Ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін, импорты қосылған құн салығынан босатылатын ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері жабдықтарының тізбесін және ғарыш қызметінің мақсаттары үшін ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің жабдықтарын әкелу туралы растау нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1303 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 16 сәуірдегі № 197 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Үкіметінің 16.04.2018 № 197 (01.01.2018 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

     

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 255-бабының 1-тармағының 6-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін, импорты қосылған құн салығынан босатылатын ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері жабдықтарының тізбесі;

      2) ғарыш қызметінің мақсаттары үшін ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің жабдықтарын әкелу туралы растау нысаны бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2011 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

С. Ахметов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 12 қазандағы
№ 1303 қаулысымен
бекітілген

Ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін, импорты қосылған құн
салығынан босатылатын ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш
инфрақұрылымы объектілері жабдықтарының тізбесі

      1. Ғарыш объектілерін шығару құралдары және олардың құрамдас бөліктері:

      1) тасымалдағыш зымырандар;

      2) тасымалдағыш зымырандардың сатылары, ауыспалы жүйелері, басты қалқандары;

      3) зымырандар мен пилотсыз ұшатын аппараттардың саты аралық бөліктері және сатыларды біріктіру және айыру механизмдері;

      4) екпіндеткіш блоктар;

      5) транспорттық модульдер.

      2. Ғарыш аппараттары:

      1) байланыс, хабар тарату және қайта тарату аппараттары;

      2) Жерді қашықтықтан зондтау, соның ішінде экологиялық мониторинг және метеорологияға арналған аппараттар;

      3) координаталық-уақыттық қамтамасыз ету және навигация аппараттары;

      4) ғылыми зерттеулерге арналған аппараттар;

      5) ғарыш жағдайларында сынаулар өткізуге және ғарышта материалдарды және өзгеде өнімдерді жасауға арналған аппараттар;

      6) басқарылатын аппараттар;

      7) орбиталық станциялар.

      3. Ақпараттық-өлшеу техникасының құралдары:

      1) ақпараттық-өлшеу техникасының кешендері;

      2) ақпараттық-өлшеу техникасының құрылғылары;

      3) бақылау-сынау аппаратурасы, бақылау-өлшеу аппаратурасы, бақылау және баптау құрылғылары;

      4) қосалқы бөлшектердің, құралдардың, керек-жарақтардың жиынтықтары;

      5) пайдалану және оқу-жаттығу құралдары.

      4. Борттық жүйелер және басқару, бақылау және траекториялық өлшеу аппаратуралары:

      1) тасымалдағыш зымырандарды басқарудың автономдық жүйесінің борттық аппаратурасы;

      2) тасымалдағыш зымырандарды автономдық басқару жүйесінің борттық аппаратурасының функционалдық блоктары және элементтері (тұрақтандыру автоматтары, көрінген жылдамдықты реттеуіштер, қозғалтқыш қондырғыларының автоматикасы, қашықтықты басқару автоматтары, телеметрикалық бақылау жүйесін келісу құрылғылары, борттық кәбілді желілер, қоректендіру және коммутация жүйелері);

      3) тасымалдағыш зымыранды автономдық басқару жүйелерінің борттық аппаратурасының құраушы блоктары мен элементтері;

      4) ғарыш аппараттарын басқару жүйелері (бағыттау және тұрақтандыру жүйелері, навигациялау жүйелері, баллистикалық түсіруді басқару жүйелері, жеңіл қону жүйелері, орбитада түзеу жүйелері, объектіні басқару жүйелері, түйісуді басқару жүйелері, электр қоректендіру жүйелері, бірыңғай уақыт және синхрондау жүйелері, пеленгациялау жүйелері, объектіні апатты қопару жүйелері, электр қоректену көздері, коммутациялық құрылғылар, өзге де жүйелер және басқару жүйесінің аппаратурасы);

      5) құрылымдық блоктар және ғарыш аппараттарын басқару жүйесінің элементтері;

      6) командалық-өлшеу жүйесінің, ғарыш кешенінің байланыс және қайта тарату жүйесінің борттық аппаратурасы;

      7) командалық-өлшеу жүйесінің, ғарыш кешенінің байланыс және қайта тарату жүйесінің блоктары мен элементтері;

      8) ғарыш техникасына арналған борттық цифрлы есептеу құрылғылары мен машиналары (компьютерлер);

      9) борттық компьютерлердің құрылымдық блоктары және элементтері;

      10) борттық компьютерлердің арнайы бағдарламалық жасақтамалары;

      11) ғарыш аппараттарының арнайы борттық жүйелерінің аппаратурасы (геодезиялық және радиогеодезиялық өлшеулер, фотографиялық, визуальды, инфрақызылды, фототелевизиялық, оптикалық-электрондық және радиолокациялық бақылаулар, жердегі радиация мен магнетизмді, күннің және алғашқы ғарыш сәулелері, жұлдыздар мен атмосфераның астрономиялық сәулеленуін ғылыми зерттеу үшін, актинометриялық);

      12) ғарыш аппараттарының құрылымдық блоктары және арнайы борттық жүйелерінің элементтері;

      13) гироскопиялық аспаптар;

      14) құраушы блоктар және гироскопиялық приборлардың элементтері;

      15) ғарыш аппараттарын басқару жүйелерінің қосалқы бөлшектері, құралдары, керек-жарақтары, қосу кәбілдері;

      16) тыныс-тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері.

      5. Ғарыш айлақтары мен ғарыш объектілерін басқару жерүсті кешендерінің құрамдас бөліктері мен жабдығы:

      1) старттық және техникалық кешендердің, сынау кешенінің, арнайы құрылыстардың жабдықтары;

      2) транспорттық, түйісу және транспорттық-орнату жабдығы;

      3) отын компоненттерімен толтыру және сығылған газбен қамтамасыз ету құралдары, құю-бейтараптандыру станциялары, криогенді жабдықтар;

      4) технологиялық, сынау, қосалқы жабдығы;

      5) арнайы технологиялық, сынау және техникалық жабдықтармен басқару құралдары;

      6) тасымалдағыш зымырандарға және ғарыш аппараттарына қызмет көрсету, сақтау және пайдалану құралдары;

      7) технологиялық, сынау және техникалық жабдықтарды бақылаудың және регламенттік тексерудің арнайы құралдары;

      8) агрегаттар, тораптар, бөлшектер, көтеру құралдары;

      9) оқыту-жаттығу орталықтарының жабдықтары.

      10) ғарыш ақпараттарын қабылдау және өңдеу станциялары.

      11) ғарыш техникасын жерүсті эксперименттік әзірлеуге және сынауға арналған объектілер, жабдықтар және құралдар;

      12) ғарыш аппаратының пайдалы жүктемесін бақылау және мониторингтеу жабдығы;

      13) тасымалдағыш зымыранның құрамдас бөліктерін тасымалдау құралдары;

      14) қону аудандарын пайдалану кешендерінің жерүсті технологиялық жабдығы, тасымалдағыш зымыранның бөлінген бөлшектерін іздеуге арналған авиациялық құралдар;

      15) ғарыш объектілерін бақылауға және ғарыш бағдарламаларын жерден сүйемелдеуге арналған оптикалық телескоптар.

      6. Жерүсті автоматтандырылған басқару кешені:

      1) командалық-өлшеу жүйелерінің станциялары, соның ішінде жерүсті стационарлық, жерүсті жылжымалы, жүзу және ұшу құралдары;

      2) ғарыш аппараттарының ұшуын басқару орталықтарының есептеу техникасы үшін аппаратуралар, арнайы бағдарламалық құралдар, ақпараттық және бағдарламалық өнімдер;

      3) жерүсті автоматтандырылған басқару кешенінің жиынтықтаушы бұйымдары және қосалқы бөлшектері;

      4) жерүсті автоматтандырылған басқару кешенінің құралдарын бақылау-сынау және бақылау-тексеру аппаратурасы;

      5) жерүсті тексеру-қосу электр жабдығы;

      6) старттық позициялар үшін әзірлеу және қосу аппаратурасы;

      7) қоймалар мен техникалық позицияларда тасымалдағыш зымырандар мен ғарыш аппараттарын сынау және әзірлеу аппаратурасы;

      8) жерүсті жабдығы мен борттық аппаратураны регламенттік тексерулер аппаратурасы;

      9) тасымалдағыш зымырандарды басқарудың автономдық жүйелерінің және ғарыш аппараттарын басқару жүйелерінің жерүсті аппаратурасының жиынтықтаушы бұйымдары, қосу кәбілдері және қосалқы бөлшектері;

      10) тасымалдағыш зымырандарды басқарудың автономдық жүйелерінің және ғарыш аппараттарын басқару жүйелерінің жерүсті аппаратурасы үшін бақылау-сынау приборлары;

      11) жерүсті астрономиялық-геодезиялық пункттердің аппаратурасы;

      12) бақылау-навигациялау пункттерінің аппаратурасы;

      13) навигациялық ақпаратты тұтынушылардың аппаратурасы;

      14) арнайы ақпаратты қабылдайтын жерүсті пункттерінің құралдары.

      7. Зымыран-ғарыш кешендер үшін құрауыш бөліктер мен жабдықтар:

      1) тасымалдағыш зымырандардың, екпіндеткіш блоктардың, ғарыш аппараттарының қозғалтқыштары, энергия қондырғылары, қосалқы жүйелері, агрегаттары және құрылғылары;

      2) қозғалтқыш-энергетикалық қондырғылар;

      3) гидравликалық, пневматикалық, электрлік арнайы құрылғылар мен агрегаттар;

      4) қосалқы жүйелер мен агрегаттар.

      8. Ғарыштық инфрақұрылымның жерүсті объектілерінің жұмыс істеуін және ғарыштық бағдарламаларды орындау барысында қатысушылардың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін жалпы өнеркәсіптік мақсаттағы өнім:

      1) ғарыш техникасы үшін электр машиналар;

      2) ғарыш техникасы үшін электр техникалық жабдықтар мен материалдар;

      3) арнайы мақсаттағы автоматтандыру приборлары мен құралдары;

      4) ғарыш техникасы үшін оптикалық приборлар мен аппаратура;

      5) санитарлы-техникалық арнайы мақсаттағы жабдық;

      6) ғарыш техникасы үшін электр радио бұйымдары;

      7) арнайы мақсаттағы радио байланыс, радиохабар тарату және телевизия құралдары;

      8) соңғы және аралық арнайы мақсаттағы сымды байланыс құралдары және радиобайланыс аппаратурасы;

      9) радиолокация құралы;

      10) радионавигациялық құралдар;

      11) ғарыш инфрақұрылымының жерүсті объектілері үшін оптикалық приборлар, аппаратура және электр магниттік сәулелендіргішті қабылдағыштар.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы 12 қазандағы
№ 1303 қаулысымен
бекітілген
нысан

Ғарыш қызметінің мақсаттары үшін ғарыш объектілері мен
жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің жабдықтарын
әкелу туралы растау
20 __ жылғы "___" _______________ № ______

      _____________________________________________________________________

      (ғарыш қызметі саласындағы уәкілетті орган)

      осы растауға қосымшада көрсетілген ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілерінің жабдықтары Ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін импорты қосылған құн салығынан босатылатын ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері жабдықтарының тізбесіне сәйкес ____________________________________________________

      (заңды тұлғаның атауы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі

      _____________________________________________________________________

      бар болса, бизнес сәйкестендіру нөмірі)

      _______________________________________ мақсатында жүзеге асырылатын

      (ғарыш қызметінің бағыты)

      ғарыш қызметі саласындағы __________________________________________

      (шарттың (келісімшарттың) атауы, нөмірі және күні)

      жобасының шеңберінде әкелінетінін растайды.

      Бұл растау "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 255-бабына сәйкес __________________________________.

      (салық немесе кеден органының атауы)

      ұсыну үшін дайындалды.

      Қосымша ___ парақта.

      Басшы ___________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      Қолы ____________________________

      Күні ____________________________

      М.О.

  Ғарыш қызметінің мақсаттары
үшін ғарыш объектілері мен жерүсті
ғарыш инфрақұрылымы
объектілерінің жабдықтарын
әкелу туралы растау нысанына
қосымша

Р/с

Ғарыш объектісінің, жерүсті ғарыш инфрақұрылымы жабдығының атауы

Өлшем бірлігі

Саны

Ғарыш қызметіне қатысушылар әкелетін импорты қосылған құн салығынан босатылатын ғарыш объектілері мен жерүсті ғарыш инфрақұрылымы объектілері жабдықтарының тізбесіндегі тармақшаның, тармақтың нөмірі

Ескертпе








      Басшы ___________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      Қолы ____________________________

      Күні ____________________________

      М.О.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады