

      Он сегіз жасқа толмаған және Қазақстан Республикасының аумағына ата-анасынсыз немесе заңды өкілдерінсіз келген адамға да босқын куәлігі тапсырылады.

      40. Босқын деп танылған адам босқын куәлігін алған кезде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі босқынның бұрынғы берілген пана іздеуші адамның куәлігін алып, оны босқынның жеке ісіне қосады.

      41. Босқын куәлігі ішкі істер органдарының көші-қон қызметінің бөлінісінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі беретін жолдаманың негізінде осы адамның босқын деп танылу мерзіміне тіркеледі.

      Босқынның Қазақстан Республикасының аумағындағы тұрғылықты жері өзгерген кезде оның жеке ісінің материалдарды босқынның жаңа тіркелу орны бойынша уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне жіберіледі.

      42. Егер адам өзін босқын деп тану туралы шешімді қабылдағаннан кейін үш айдың ішінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне босқын куәлігін алуға келмесе және бұл адамның көрсетілген мекенжайда тұрмайтыны туралы хабарлама келіп түссе немесе осы адамның Қазақстан Республикасының аумағынан тысқары жерге кеткені туралы ішкі істер органдарынан ақпарат не адамның Қазақстан Республикасынан тысқары жерде екендігін растайтын басқа бір шынайы ақпарат алынса, уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі өзінің босқын мәртебесін беру туралы шешімінің күшін жояды.

      43. Қазақстан Республикасының аумағында жүрген пана іздеген адамға босқын мәртебесін беруден бас тартылған жағдайда уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде бас тартудың себебі мен қабылданған шешімге шағымдану тәртібін көрсете отырып, осы адамға шешімнің көшірмесін оның тұрғылықты жері бойынша тапсырады немесе жібереді, сондай-ақ қабылданған шешімнің көшірмесін ұсына отырып, ішкі істер органдарының көші-қон полициясының бөлімшесін хабардар етеді.

      44. Егер Қазақстан Республикасынан тыс жүрген, пана іздеген адамға босқын мәртебесін беруден бас тартылған жағдайда уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бас тарту туралы шешім қабылданған күннен бастап күнтізбелік үш күн ішінде бұл шешімді уәкілетті органға жібереді және көрсетілген шешім одан әрі Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі арқылы өтінішхаттың берілген жері бойынша Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігіне немесе консулдық мекемесіне екі жұмыс күні ішінде жолданады. Қазақстан Республикасының дипломатиялық өкілдігі немесе консулдық мекемесі бас тарту туралы шешімді алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде бас тарту себебі мен қабылданған шешімге шағымдану тәртібін көрсете отырып, осы адамға шешімнің көшірмесін тапсырады немесе жібереді.

      45. Босқын мәртебесін беруден бас тарту туралы шешімге сотқа және (немесе) уәкілетті органға шағымданған кезде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі пана іздеген адамның куәлігінің қолданылу мерзімін шағымның қаралу кезеңіне ұзартады. Пана іздеген адам шағымды қанағаттандырудан бас тарту туралы сот қаулысын алған жағдайда пана іздеген адамның куәлігі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне тапсырылуға тиіс.

      46. Босқын мәртебесі бір жыл мерзімге беріледі. Босқын шыққан елінде "Босқындар туралы" Заңның 1-бабының 1) тармақшасында көзделген мән-жайлар сақталған кезде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі босқын мәртебесін бір жылға және көрсетілген мерзім аяқталғанға дейін бір ай бұрын берілген босқынның өтініші негізінде әрбір келесі жылға ұзартады.

      Мерзімді ұзарту кезінде уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі босқынның босқын куәлігінің, тұруға ықтиярхатының (болған жағдайда), жол жүру құжатының болуын тексереді, отбасылық жағдайының, отбасы құрамының, тұратын мекенжайының өзгеруі туралы деректерді нақтылайды және бұл өзгерістерді босқынның жеке ісіне енгізеді.

      47. Босқын мәртебесін ұзартудан бас тартылған жағдайда уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі бас тарту туралы шешім қабылдаған күннен бастап күнтізбелік үш күннің ішінде біруақытта ішкі істер органдарының көші-қон полициясы бөлімшесін қабылданған шешімнің көшірмесін ұсына хабардар ете отырып, өтініш берушінің оның есепке алынған орны бойынша бас тарту себебін, қабылданған шешімге шағымдану тәртібін көрсете отырып, сондай-ақ оның міндеттері мен құқықтарын түсіндіріп, шешімнің көшірмесін береді не жолдайды.

      48. Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

5-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша орталық мемлекеттік органдардың, көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

      49. Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      50. Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      51. Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      52. Алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Босқын мәртебесiн беру
туралы өтiнiшхатты тiркеу мен
қараудың қағидаларына
1-қосымша

      Ескерту. 1-қосымша алып тасталды - ҚР Ішкі істер министрінің 24.06.2021 № 365 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  Босқын мәртебесін беру
туралы өтінішхатты тіркеу мен
қараудың қағидаларына
2-қосымша
нысан
  кімге_______________________
(КҚҚБ басшысының
лауазымы, тегі және аты-жөні)
__________________________
кімнен___________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
__________________________
(қай мемлекеттің)
__________________ азаматы
уақытша тұратын адамның
тұрақты тұрғылықты жері _____
___________________________
(мекенжайы)
отбасы құрамында ____ адам

Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат

      Маған және менің отбасымның мүшелеріне Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беруді сұраймын.

      Тұратын жерімнен мына себептер бойынша кетуге мәжбүрмін:

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      Туған күні және жері ________________________________________________________

      Азаматтығы (бұрын тұрақты тұрған елі) ________________________________________

      Ұлты (этникалық тиесілігі) ___________________________________________________

      Мынадай тілдерді білемін ___________________________________________________

      Қазақстан Республикасына келу күні __________________________________________

      Заңды (заңсыз) келді ________________________________________________________

      Пана іздеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттар немесе жеке басын

      растайтын құжаттар ______________________________________________________________

      (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)

      Менімен бірге келген отбасымның мүшелері:

Тегі, аты, әкесінің аты

Туған күні

Туыстық дәрежесі













      Бұдан бұрын Қазақстан Республикасында босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатпен

      жүгіндім (жүгінбедім) _____________________________________________________________

      Егер жүгінсеңіз, органды көрсетіңіз _________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      _____________________ ______________________________

      (өтініш беру күні)            (пана іздеген адамның қолы)

      Өтінішхатты қабылдаған КҚҚБ қызметкері ______________________________

      _____________            ______________            ______________

      (қолы)                              (Т.А.Ә.)                  (күні)

      Өтінішхатты тіркеу туралы шешім:

      Тіркелді ________________________________________________________________________

      (күні, тіркеу нөмірі, қызметкердің қолы)

  Босқын мәртебесін беру
туралы өтінішхатты тіркеу
мен қараудың қағидаларына
3-қосымша
  нысан

Пана іздеген адамдарды тіркеу журналы

Р/с

Пана іздеген адамның және оның отбасы мүшелерінің тегі, аты, әкесінің аты

Туған күні және туған жері

Азаматтығы

Кету елі және бұрын тұрған мекенжайы

Қазақстан Республикасына келу күні

Өтінішхатты қабылдау және тіркеу күні

Қазақстан Республикасындағы тұрғылықты мекенжайы

Қабылдау жүргізген қызметкердің тегі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

  Босқын мәртебесін беру
туралы өтінішхатты тіркеу
мен қараудың қағидаларына
4-қосымша



Пана іздеген адамды есепке алу карточкасы

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) __________________________________

      2. Туған күні, айы, жылы _____________________________________________________

      3. Туған жері ______________________________________________________________

      4. Азаматтығы _____________________________________________________________

      5. Ұлты ___________________________________________________________________

      6. Пана іздеген адамның жеке басын куәландыратын құжаттар немесе жеке басын

      растайтын құжаттар ______________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)

      7. Отбасы жағдайы ____________________

      8. Отбасы құрамында __________________ адам

      9. Пана іздеген адаммен бірге келген отбасы мүшелері туралы мәлімет:

Тегі, аты, әкесінің аты

Туыстық дәрежесі

Туған күні

Паспорттың немесе жеке басын куәландыратын өзге де құжаттың №, сериясы

Ұлты

Азаматтығы















      10. Қазақстан Республикасында тұратын жері және телефон нөмірі

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      11. Отбасының барлық мүшелері көрсетілген мекенжай бойынша тұра ма?

      Егер "тұрмаса" отбасының қай мүшесі тұрмайтыны және оның қандай мекенжай

      бойынша тұратыны көрсетілсін

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      12. Бұдан бұрын босқын мәртебесін беру туралы өтінішхатпен жүгінді ме

      (қайда және қашан)

      __________________________________________________________________________

      13. Сапар бағыты ___________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      14. Тілдерді меңгеруі ________________________________________________________

      15. Мүгедектігі, оның ішінде отбасы мүшелерінде - (бар/жоқ). Егер "мүгедек болса",

      кім және нешінші топтағы мүгедек екені көрсетілсін

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      16. Әскери қызметі, қызмет өткерген уақыты және жері, әскери атағы

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      17. Пана іздеген адам немесе пана іздеген адаммен бірге келген отбасы мүшелерінің

      біреуі қылмыстық жауапкершілікке тартылды ма ______________

      (иә/жоқ).

      Егер тартылса кім, қашан, қай соттың үкімі бойынша және қандай мерзімге екені

      көрсетілсін ______________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      18. Бұрынғы тұрақты тұрған елі және мекенжайы ________________________________

      __________________________________________________________________________

      19. Тұрған елінен кету күні және себебі /________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      20. Қазақстан Республикасында туыстары бар ма - (иә/жоқ). Егер болса туыстық

      дәрежесі және олардың тұратын жері көрсетілсін ______________________________________

      __________________________________________________________________________

      21. Қоныстанудың болжамды орны (қала, облыс, аудан, елді мекен көрсетілсін)

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      22. Білімі, кәсібі, оның ішінде отбасы мүшелерінің білімі, кәсібі ____________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      23. Партиялардағы, ұйымдардағы, топтардағы мүшелігі __________________________

      24. Қазақстан Республикасында бұрын болды ма ______________ (иә/жоқ).

      Егер болса келу күні мен мақсаты көрсетілсін ___________________________________

      25. Қосымша мәліметтер _____________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      __________________________________________________________________________

      26. Өтінішхатты қабылдаған органның атауы және қабылдаған күні

      __________________________________________________________________________

      27. Өтінішхаттың КҚҚБ-ге келіп түскен күні ____________________________________

      28. Әңгімелесу жүргізу күні __________________________________________________

      29. Өтінішхаттың тіркелген күні ______________________________________________

      30. Пана іздеген адамның куәлігі: тіркеу № 20_ж. ____ ________ Берілген күні 20 __ ж.

      __ _______ Қолданылу мерзімі _____________________________________________________

      Пана іздеген адамның куәлігін алдым __________________________________________

      (қолы, күні)

      Пана іздеген адамның куәлігінің қолданылу мерзімі ______________________ дейін

      ұзартылды ______________________________________ _______ ______ (карточканы

      толтырған қызметкердің лауазымы) (Т.А.Ә.) (күні)

  Босқын мәртебесін беру
туралы өтінішхатты тіркеу
мен қараудың қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

      ___________________________________________________________________

      (КҚҚБ атауы)

      20 __ ж. ____ _________

      № ________ _____________________________________________________________________

      (мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымының атауы)

      Міндетті медициналық куәландыруға жолдама

      Азаматы/азаматтығы жоқ адамы ____________________________________________________

      (мемлекеттің атауы)

      ________________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты) туған күні

      ________________________________________________________________________________

      Пана іздеген адамның жеке басын куәландыратын немесе жеке басын растайтын құжаттар

      ________________________________________________________________________________

      (атауы, сериясы, нөмірі, қашан және кім берді)

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      келген __________________________________________________________________________

      (мемлекеттің атауы) Босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат беруіне байланысты міндетті

      медициналық тексеруден өтуге жіберіледі.

      Басшы ____________________________________ __________________________ _________

      (КҚҚБ)                              (қолы)                        (Т.А.Ә.)

      М.О

  Босқын мәртебесін беру
туралы өтінішхатты тіркеу
мен қараудың қағидаларына
6-қосымша
  Нысан

      ___________________________________________________________________

      (КҚҚБ атауы)

Сауалнама парағы

      1. Пана іздеген адам туралы мәлімет

      1. Тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) ________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      2. Жынысы ______________________________________________________________________

      3. Туған күні _____________________________________________________________________

      4. Азаматтығы (бұрынғы тұрақты тұрған елі) __________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      5. Өтінішхатты берген күні _________________________________________________________

      2. Пана іздеген адамға сауалнама жүргізу нәтижесі (пана іздеген адамға қойылатын сұрақ-жауаптардың мазмұны)

      Сұрақтарды тізбені (Қағидаларға 7-қосымша) басшылыққа ала отырып қою қажет.

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      ________________________________________________________________________________

      (Сауалнама парағының соңғы беті)

      Осы сауалнама парағында ________ бет.

      Мен, ___________________________________________________________________________

      жоғарыда баяндалғандардың бәрі шындыққа сәйкес келетінін мәлімдеймін.

      _____________________________________ __________________________________________

      (пана іздеген адамның қолы) (күні)

      Мен ___________ тілінде оқи алатынымды және жоғарыда баяндалғанды толық түсінетінімді

      мәлімдеймін _____________________________________________________________________

      ______________________________________________ _____________________

      (пана іздеген адамның қолы)                        (күні)

      Мен, ___________________________________________________________________________

      жоғарыда баяндалғанның мазмұнын ____________ тілінен ___________ тіліне толық

      аударғанымды мәлімдеймін. Пана іздеген адам мені, ал мен арқылы КҚҚБ қызметкерін

      қойылған сұрақтарға оның жауаптарының дұрыс жазылғандығын сендірді және ол жоғарыда

      баяндалғанмен келіседі.

      ______________________________________________________ ______________

      (аудармашының қолы)                              (күні)

      ______________________________________________ ______________________

      (сауалнама жүргізген қызметкердің (Т.А.Ә.)      (күні) лауазымы, қолы)

  Босқын мәртебесін беру
туралы өтінішхатты тіркеу
мен қараудың қағидаларына
7-қосымша

Әңгімелесу кезінде пана іздеген адамға қойылатын сұрақтардың тізбесі

      1. Жол жүру құжаты.

      Пана іздеген адам (бұдан әрі - өтініш беруші) жеке басын куәландыратын құжат алу үшін билік органдарына өтініш берді ме?

      Жеке басын куәландыратын құжатты қандай билік органдары берді? Жеке басын куәландыратын құжатты қалай алды? Ақыға? Кімге?

      Жеке басын куәландыратын құжат кімнің атына берілді?

      Өтініш беруші осы жеке басын куәландыратын құжатпен елден еркін шыға алды ма және қайда барды (елдер, болу ұзақтығы, мақсаты)?

      Жеке басын куәландыратын құжатпен бірге кетуге рұқсат алды ма?

      Кіру визаларын қалай алды?

      Елден шығу үшін қандай құжаттар пайдаланылды (түпнұсқасы немесе қолдан жасалған)?

      Елден кету кезінде шекаралық бақылауда проблемалар болды ма?

      Егер жеке басын куәландыратын құжат жалған болса, қайда және қашан жасады?

      Қолдан жасағанына ықтимал түсініктемелер.

      Өтініш берушінің басқа елде тұруға жарамды рұқсаты бар ма?

      Егер жеке басын куәландыратын құжат болмаса, неліктен жоқ екенін анықтау қажет. Қайда, қашан жоғалтты/жойылды? Өтініш берушіге жеке басын куәландыратын құжатты лақтырып тастауға немесе жоюға біреу кеңес берді ме? Кім және қашан?

      Өтініш берушінің маңызды тағы да қандай сәйкестендіру құжаттары бар? Оларды қалай алды?

      2. Билеттер.

      Қазақстан Республикасына кіру үшін билеттер сатып алды ма?

      Қайда, қашан, кім және қай көлік түріне сатып алды?

      Кері қайту билеті бар ма?

      3. Азаматы болып табылатын елден (бұрынғы тұрақты тұрғылықты жерінен) кету және Қазақстан Республикасына келу.

      Азаматы болып табылатын елден немесе бұрынғы тұрақты тұрғылықты жерінен кету күні

      Бұл биліктің рұқсаты бойынша жүргізілді ме?

      Шекаралық бақылауда проблемалар болды ма?

      Орын ауыстыру тәсілдері және пайдаланылған көлік құралдарының түрлері, транзит елдерінің, қалалардың атауы, келу және кету күндері көрсетілген нақты жүру бағыты

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының, Қазақстан Республикасының аумағына келу күні және орны.

      Шекарадан қандай амалмен өтті?

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы елдерінің мемлекеттік шекарасын кесіп өткен кезде, Қазақстан Республикасына келген кезде құжаттарды көрсетті ме және қандай құжаттар? Егер көрсетпесе - неліктен?

      Өтініш беруші жалғыз өзі келді ме? Жолаушылардың аттарын атауды сұрау.

      Өтініш беруші Тәуелсіздік Мемлекеттер Достастығы елдерінде, Қазақстан Республикасында бұрын болды ма және қандай мақсатпен?

      Пана іздеген елі ретінде неге Қазақстан Республикасын таңдады?

      Өтініш берушінің Қазақстан Республикасында туыстары/достары барма? Олардың аттары, мекенжайлары, тұруы үшін негіздер?

      Қазақстан Республикасының аумағына келгеннен кейін өтініш беруші қайда, қашан және қай билік өкіліне және қандай өтінішпен барды? Паспорттық бақылауда проблемалар болды ма?

      Мүмкіндігінше сапар туралы көбірек ақпарат анықтау қажет.

      4. Отбасы мүшелері және жақын туыстары туралы мәліметтер.

      Қазақстан Республикасына өтініш берушімен бірге отбасы мүшелерінің қайсысы келді?

      Жақын туыстарының қайсысы саяси қызметпен айналысты?

      Балаларының денсаулық жағдайы.

      5. Этникалық топ.

      Өтініш беруші арнайы бір этникалық топқа, тайпаға немесе рулық қауымға жатады ма? Бұның әсіресе африка елдерінен келген өтініш берушілер үшін маңызы бар.

      Бұл этникалық топ оның елінде қаншалықты көп?

      6. Діні.

      Өтініш берушінің елінде діни сенімге бостандық құқығы сақтала ма?

      Өтініш беруші қандай дінге сенеді немесе қандай діни қауымға жатады?

      Ол дінге сенуші болып табыла ма?

      Ол өз елінде дінін жасырын немесе ашық түрде уағыздады ма?

      Діни себептерге байланысты қудаланды ма?

      7. Қаржы жағдайы.

      Өтініш берушінің жеке басының және/немесе отбасының қаржылық жағдайын отанындағы қатынастарға байланысты бағалау

      Өтініш берушінің/отбасының табысы қандай болды, қандай мүлкі болды?

      Өтініш берушінің Қазақстан Республикасының аумағында өмір сүру үшін қандай қаражаты бар?

      8. Әскери қызметке қатысы.

      Оның елінде әскери қызмет міндетті болып табылады ма?

      Әскерге шақырылу жасы қандай және міндетті әскери қызмет мерзімі?

      Өтініші беруші әскери қызметін өтеді ме?

      Егер әскери қызметін өтесе, онда ол әскерге шақыртылды ма немесе өз еркімен барды ма, қызмет өткерген кезеңі және жері, әскер түрі, соңғы әскери атағы, әскери мамандығы.

      Ол әскери қызметін белгіленген мерзімде аяқтады ма?

      Егер өтініш беруші әскерде болмаса, себебі көрсетілсін. Егер қызмет өткеруін аяқтамаса немесе әскерден қашып кетсе себептері көрсетілсін. Мұндай әрекеттердің салдарын бағалау.

      9. Сотталғандығы туралы ақпарат.

      Өтініш беруші бұрын қылмыс үшін сот тәртібінде сотталды ма?

      Егер сотталса, қашан және қандай сотта?

      Судья мен прокурордың тегі.

      Құқық бұзушылық сипаты және шығарылған үкім.

      Жазалау мерзімі (сот үкімі бойынша және нақты өтеп шыққан)

      Абақтының атауы және мекенжайы, жазаны қайда өтеп шықты

      Қашан және қандай себеппен босап шықты?

      Қамауда болғаны туралы қандай да бір құжаттар бар ма?

      Босатылғаннан кейін полиция қадағалауында болды ма?

      10. Отанындағы саяси ахуалды білуі және бағалауы.

      Өз отанындағы саяси жүйені және мемлекеттік құрылымын сипаттау.

      Елінің ұлттық туын сипаттап беруін өтіну.

      Билікте кім?

      Билік саясатына деген жеке бағасы.

      Оппозициялық топтарды, партияларды, қозғалыстарды білуі, олар қаншалықты көп, олардың көшбасшылары кім және бұл топтардың идеологиясы немесе ниеттері қандай.

      Оппозициялық топтар заңды/заңсыз ба?

      Заңсыз баспасөздерді білуі.

      Партиялардың, топтардың, қозғалыстардың қысқартылған атаулары (аббревиатуралары) өз тілінде, мүмкіндігінше халықаралық атаулармен түсіндірсін.

      11. Саяси қызметке қатысуы.

      Өтініш беруші саясатқа қызығушылық білдіре ме?

      Өтініш беруші немесе оның отбасы мүшелерінің ересектері тұрақты тұрған елінде қандай саяси, діни, әскери, этникалық және басқа да ұйымдарда, топтарда немесе ағымдарда болды?

      Өтініш беруші партияның белсенді/енжар мүшесі болды ма, онда қанша болды? Оның лауазымы (жағдайы) және міндеті.

      Бұл қандай ұйым? Оның мақсаты, жұмыс істеу әдістері, саяси бағыты, құрылымы, саны, қашан және кім құрды, көшбасшылары мен тікелей басшыларының аты-жөні, әрекет ауданы, заңды/заңсыз. Өтініш берушінің ұйым қызметіне қатысу сипаттамасы.

      Ұйым қандай бір болмасын жарияланым шығара ма? Олардың атауын хабарласын.

      Ұйымның басқа мүшелерінің аты.

      Өтініш беруші өз іс-қимылы үшін билік тарапынан қуғынға ұшырады ма?

      Өтініш беруші дене күші қолданылған нәсілдік, ұлттық, діни тектегі немесе саяси көзқарастармен байланысты оқиғаларға қатысты ма? Егер қатысса, бұндай оқиғалардың өзгешелігін және өтініш берушінің оған қатысу дәрежесін сипаттау.

      Егер тұтқындалса, тұтқындаудың хронологиялық реттілігі көрсетілсін және тұтқындауды қайда өтеп шықты (абақты, полиция учаскесі), тұтқында болу ұзақтығы.

      Өтініш берушімен бірге неше адам тұтқындалды?

      Өтініш берушіге айып тағылды ма?

      Саяси қызмет үшін сотталды ма? Егер сотталса, соттың аты, іс қайда қаралды, үкім мерзімі, мүмкін болса қорғаушының аты хабарлансын

      Тұтқында болу жағдайын сипаттау.

      Босату қалай жүргізілді (пара беру, сатып алу, кепілдікке, жаза мерзімінің аяқталуы)?

      Босатылғаннан кейін полиция қадағалауында болды ма?

      Босатылғаннан кейін өтініш берушіге қарым-қатынасы. Болу орны, жұмысы.

      Абақтыдан, абақты көлігінен, абақты госпиталінен және т.б. қашу туралы айтылған жағдайда қашу жағдайын нақтылау қажет (Қалай қашты? Қашу үшін өтініш берушіге сырттан көмектесті ме? Қашқаннан кейін және елден кеткенге дейін өзін қалай қамтамасыз ете алды? Қай жерде болды/тұрды және ақшаны қайдан алды? Жеке басын куәландыратын құжатты/ жол жүру құжаттарын қалай алды?).

      Қазіргі уақытта өтініш беруші іздестірілуде ме? Не үшін?

      Іздестіруге жарияланғаны өтініш берушіге қайдан белгілі?

      Өтініш беруші адвокатпен немесе адам құқықтары жөніндегі ұйыммен байланыста ма? Олардың есімдері және мекенжайлары және ол бұл байланысқа қалай кірді?

      12. Тұрақты тұру елінен кету себептері.

      Өтініш берушінің елден кету себептерін айтып беруді сұрау (бұрын болған тармақтарға сүйенуге болады).

      Оны қудалаудан қорқатындығы туралы ақпарат алу маңызды.

      Өтініш беруші қудалаудың/зорлық-зомбылықтың қандай түріне ұшырады, оны елден кетуге мәжбүрлеген фактілер көрсетілсін (дене күші, үйді тінту, кәсіби тыйым, басқа да мәжбүр етулер, қауіп-қатерлер).

      Өтініш берушіге немесе оның отбасы мүшелеріне жасалған зорлық-зомбылықтар/қудалау уақыты және орны, кім орындады?

      Хронологиялық тәртіпте толығырақ сипаттап беруін сұрау.

      Мүмкін болса осыны дәлелдейтін кез келген құжатты көрсетсін.

      Өтініш берушінің ойынша мұндай актілерді жасауға не себеп болды?

      Қудалауға ұшырау қорқынышы туралы өз сенімін өтініш беруші немен растай алады?

      Өтініш беруші отанына қайтып барғысы келе ме? Егер қайтып барғысы келмесе не себептен?

      Өтініш берушінің ойынша егер ол отанынан қайтып барса не болуы мүмкін және неліктен? Негізделген себептерді атауын сұрау.

      Өтініш берушіге өз азаматтығы елінің билігі қайтып баруға рұқсат бере ме?

      Неліктен береді немесе неліктен бермейді?

      Қайтып барған жағдайда қауіпсіздік қатері бар ма? Егер болса,нақты себептер көрсетілсін.

      13. Кәмелетке толмаған өтініш берушілер үшін кету себептері туралы сұрақтар.

      Қалай/неліктен жас өтініш беруші өз ата-анасынан/отбасынан ажырады?

      Бұл қашан болды?

      Ол өз еркімен кетті ме немесе өз еркінен тыс жөнелтілді ме?

      Оның ата-анасы оны отанынан кеткені туралы біле ме, ол қандай да бір нұсқама алды ма? Қандай нұсқама?

      Қашан және қандай жағдайларда өтініш беруші өз ата-анасымен/отбасымен байланыста болды?

      Жас өтініш беруші ата-анасын (басқа жақын туыстарын, отбасы мүшелерін) тірі деп есептей ме? Егер ол оларды қайтыс болған десе, оның бұл үшін қандай негіздері бар?

      Отбасынан кеткеннен кейін өтініш беруші бірінші қайда барды?

      Өтініш беруші ата-анасынан/отбасынан кеткеннен кейін тұрған жерін, ұзақтығын сипаттап беруді сұрау.

      Өтініш беруші бұрын өзі немесе отбасымен отанын тастап кетуді байқады ма?

      Қазақстан Республикасына келе жатқанда өтініш берушіге кім қамқорлық көрсетті, оның аты және туыстығы/басқа да қатынастары?

      Олар бірін бірі бұрын білді ме?

      Қазіргі кезде олардың қарым-қатынасы қалай?

      Кәмелетке толмаған өтініш берушінің отанынан кетуіне негізгі себеп қандай болды?

      Өтініш беруші немесе оның жақындары қудалауға ұшырады ма? Қалай және қандай себептермен?

      Қазақстан Республикасына келе жатқанда қандай ерекше қиындықтар болды?

      14. Отанындағы және басқа елдердегі байланысы

      Отанымен байланысу мүмкіндіктері, туыстарының болуы, туыстық дәрежесі, олардың мекенжайы және телефоны.

      Қазақстан Республикасында және басқа елдерде туыстары немесе отандастары бар ма? Олардың босқын мәртебесі бар ма (өтінішхат берді ме)? Олардың мекенжайлары және телефоны.

      Өтініш беруші басқа елдерге немесе халықаралық ұйымдарға пана беру немесе босқын мәртебесін беру туралы өтінішхат берді ме? Егер берсе берген күні, кімге және нәтижесі қандай екені көрсетілсін.

      Біріккен Ұлттар Ұйымының Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы комиссары басқармасының ( бұдан әрі-БҰҰ БЖКБ) босқыны деп танылды ма?

      Егер танылса, қайда, қашан және БЖКБ қандай органы? Бұл тануды растайтын құжат бар ма?

      Қандай да бір халықаралық немесе ұлттық ведомстволарда тіркелді ме? Егер тіркелсе, толығырақ айтсын.

      Өз елінің елшілігі, консулдығы немесе басқа да өкілдігі тіркеді ме? Егер тіркесе, егжей-тегжейлі нақтылау.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады