Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 10 қазандағы
№ 1286 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер
1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 520 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 45, 608-құжат):
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ғимараттарға және көлікке қызмет көрсету дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.».
2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде:
реттік нөмірі 21-151-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«21-151. «Ғимараттарға және көлікке қызмет көрсету дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %».
3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
көрсетілген қаулымен бекітілген иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге, өзге де мемлекеттiк органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» деген бөлімде:
реттік нөмірі 205-32-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«205-32. «Ғимараттарға және көлікке қызмет көрсету дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %».
4. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2005 жылғы 6 сәуiрдегi № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң қарамағындағы ұйымдардың тiзбесiнде:
«4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер» деген бөлімде:
реттік нөмірі 104-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«104. «Ғимараттарға және көлікке қызмет көрсету дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».
5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.