Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі С. Ахметов
Жоба
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне
еңбек көші-қоны мәселелері бойынша өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы
1-бап. Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1. 2007 жылғы 15 мамырдағы Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2007 ж., № 9, 65-құжат; № 19, 147-құжат; № 20, 152-құжат; № 24, 178-құжат; 2008 ж., № 21, 97-құжат; № 23, 114-құжат; 2009 ж., № 8, 44-құжат; № 9-10, 50-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 24, 122, 134-құжаттар,; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 10, 48-құжат; № 24, 146, 148-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2-3-құжаттар; № 11, 102-құжат; № 16, 128-құжат; 2012 ж., № 3, 26-құжат; № 4, 32-құжат; № 5, 41-құжат; № 6, 45-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 26-бабының 1-тармағының 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) Қазақстан Республикасы Үкіметі белгілеген тәртіппен шетелдік жұмыс күшін тартуға не шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға жергілікті атқарушы органның рұқсатын алғанға дейін не шетелдік қызметкерге халықтың көші-қоны мәселелері бойынша уәкілетті орган беретін жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат алғанға дейін немесе Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген шектеулерді немесе алып тастауларды сақтамай, Қазақстан Республикасы аумағында уақытша болатын шетелдіктермен және азаматтығы жоқ адамдармен;»;
2) 29-баптың 1-тармағында:
2) тармақшаның бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) осы баптың 1-тармағының 3), 4), 5) және 6) тармақшаларында белгіленген жағдайларды қоспағанда, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін.»;
мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
«6) шетелдік жұмыс күшін тартуға, шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға арналған жергілікті атқарушы орган рұқсатымен не болмаса халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган беретін шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсаттымен белгіленген мерзімі шегінде жасалуы мүмкін.»;
3) 31-баптың 1-тармағының 8) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«8) тұрғылықты жері не болмаса уақытша тұруы бойынша тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесі;».
2. «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2008 ж., № 22-І, 22-ІІ, 112-құжат; 2009 ж., № 2-3, 16, 18-құжат; № 13-14, 63-құжат; № 15-16, 74-құжат; № 17, 82-құжат; № 18, 84-құжат; № 23, 100-құжат; № 24, 134-құжат; 2010 ж., № 1-2, 5-құжат; № 5, 23-құжат; № 7, 28-29-құжаттар; № 11, 58-құжат; № 15, 71-құжат; № 17-18, 112-құжат; № 22, 130-132-құжаттар; № 24, 145, 146, 149-құжаттар; 2011 ж., № 1, 2, 3-құжаттар; № 2, 21-25-құжаттар; № 4, 37-құжат; № 6, 50-құжат; № 11, 102-құжат; № 12, 111-құжат; № 13, 116-құжат; № 14, 117-құжат; № 15, 120-құжат; № 16, 128-құжат; № 20, 151-құжат; № 21, 161-құжат; № 24, 196-құжат; 2012 ж., № 1, 5-құжат; № 2, 11, 15-құжаттар; № 3, 21, 22, 25, 27-құжаттар; № 4, 32-құжат; № 5, 35-құжат; № 6, 43, 44-құжаттар; № 8, 64-құжат; № 10, 77-құжат; № 11, 80-құжат; № 13, 91-құжат; № 14, 92-құжат):
1) 178-баптың 1-тармағының бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Егер осы Кодекстің осы бабында және 182, 184-бабында өзгеше белгіленбесе, салық кезеңіндегі төлем көзінен салық салынбайтын табыстар бойынша жеке табыс салығын есептеуді салық төлеуші, осы баптың 4 және 5-тармақтарында көрсетілген салық төлеушілерді қоспағанда, төлем кезінен салық салынбайтын тиісті табыстың салық салынатын сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен дербес жүргізеді.
2. 184-бапта:
1-тармақта:
3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«3) осы тармақтың 3-1) тармақшасында көзделген табыстарды қоспағанда, үй қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес жасасқан еңбек шарттары бойынша алынған табыстары;»;
мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«3-1) шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсаттың негізінде салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен жасасқан еңбек шарты бойынша алынған (алынуға жататын) еңбекші көшіп келуші - Қазақстан Республикасының резиденттерінің мынадай:
үй шаруашылығындағы жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден);
жылжымайтын мүлікті жөндеу бойынша қызметтерден түсетін табыстары.
Осы Кодекстің 6 және 7-тарауларының мақсатында еңбекші көшіп келушілер Қазақстан Республикасында визасыз үш айдан кем емес мерзімде болу мүмкіндігін көздейтін келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан елдердің азаматтары болып табылады;»;
мынадай мазмұндағы 2-1-тармағымен толықтырылсын:
«2-1. Еңбекші көшіп келуші-резиденттер осы баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша салық кезеңінің ішінде жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлеуді жүргізеді.
Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем республикалық бюджет туралы заңмен бекітілген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде еңбекші көшіп келуші-резиденттің шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсатты алу (ұзарту) туралы өтінішінде көрсетілген тиісті кезеңінде орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) әрбір айы үшін төленеді.
Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлеуді еңбекші көшіп келуші-резидент шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін болатын жері бойынша жүргізеді.
Осы баптың 1-тармағының 3-1) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша салық кезеңі аяқталғаннан кейін еңбекші көшіп келуші-резиденттер табыстың салық салынатын сомасына осы Кодексті 158-бабының 1-тармағында белгіленген ставканы қолдану жолымен жеке табыс салығы сомасын есептеуді жүргізеді.
Табысқа салық салынатын сома республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған ең төменгі жалақы мөлшеріндегі шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңде ай сайын жұмысты орындауға (жұмысты орындау) есептелген сомаға азайтылған жұмысты орындаудан (қызмет көрсетуден) алынған (алынуға тиісті) табыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Салық кезеңі ішінде бюджет еңбекші көшіп келуші-резидент төлеген алдын ала төлемдердің сомасы салық кезеңінде есептелген жеке табыс салығын төлеу есебіне есептеледі.
Салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша алдын ала төленген төлемдер сомасы есепті салық кезеңінде есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып түсу сомасы жеке табыс салығының артық төленген сомасы болып табылмайды және кері қайтарылуға немесе есептелуге жатпайды.
Егер салық кезеңі ішінде төленген жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңіндегі есептелген жеке табыс салығының сомасынан аз болған жағдайда, жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрініс табады және салық кезеңі қорытындысы бойынша декларацияға сәйкес жеке табыс салығын төлеуді еңбекші көшіп келуші-резидент осы Кодекстің 186-бабының 1-1-тармағында көзделген жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей болатын жері бойынша жүзеге асырады.»;
3) 186-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«186-бап. Декларацияны табыс ету мерзімдері
1. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында, Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде және «Сыбайлас жемкорлыққа қарсы күрес туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке табыс салығы бойынша декларация орналасқан (тұрғылықты) жердегі салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірілмей табыс етіледі.
2. Осы Кодекстің 184-бабының 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген табыстарды алған еңбекші көшіп келуші-резиденттер жеке табыс салығы бойынша декларацияны есепті салық кезеңіндегі есептелген жеке табыс салығы сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып түскен жағдайда табыс етеді.
Осы Кодекстің 184-бабының 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген табыстар бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны еңбекші көшіп келуші-резиденттер болатын жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
Бұл ретте, осы Кодекстің 184-бабының 1-тармағының 3-1) тармақшасында көзделген табыстарды салық кезеңі ішінде алған еңбекші көшіп келуші-резидент Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шыққан жағдайда, жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) сол адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығатын күніне дейін табыс етіледі.»;
4) 192-баптың 1-тармағы мынадай мазмұндағы 18-1) тармақшасымен толықтырылсын:
«18-1) шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсаттың негізінде салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғамен жасасқан еңбек шарты бойынша алынған (алынуға жататын) еңбекші көшіп келуші-резидент еместердің мыналардан:
үй шаруашылығындағы жұмыстарды орындаудан (қызметтер көрсетуден);
жылжымайтын мүлікті жөндеу бойынша қызметтерден түсетін табыстары;»;
5) 204, 205-баптар мынадай редакцияда жазылсын:
«204-бап. Резидент емес жеке тұлғаның табыстарына жекелеген
жағдайларда салық салу тәртібі
1. Осы баптың ережелері резидент емес жеке тұлғаның осы Кодекстің ережелеріне сәйкес салық агенті болып табылмайтын тұлғалардан Қазақстан Республикасындағы көздерден алған табыстарына қолданылады.
Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, резидент емес жеке тұлғаның осы баптың 1-тармағында көрсетілген табыстарынан жеке табыс салығын есептеу салық шегерімдері жүзеге асырылмай, табыстың есептелген сомасына осы Кодекстің 194-бабында белгіленген ставканы қолдану жолымен жүргізіледі.
3. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, жеке табыс салығын төлеуді резидент емес жеке тұлға салық кезеңінде жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс ету үшін белгіленген мерзімнен кейінгі күнтізбелік он күннен кешіктірмей дербес жүргізеді.
4. Осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағының 18-1) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша еңбекші көшіп келуші-резидент еместер салық кезеңі ішінде жеке табыс төлемі бойынша алдын ала төлемдерді төлеуді жүргізеді.
Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған айлық есептік көрсеткіштің 2 еселенген мөлшерінде шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсатты алу (ұзарту) туралы еңбекші көшіп келуші-резидент еместің өтінішінде көрсетілген тиісті кезеңде орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) әрбір айы үшін есептеледі.
Жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем төлеуді еңбекші көшіп келуші-резидент емес шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсатты алғанға (ұзартқанға) дейін болатын жері бойынша жүргізеді.
Осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағының 18-1) тармақшасында көрсетілген табыстар бойынша салық кезеңі аяқталғаннан кейін еңбекші көшіп келуші-резидент еместер табыстың салық салынатын сомасына осы Кодекстің 158-бабының 1-тармағында көрсетілген ставканы қолдану жолымен жеке табыс салық сомасын есептеуді жүргізеді.
Табыстың салық салынатын сомасы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болған шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсатта көрсетілген тиісті кезеңдегі орындалған жұмыстардың (көрсетілген қызметтердің) әрбір айы үшін есептелген ең төменгі жалақы мөлшеріндегі сомаға азайтылған жұмысты орындаудан (қызмет көрсетуден) алынған (алынуға тиісті) табыстардың сомасы ретінде айқындалады.
Салық кезеңі ішінде бюджетке еңбекші көшіп келуші-резидент емес төлеген алдын ала төлемдердің сомасы есепті салық кезеңінде есептелген жеке табыс салығын төлеу есебіне есептеледі.
Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша алдын ала төленген төлемдер сомасы есепті салық кезеңінде есептелген жеке табыс салығының сомасынан асып түскен жағдайда, мұндай асып түсу сомасы жеке табыс салығының артық төленген сомасы болып табылмайды және кері қайтарылуға немесе есептелуге жатпайды.
Егер салық кезеңі ішінде жеке табыс салығы бойынша алдын ала төленген төлемдердің сомасы есепті салық кезеңінде есептелген жеке табыс салығының сомасынан аз болған жағдайда, жеке табыс салығын есептеу жеке табыс салығы бойынша декларацияда көрініс табады және салық кезеңі қорытындысы бойынша декларацияға сәйкес жеке табыс салығын төлеуді еңбекші көшіп келуші-резидент емес осы Кодекстің 205-бабында көзделген жеке табыс салығы бойынша декларацияны табыс еткен мерзімнен кейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей болатын жері бойынша жүзеге асырады.
205-бап мынадай мазмұндағы бөлікпен толықтырылсын:
Осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген табыстарды алған еңбекші көшіп келуші-резидент еместер жеке табыс салығы бойынша декларацияны есепті салық кезеңінде есептелген жеке табыс салығы сомасы жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлемдер сомасынан асып түскен жағдайда табыс етеді.
Осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген табыстар бойынша жеке табыс салығы бойынша декларацияны еңбекші көшіп келуші-резидент еместер болатын жері бойынша салық органына есепті салық кезеңінен кейінгі жылдың 31 наурызынан кешіктірмей табыс етеді.
Бұл ретте, осы Кодекстің 192-бабының 1-тармағының 18-1) тармақшасында көзделген табыстарды салық кезеңі ішінде алған еңбекші көшіп келуші-резидент емес Қазақстан Республикасынан тысқары жерлерге шыққан жағдайда жеке табыс салығы бойынша декларация (декларациялар) сол адамның Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығатын күніне дейін табыс етіледі.»;
6) 583-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Егер осы бапта өзгеше белгіленбесе, лицензияларды, куәліктерді немесе рұқсат ету мен тіркеу сипатындағы өзге де құжаттарды беруді жүзеге асыратын уәкілетті органдар лицензиялар, куәліктер немесе рұқсат ету мен тіркеу сипатындағы өзге де құжаттар берілген (тоқтатылған) салық төлеушілер және бюджетке басқа да міндетті төлемдер алынатын (өндіріліп алынатын) объектілер туралы мәліметтерді осы Кодекстің 19-бөлімінде белгіленген тәртіп пен мерзімде және уәкілетті орган белгілеген нысандар бойынша өздерінің орналасқан жеріндегі салық қызметі органдарына табыс етуге міндетті.
Шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсаттарды беруді жүзеге асыратын халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органдар шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсат берілген салық төлеушілер туралы мәліметтерді уәкілетті орган белгілеген тәртіппен, мерзімде және нысандар бойынша өздерінің орналасқан жеріндегі салық қызметі органдарына табыс етуге міндетті.».
3. «Халықтың көші-қоны туралы» 2011 жылғы 22 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2011 ж., № 16, 127-құжат; 2012 ж., № 5, 41-құжат; № 8, 64-құжат; № 15, 97-құжат):
1) 1-бап мынадай мазмұндағы 29) тармақшамен толықтырылсын:
«29) шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсат - жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыру үшін халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшелері көшіп келушіге беретін белгіленген нысандағы құжат;»;
2) 9-бап мынадай мазмұндағы 25-1) тармақшамен толықтырылсын:
«25-1) көшіп келушілерге еңбек жөніндегі уәкілетті орган бөлген квота шегінде тиісті әкімшілік-аумақтық бөлініс аумағында жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға рұқсат береді;»;
3) 35-баптың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жұмысқа орналасуға арналған рұқсаттың, шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсаттың немесе жұмыс берушінің шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін Қазақстан Республикасының аумағынан кету үшін қажетті өзінің төлем қабілеттілігінің растамасын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мөлшерде ұсынуға;»;
4) 36-баптың 4-тармағы мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсаттың негізінде еңбек қызметін жүзеге асыратын көшіп келушілерге уақытша тұруға арналған рұқсатты халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті орган осы рұқсаттың жарамдылық мерзіміне ұзартады.»;
5) 37-баптың 4, 5 және 6-тармақтары мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Қазақстан Республикасына шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квотаны белгілеудің тәртібін, шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға рұқсатты, жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсатын немесе жұмыс берушілерге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты берудің шарттары мен тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
5. Шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсаты Қазақстан Республикасында үш айдан кем емес мерзімде визасыз болу мүмкіндігін көздейтін, келудің және болудың визасыз тәртібі туралы Қазақстан Республикасымен келісім жасасқан елдердің азаматтарына беріледі.
Шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсат көшіп келушімен үй шаруашылығындағы жұмысты (қызмет көрсету), сондай-ақ салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғалардың жылжымайтын мүлікті жөндеу бойынша қызметті орындауын көздейтін еңбек шартын жасасу үшін негіз болып табылады. Жеке тұлғада бестен астам шетелдік қызметкердің бір уақытта еңбек қызметін жүзеге асыруына жол берілмейді.
Шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсат жеке табыс салығы бойынша алдын ала төлем жасағанын растайтын құжат табыс етілген кезде ресімделеді.
Шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсат көшіп келушінің рұқсат беру туралы өтініште көрсетілген мерзімге ресімделеді және бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін.
Көшіп келушінің өтініші бойынша шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсат өтініште көрсетілген мерзімге бірнеше рет ұзартылады және бір, екі немесе үш айды құрауы мүмкін. Шетелдік қызметкерге жеке тұлғаларда еңбек қызметін жүзеге асыруға арналған рұқсаттың қолданылу мерзімінің ең ұзақ кезеңі он екі айдан аспауы тиіс.
6. Осы Заңның шетелдік жұмыс күшін квоталау туралы және шетелдік қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушіге шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған рұқсатты беру туралы нормалары «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген жағдайларда қолданылмайды.».
2-бап. Осы Заң алғаш ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті