Кепіл мүлікті бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу есебіне мемлекеттік меншікке айналдыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1344 Қаулысы

      БАСПАСӨЗ РЕЛИЗІ

      Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 192-бабына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданында орналасқан «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» және «Су қорларын басқару және жерді қалпына келтіру» жобалары бойынша кепіл заттары болып табылатын мүлік қарыз алушылардың бюджеттік кредиттері бойынша міндеттемелерін өтеу есебіне мемлекеттік меншікке айналдырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірлесіп, бір ай мерзімде осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2012 жылғы 24 қазандағы
№ 1344 қаулысына 
қосымша      

Қарыз алушылардың тізбесі

      1. «Береке» су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативі.
      2. «Бірлік» су пайдаланушылар қауымдастығы.
      3. «Ата-су» су пайдаланушылар қауымдастығы.
      4. «Мұрат» су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативі.
      5. «Ағын су» су пайдаланушылар қауымдастығы.
      6. «Тойжан» су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативі.
      7. «Адамбек-су» су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативі.
      8. «Кетебай» су пайдаланушылардың ауылдық тұтыну кооперативі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады