Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 сәуірдегі № 520 Қаулысы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Шаруашылық басқармасы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны жарғылық капиталына мемлекет жүз пайыз қатысатын «Ғимараттарға және көлікке қызмет көрсету дирекциясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне (бұдан әрі - серіктестік) қайта құру жолымен қайта ұйымдастырылсын.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2012.10.10 № 1286 Қаулысымен.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) ғимараттарға қызмет көрсетуді жүзеге асыру, автокөлік және шаруашылық қызмет көрсету қызметін негізгі мәні етіп айқындай отырып, серіктестіктің жарғысын бекітсін;
      2) серіктестіктің Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне Серіктестіктің мемлекеттік үлесіне иелік ету және оны пайдалану құқығын берсін;
      4) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрі                                      К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 26 сәуірдегі
№ 520 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен үлестері республикалық меншікке жатқызылған акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Астана қаласы» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-151-жолмен толықтырылсын:
      «21-151. «Шаруашылық басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %».
      «Павлодар облысы» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 265-6-жол алынып тасталсын.
      3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігіне» деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 205-7 және 205-13-жолдар алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 205-32-жолмен толықтырылсын:
      «205-32. «Шаруашылық басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 100 %».
      4. «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 6 сәуірдегі № 310 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 14, 168-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «1. Республикалық мемлекеттік кәсіпорындар» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 1-жол алынып тасталсын;
      «2. Акционерлік қоғамдар» деген бөлімде:
      реттік нөмірлері 62, 66, 66-1-жолдар алынып тасталсын;
      «4. Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер» деген бөлімде: мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 104-жолмен толықтырылсын:
      «104. «Шаруашылық басқармасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі».
      5. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады