Кепіл мүлікті бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу есебіне мемлекеттік меншікке айналдыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1344 Қаулысы

«Бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу есебіне кепіл мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 24 қазандағы № 1344 қаулысы туралы» баспасөз-релизі

      «Бюджеттік кредит бойынша берешекті өтеу есебіне кепіл мүлікті мемлекеттік меншікке айналдыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 192-бабына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 29 ақпандағы № 220 қаулысының 592-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының экономикасын жаңғырту жөніндегі мемлекеттік комиссияның 2009 жылғы 30 қазандағы № 11-5/011-25 шешімін іске асыру үшін әзірленді.
      «Ирригациялық және дренаждық жүйелерді жетілдіру» және «Су қорларына иелік және жерді қалпына келтіруді басқару» жобалары бойынша Оңтүстік Қазақстан облысының Мақтаарал ауданындағы соңғы қарыз алушылардың республикалық бюджет алдындағы міндеттемелерін орындау қаулыны қабылдаудың мақсаты болып табылады, қаулы қабылданғаннан кейін бір айлық мерзімде ирригациялық (жер суару) және дренаждық жүйелерді мемлекеттік меншікке беру туралы келісімдер жасалады. Көрсетілген мүлік «Қазсушар» РМК Оңтүстік Қазақстан филиалының теңгеріміне берілетін болады, бұл арналарды тазартуды және жер асты суының деңгейін бақылауды сапалы және уақтылы жүргізуге мүмкіндік береді.
      Қазіргі уақытта Қаулы ресми жариялану сатысында.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрлігі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз