Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1305 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 628 қаулысымен

«Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1305 қаулысына
БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ

      Осы қаулымен «Магистральдық құбыр туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 22 маусымдағы Заңының 5-бабының 9) тармақшасына сәйкес жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу тәртібі белгіленеді.
      Жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу үшін магистральдық құбыр салуды жүзеге асыруға ниеттенген тұлға (бұдан әрі – мүдделі тұлға) уәкілетті органға ТЭН-ді ұсынады.
      Уәкілетті орган ТЭН-ді алған күнінен бастап күнтізбелік отыз күннен кешіктірмей оны қарайды және жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісу туралы не келісуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
      Мүдделі тұлға жаңа магистральдық құбыр салу жобасының ТЭН-ін келіскеннен кейін жаңа магистральдық құбыр салу жобасын уәкілетті органға ұсынады.
      Уәкілетті органмен келісілген жаңа магистральдық құбыр салу жобасының ТЭН-нің, сондай-ақ жаңа магистральдық құбыр салу жобасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс істері жөніндегі уәкілетті орган берген мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысының болмауы уәкілетті органның жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келісуден бас тартуының негіздемесі болып табылады.
      Ескертулерді жойған жағдайда, уәкілетті орган жаңа магистральдық құбыр салу жобасын келіседі.

      Қазақстан Республикасының
      Мұнай және газ министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз