Өңірлік іс-шаралар жоспарларына қосылған өңірлер экономикаларының қолда бар өсу резервтерін іске асыру жөніндегі 2012-2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 1363 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қыркүйектегі № 801 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.09.2015 № 801 қаулысымен.

      «Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың 2020 жылға дейінгі болжамды схемасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 21 шілдедегі № 118 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Өңірлік іс-шаралар жоспарларына қосылған өңірлер экономикаларының қолда бар өсу резервтерін іске асыру жөніндегі 2012 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – Жоспар) бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар Жоспардың іс-шараларын қолданыстағы мемлекеттік, салалық бағдарламаларға және аумақтарды дамыту бағдарламаларына енгізуді қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі Жоспардың орындалуын үйлестіруді қамтамасыз етсін.
      4. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар Жоспарда көзделген іс-шаралардың іске асырылуын қамтамасыз етсін және жыл сайын 15 қаңтарға және 15 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігіне оның орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      5. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі жыл сайын, 25 қаңтарға және 25 шілдеге қарай Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне Жоспардың орындалу барысы туралы ақпарат берсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                  С. Ахметов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің    
2012 жылғы 29 қазандағы
№ 1363 қаулысымен
бекітілген    

Өңірлік іс-шаралар жоспарларына қосылған өңірлер
экономикаларының қолда бар өсу резервтерін іске асыру
жөніндегі 2012 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар
жоспары

Р/с

Іс-шаралардың атауы

Аяқталу нысаны

Орындауға (іске асыруға) жауаптылар

Орындау (іске асыру) мерзімі

1

2

3

4

5

1.

Өңірлер экономикаларының өсу резервтеріне одан әрі талдау жүргізу және оларды өсу резервтерін пайдалану бойынша өңірлердің іс-шаралар жоспарларына, мемлекеттік және салалық бағдарламаларға, аумақтарды дамыту бағдарламаларына енгізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу

ЭДСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ЭДСМ, ИЖТМ, ККМ, АШМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), ұлттық және жүйе құрушы компаниялар

Жыл сайын қаңтар, шілде

2.

Өңірлер экономикаларының қолда бар өсу резервтерін пайдалану бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарларын іске асыру

ЭДСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ЭДСМ, ИЖТМ, ККМ, АШМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), ұлттық және жүйе құрушы компаниялар

Жыл сайын қаңтар, шілде

3.

Өңірлер экономикаларының қолда бар өсу резервтерін пайдалану бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарларының іске асырылу барысын Өңірлік саясат мәселелері бойынша ведомствоаралық комиссияның отырыстарында қарау

ВАК хаттамасы

ЭДСМ

Жыл сайын

1. Өнеркәсіпті дамыту

4.

Өңірлер экономикаларының қолда бар өсу резервтерін пайдалану бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарларына қосылған іс-шаралар бойынша салалық және өңіраралық өнеркәсіп кооперация, жергілікті қамтудың өсуі, лизингтің дамуы есебінен істеп тұрған кәсіпорындардың жұмыс көлемін ұлғайтуды қамтамасыз ету

ЭДСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ЭДСМ, ИЖТМ, АШМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), ұлттық және жүйе құрушы компаниялар

Жыл сайын қаңтар, шілде

5.

Өңірлер экономикаларының қолда бар өсу резервтерін пайдалану бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарларына қосылған іс-шаралардың шеңберінде жергілікті қамтуды дамытудың салалық бағдарламасының аясында машина жасау саласының кәсіпорындарында импорталмастырушы өнімнің жаңа түрлерін игеру бойынша шаралар қабылдау

ЭДСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ЭДСМ, ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), ұлттық және жүйе құрушы компаниялар

Жыл сайын қаңтар, шілде

6.

Өңірлер экономикаларының қолда бар өсу резервтерін пайдалану бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарларына қосылған іс-шаралар бойынша бұрынғы өнеркәсіп алаңдарының жұмыс істеп тұрған және тұрып қалған инфрақұрылымдардың әлеуетін пайдалану бойынша шаралар қабылдау

ЭДСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), ұлттық және жүйе құрушы компаниялар

жыл сайын қаңтар, шілде

7.

Өңірлер экономикаларының қолда бар өсу резервтерін пайдалану бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарларына қосылған іс-шаралардың шеңберінде пайдалы қазбалардың кен орындарын жете барлау және айналымға тарту, өнеркәсіп қалдықтарын, байыту фабрикаларының қалдықтарын қайтадан пайдалану бойынша шаралар қабылдау

ЭДСМ-ге ақпарат

ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), ұлттық және жүйе құрушы компаниялар, облыстардың әкімдері

Жыл сайын қаңтар, шілде

8.

Өңірлер экономикаларының қолда бар өсу резервтерін пайдалану бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарларына қосылған іс-шаралардың аясында БЭК шеңберіндегі халықаралық кооперацияны дамыту

ЭДСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ЭДСМ, ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), ұлттық және жүйе құрушы компаниялар

Жыл сайын қаңтар, шілде

2. Ауыл шаруашылығын дамыту

9.

Өңірлер экономикаларының қолда бар өсу резервтерін пайдалану бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарларына қосылған іс-шаралардың шеңберінде пайдаланылмай жатқан жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту есебінен жерлерді ұтымды пайдалану бойынша шаралар қабылдау

ЭДСМ-ге ақпарат

Облыстардың әкімдері, ЖРБА, АШМ

Жыл сайын қаңтар, шілде

10.

Өңірлер экономикаларының қолда бар өсу резервтерін пайдалану бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарларына қосылған іс-шаралардың шеңберінде жоғары өнімді асыл тұқымды малдың үлесін арттыру, сондай-ақ репродуктор шаруашылықтары мен фермерлік шаруашылықтарды құру және отарлық мал шаруашылығын қалпына келтіру арқылы экспорттық әлеуетті дамыту есебінен мал шаруашылығы өнімінің көлемін арттыруды қамтамасыз ету

ЭДСМ-ге ақпарат

Облыстардың әкімдері, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), АШМ

Жыл сайын қаңтар, шілде

11.

Өңірлер экономикаларының қолда бар өсу резервтерін пайдалану бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарларына қосылған іс-шаралардың шеңберінде суармалы жерлердің аумақтарын ұлғайту, ғылыми-негізделген егістік айналымын және ылғал сақтаушы технологияларды енгізу есебінен мал азығын және майлы дақылдарды егуді кеңейтумен егістік алқаптарды әртараптандыру бойынша шаралар қабылдау

ЭДСМ-ге ақпарат

Облыстардың әкімдері, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), АШМ

Жыл сайын қаңтар, шілде

12.

Өңірлер экономикаларының қолда бар өсу резервтерін пайдалану бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарларына қосылған іс-шаралардың шеңберінде қосылған құны жоғары өнімді шығару үшін ауыл шаруашылығының қайта өңдеу секторын дамыту бойынша шаралар қабылдау

ЭДСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, АШМ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), ұлттық және жүйе құрушы компаниялар

Жыл сайын қаңтар, шілде

13.

Өңірлер экономикаларының қолда бар өсу резервтерін пайдалану бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарларына қосылған іс-шаралардың шеңберінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында көкөніс қоймаларын, жылыжайларды салу бойынша шаралар қабылдау

ЭДСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, АШМ, «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), ұлттық және жүйе құрушы компаниялар

Жыл сайын қаңтар, шілде

3. Қызметтер

14.

Өңірлер экономикаларының қолда бар өсу резервтерін пайдалану бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарларына қосылған іс-шаралардың шеңберінде көлік-логистикалық орталықтарын құру бойынша шараларды іске асыру

ЭДСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ККМ, ИЖТМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), ұлттық және жүйе құрушы компаниялар

Жыл сайын қаңтар, шілде

15.

Өңірлер экономикаларының қолда бар өсу резервтерін пайдалану бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарларына қосылған іс-шаралардың шеңберінде өңіраралық тауарөткізу жүйелерін құру бойынша шаралар қабылдау

ЭДСМ-ге ақпарат

ИЖТМ, АШМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), ұлттық және жүйе құрушы компаниялар, Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері

Жыл сайын қаңтар, шілде

16.

Өңірлер экономикаларының қолда бар өсу резервтерін пайдалану бойынша өңірлік іс-шаралар жоспарларына қосылған іс-шаралардың шеңберінде сервистік және қызмет көрсету өндірісін дамыту бойынша шаралар қабылдау

ЭДСМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, ЭДСМ, ИЖТМ, АШМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ»АҚ (келісім бойынша), «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ (келісім бойынша), ұлттық және жүйе құрушы компаниялар

Жыл сайын қаңтар, шілде

      Аббревиатуралардың толық жазылуы:
      АШМ        – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы
                   министрлігі
      ИЖТМ       – Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа
                   технологиялар министрлігі
      ККМ        – Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация
                   министрлігі
      ЭДСМ       – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және
                   сауда министрлігі
      ЖРБА       – Қазақстан Республикасы Жер ресурстарын басқару
                   агенттігі
      «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ – «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат
                   қоры» акционерлік қоғамы
      «ҚазАгро» ҰБХ» АҚ – «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі»
                   акционерлік қоғамы
      ВАК        – Өңірлік саясат мәселелері бойынша ведомствоаралық
                   комиссия

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады